Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы N 7-265 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 18 сәуірде N 2677 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 01 қазандағы № 27-990 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 01.10.2015 № 27-990 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Қала әкімі Е. Алпысов

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2014 жылғы "17" наурыз "Талдықорған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" N 7-265 қаулысына қосымша

Талдықорған қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Елді мекеннің атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (тенге)
Талдықорған қаласы
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар
1848-2393
150-150
20635-21352
8094-9407

      
      кестенің жалғасы

Мектепке дейінгі ұйымдарда
ата-аналардың бір айға төлемақы мөлшері (тенге)
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (тенге)
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар
Балабақша
Мектеп жанындағы толық күн қатысатын
шағын орталықтар
12964-13250
9000-9000
16551-18105
8129-9408

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады