Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 98 "Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3566 тіркелген, 2013 жылдың 30 сәуірінде аудандық "Хромтау" газетінің № 25-26 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1 тармақтағы 2 азат жолы бөлігіндегі "8" деген цифр "5" деген цифрмен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Б. Ашабаев | Д. Молдашев |