Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 04 мамырдағы № 4 «Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Бұлақты ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-171 тіркелген, 2012 жылғы 31 мамырдағы аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «аула», «аульного» сөздері «села», «сельского» сөздерімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егіндібұлақ ауылдық округінің |
А.Ниязбаев |