РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2331 қаулысына сәйкес және "Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу Жоспарын бекіту туралы" 2014 жылдың 26 наурызындағы Алматы облысы әкімдігінің № 71 қаулысын орындау мақсатында Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Панфилов ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ерғали Нүсіпбекұлы Саурамбаев), Панфилов ауданы әкімдігінің ветеринариялық пункттері бар "Ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Умирбаев Ербосын Нурбекович) және ауылдық округтер әкімдері ведомостволық бағыныстылықтағы аумақтарда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шухрат Бурхандинұлы Құрбановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Абдулдаев |
Панфилов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "22" қыркүйектегі "Панфилов ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу туралы" № 975 қаулысына қосымша |