Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 993 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 29 желтоқсанда № 4461 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 848 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 29.11.2018 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6–бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы "Заречный, Шенгельді ауылдық округтері және Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" №384 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2758 тіркелген, қалалық "Бизнес Дайджест Капшағай" газетінде 2014 жылдық 10 маусымында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Нұрғазиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Т. Қайнарбеков

  Қапшағай қаласы әкімдігінің 2017 "13" желтоқсандағы "Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" № 993 қаулысына қосымша

Қапшағай қаласында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері


р/с

Атауы

Мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту ұйымдарының
тәрбиеленушілер
саны

Мектепке дейінгі ұйымдар
ата-аналарының бір айдағы бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге)

3 жасқа дейін

3 жастан- 7 жасқа дейін

1

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақдидар" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

370

-

11778,7

2

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдаурен" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

50

-

11778,7

3

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балауса" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

175

-

11778,7

4

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

50

-

11778,7

5

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Искорка" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

50

-

11778,7

6

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Гүлдер" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

50

-

11778,7

7

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Уәлиханов атындағы № 2 гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

50

-

11778,7

8

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Орта мектеп- гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

125

-

11778,7

9

Қапшағай қаласының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің "№ 3 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

50

-

11778,7

10

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

100

-

11778,7

11

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбұлақ ауылындағы № 8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

25

-

11778,7

 
12

"Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 4 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

50

-

11778,7

13

Жеке кәсіпкер "Черкашина Н.Б."

100

-

11778,7

14

Жеке кәсіпкер "Трофимов М.С."

80

-

11778,7

15

"Мектепке дейінгі даярлау орталығы "Болашақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

-

11778,7

16

"Бэбисити 1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

-

11778,7

17

Жеке кәсіпкер "Арсен"

40

-

11778,7

 
18

"Образовательный центр Теремок" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

-

11778,7

19

Жеке кәсіпкер "Акуна Матата"

40

-

11778,7

      Ескертпе:

      1) Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланаы күтіп-бағу үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшы белгілейді.

      2) Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады