1. Тоғыз селолық округі әкімінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 3 «Тоғыз селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-115 болып тіркелген, 2009 жылғы 09 қыркүйекте «Шалқар» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысы» деген сөздер алынып тасталсын.
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоғыз ауылдық округінің әкімі | А. Жақанов |