Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 13.12.2017 № 993 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері және Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сүгіров Ілияс Сейтбекұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Таубаев |
Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері және Қапшағай қаласы
бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және
ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Елді мекеннің атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (тенге) | ||
Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері және Қапшағай қаласы | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын -орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын -орталықтар |
1750-1750 | 575-575 | 14733-15244 | 10680-12389 |
кестенің жалғасы
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге) | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (тенге) | ||
Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын -орталықтар | Балабақша | Мектеп жанындағы толық күндік шағын -орталықтар |
10000-10000 | 8000-10000 | 14787-15674 | 10823-12555 |