2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 4138 болып тіркелді. 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Хромтау ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарын тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын, тіркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Аспеновке жүктелсін.
      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Усмангалиев

Об организации и обеспечении проведения приписки к призывному участку в 2015 году

Решение акима Хромтауского района Актюбинской области от 19 декабря 2014 года № 13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 29 декабря 2014 года № 4138. Срок действия решения - до 1 января 2016 года

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года № 561-IV "О воинской службе и статусе военнослужащих", постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2012 года № 859 "Об утверждении Правила ведения воинского учета военнообязанных и призывников" аким района РЕШИЛ:
      1. Организовать и обеспечить проведение приписки к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Хромтауского района Актюбинской области" граждан Республики Казахстан мужского пола 1998 года рождения, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, а также граждан старших возрастов, не прошедших ранее приписку, проживающих постоянно или временно на территории Хромтауского района, в период с января по март 2015 года.
      2. Начальнику государственного учреждения "Отдел по делам обороны Хромтауского района Актюбинской области" (по согласованию) принять меры по обеспечению организованного проведения приписки граждан к призывному участку, о результатах приписки информировать акима района к 10 апреля 2015 года.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Аспенова Н.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А.Усмангалиев