Алматы облысының кейбір әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 40-230 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 453 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 29 желтоқсанда № 2990 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11- бабының 4) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшіқазақ ауданы Евгенемаловодное ауылдық округі мен Маловодное ауылының атауы Бәйдібек би ауылдық округі және Бәйдібек би ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Әлтайұлы Өнербаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.
      3. Осы бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      Облыс әкімі
      Облыстық мәслихаттың
      Хатшысы

Қ. Қожабеков
А. Баталов
 
Е. Келемсеиіт

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады