1. 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезеңде "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1998 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, Хромтау ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарын тіркеуден өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын, тіркеу қорытындысы туралы 2015 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Аспеновке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Усмангалиев |