РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұлтусын Амангелдіқызы Бархиноваға жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Дәуренбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Қарасай ауданының | |
білім бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Назарбаева Айжан Нұрділдақызы |
Қарасай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Аудан атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер- дің саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (тенге) | Мектепке дейінгі ұйымдарында ата-аналардың бір айға төлемақы мөлшері (тенге) | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (тенге) | ||||
Қарасай ауданы | Бала- бақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталық- тар | Бала- бақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар | Бала- бақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталықтар | Бала- бақша | Мектеп жанындағы толық күн қатысатын шағын орталық- тар |
1150 | 325 | 18011 | 7684 | 11112 | 11112 | 18011 | 7684 |