Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 15.10.2014 № 42-232 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 – тармағының 15) - тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабының 5 - тармағына сәйкес, Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Ескелді ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет саласы және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.