1. Тоғыз селолық округі әкімінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 7 «Тоғыз селолық округіне қарасты Тоғыз стансасындағы көше атауларын қалыптастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-89 болып тіркелген, 2009 жылғы 05 қаңтардағы «Шалқар» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көшелерге атау беру туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысы» деген сөздер алынып тасталсын.
мемлекеттік тіліндегі шешімнің бүкіл мәтін бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоғыз ауылдық округінің әкімі | А. Жақанов |