Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 02.06.2014 N 2-6 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 237 қаулысымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау" ережесінің 8-тармағына сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2013 жылға арналған су беру жөніндегі субсидия көлемдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Б.Әлиев) жергілікті бюджеттен субсидиялауды жүзеге асырсын.
3. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2013 жылға арналған су беру жөніндегі субсидия көлемін айқындау туралы" облыс әкімінің 2012 жылғы 16 қазандағы N 11-10 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2151 нөмірімен тіркелген, облыстық "Жетісу" газетінің 2012 жылғы 23 қазандағы N 120 және "Огни Алатау" газетінің 2012 жылғы 23 қазандағы N 120 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Досымбековке жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
КЕЛІСІЛДІ:
Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы Әлиев Бағдат Байшалұлы
04 наурыз 2013 жыл
Облыс әкімінің 2013 жылғы
04 наурыздағы "Ауыл шаруашылығы
тауарын өндірушілерге 2013 жылға
арналған су беру жөніндегі
субсидия көлемін айқындау
туралы" N 3-3 шешіміне қосымша
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2013 жылға арналған
суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау көлемі
N р/с |
Аудан, қала атаулары |
Берілетін су |
Жоспарланған |
1 |
Ақсу |
12,5 |
376,0 |
2 |
Алакөл |
61,5 |
2 153,0 |
3 |
Балқаш |
410,5 |
25 450,0 |
4 |
Еңбекшіқазақ |
368,5 |
4 750,0 |
5 |
Ескелді |
63,0 |
950,0 |
6 |
Жамбыл |
17,5 |
116 402,0 |
7 |
Іле |
35,5 |
1 785,0 |
8 |
Қарасай |
2,8 |
167,0 |
9 |
Қаратал |
110,0 |
6 000,0 |
10 |
Көксу |
30,5 |
1 550,0 |
11 |
Панфилов |
180,0 |
9 000,0 |
12 |
Сарқан |
98,0 |
3 350,0 |
13 |
Талғар |
20,5 |
1 190,0 |
14 |
Ұйғыр |
19,0 |
800,0 |
15 |
Қапшағай |
68,0 |
318 000,0 |
16 |
Талдықорған |
8,0 |
415,0 |
Облыс бойынша, барлығы: |
1 506,0 |
492 338,0 |