РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 8-тармағына сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2014 жылға арналған су беру жөніндегі субсидия көлемдері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А. Көшкімбаев) жергілікті бюджеттен субсидиялауды жүзеге асырсын.
3. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2014 жылға арналған су беру жөніндегі субсидия көлемін айқындау туралы" облыс әкімінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 3-3 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік Тізілімінде № 2337 Тіркелген, облыстық "Жетісу" газетінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 46-47 және "Огни Алатау" газетінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 46-47 жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұсаханов |
Облыс әкімінің 2014 жылғы "02" маусым "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2014 жылға арналған су беру жөніндегі субсидия көлемін айқындау туралы" № 2-6 шешіміне қосымша |
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2014 жылға арналған
суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау
№ рс | Аудан, қала атаулары | Берілетін су көлемі, млн м3 | Жоспарланған субсидия көлемі, мың теңге |
1 | Ақсу | 30,0 | 500,0 |
2 | Алакөл | 115,0 | 2000,0 |
3 | Балқаш | 517,1 | 35 583,9 |
4 | Еңбекшіқазақ | 350,0 | 3600,0 |
5 | Ескелді | 18,0 | 100,0 |
6 | Жамбыл | 25,1 | 135 284,1 |
7 | Іле | 42,5 | 2 586,0 |
8 | Қарасай | 4,5 | 300,0 |
9 | Қаратал | 160,0 | 8 000,0 |
10 | Көксу | 150,0 | 5500,0 |
11 | Панфилов | 278,3 | 9500,0 |
12 | Сарқан | 98,0 | 3 528,0 |
13 | Талғар | 17,5 | 770,0 |
14 | Ұйғыр | 19,6 | 1 100,0 |
15 | Қапшағай | 68,0 | 318 000,0 |
16 | Талдықорған | 7,7 | 450,0 |
Облыс бойынша, барлығы: | 1901,3 | 526802,0 |