Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Бұлақты ауылының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 28 мамырда № 3-9-171 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "аула", "аульного" сөздері "села", "сельского" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімінің 10.11.2014 № 9 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бұлақты ауылы халқының пікірін ескере отырып, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімінің 10.05.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Бұлақты ауылының көшелеріне келесідей атаулар берілсін.
      № 1 көшеге - Полтинников Карп Федорович;
      № 2 көшеге - Төлеу Алдабергенов;
      № 3 көшеге - Ідіріс Алмашұлы Ермағанбетов;
      № 4 көшеге - Бұлақты;
      № 5 көшеге - Жем;
      № 6 көшеге – Тәнтісай;
      № 7 көшеге - Бейбітшілік;
      № 8 көшеге – Қаракөл;
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Егіндібұлақ ауылдық округінің
      әкімі А.Е.Ниязбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады