Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бақанас ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бояулы ауылының солтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Сабырбайұлы Молдақасым", оңтүстігінде орналасқан екінші көшеге "Оразбаева Қанапия", батысында орналасқан үшінші көшеге "Нарбайұлы Байділда", шығысында орналасқан төртінші көшеге "Шектібаев Бүйрекбай" атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Д. Садықбаев |