Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал ауылдық округінің әкімінің 05.06.2014 № 03 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Хромтау аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторының 2014 жылғы 04 сәуірдегі № 15-4/63 ұсынысы негізінде Табантал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Табантал ауылдық округінің Коптоғай ауылының «Живагропром Коптоғай» жеке шаруа қожалығында ұсақ мүйізді мал арасында листериоз ауруы анықталуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Ж.Мулбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Табантал ауылдық округінің әкімі Ш.Калиева