РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11- бабының 4) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Еңбекшіқазақ ауданы Евгенемаловодное ауылдық округі мен Маловодное ауылының атауы Бәйдібек би ауылдық округі және Бәйдібек би ауылы деп қайта аталсын.
2.
Осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
3.
Осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат |
Қ. Қожабеков |