Балатопар селолық округі Балатопар ауылының "Балқаш" көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы Балатопар селолық округ әкімінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 12-9 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2015 жылы 29 қаңтарда № 3011 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Балқаш ауданы Балатопар селолық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Балатопар селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Балатопар селолық округіндегі Балатопар ауылының "Балқаш" көшесі "Ыдырыс Аманжолұлы" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзімде қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Қ. Қамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады