Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Балқаш ауданы Балатопар селолық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Балатопар селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балатопар селолық округіндегі Балатопар ауылының "Балқаш" көшесі "Ыдырыс Аманжолұлы" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзімде қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Қамаубаев |