Бақанас ауылдық округінің Бояулы ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округ әкімінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 07-12 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 ақпанда № 3024 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бақанас ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бояулы ауылының солтүстігінде орналасқан бірінші көшеге "Сабырбайұлы Молдақасым", оңтүстігінде орналасқан екінші көшеге "Оразбаева Қанапия", батысында орналасқан үшінші көшеге "Нарбайұлы Байділда", шығысында орналасқан төртінші көшеге "Шектібаев Бүйрекбай" атаулары берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Д. Садықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады