РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Қала әкімі | Е. Алпысов |
Талдықорған қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Елді мекеннің атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (тенге) | ||
Талдықорған қаласы | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар |
1848-2393 | 150-150 | 20635-21352 | 8094-9407 |
кестенің жалғасы
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың бір айға төлемақы мөлшері (тенге) | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (тенге) | ||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар |
12964-13250 | 9000-9000 | 16551-18105 | 8129-9408 |