Панфилов ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және өткізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 маусымдағы № 404 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 03 шілдеде № 3255 болып тіркелді. Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 453 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 31.08.2016 № 453 қаулысымен.
      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына, "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 2331 қаулысына сәйкес және "2015 жылға арналған Алматы облысы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу жоспарын бекіту туралы" 2015 жылғы 12 ақпандағы № 74 Алматы облысы әкімдігінің қаулысын орындау мақсатында, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Панфилов ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын және өткізілсін.
      2. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Саурамбаев Ерғали Нүсіпбекұлы), Панфилов ауданы әкімдігінің ветеринариялық пунктері бар "Ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Умирбаев Ербосын Нұрбекұлы) және ауылдық округтер әкімдері ведомстволық бағыныстылықтағы аумақтарда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін.
      3. Панфилов ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 22 қыркүйектегі "Панфилов ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2014 жылы 14 қазанда № 2867 енгізілген, "Жаркент өңірі" газетінде 2014 жылы 24 мамырда № 22 жарияланған) № 975 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шухрат Бурхандинұлы Құрбановқа жүктелсін.
      5. "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Саурамбаев Ерғали Нүсіпбекұлы) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Панфилов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "03" маусымдағы "Панфилов ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және өткізу № 404 қаулысына қосымша

Р\с
Ауылдық округ атауы
Бірдейлендіруге жататын ауыл шаруашылығы жануарларының нақты саны (басы)
Ветеринариялық рәсімдеумен ауыл шаруашылық жануарларының сызбалары
Бірдейлендіру нәтижесін компьютерлік мәліметтер базасына енгізу
 
Бірдейлендіруді жүргізу бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғаның атауы
Жергілікті атқарушы органдарға жататын орындаушылар
Ірі қара
Ұсақ мал
Жылқы
Түйе
Шошқа
Басталу мерзімі
Аяқталу мерзім
Басталу мерзімі
Аяқталу мерзім
Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы ветеринариялық пункттері бар "Ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
 
1
Жаркент
1131
1950
34
 
32
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
Жаркент қаласының ветеринариялық пункт меңгерушісі
2
Басқұнша
1268
7830
320
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
Басқұнша ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
3
Пиджим
1470
7600
280
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
Пиджим ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
4
Бірлік
1248
7190
179
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
Бірлік ауылдық округі ветеринариялық пункт меңгерушісі
5
Үлкеншыған
1625
6120
155
1
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
Үлкеншыған ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
6
Жаскент
241
1560
58
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
Жаскент ауылдық округінің ветеринариялық пункт
7
Талды
1040
7920
311
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
 
Талды ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
8
Сарыбел
1294
6260
230
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
 
Сарыбел ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
9
Шолақай
1625
6270
171
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
 
Шолақай ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
10
Үшарал
2849
5260
346
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
 
Үшарал ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
11
Көктал
3143
13120
295
3
14
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
 
Көктал ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
12
Үлкенағаш
1232
7290
180
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
 
Үлкенағаш ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
13
Айдарлы
1365
7860
150
 
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
 
Айдарлы ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
14
Қоңырөлен
2592
17170
425
24
 
15.03.2015
31.12.2015
15.03.2015
31.12.2015
 
Қоңырөлең ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі
 
Барлығы
22123
103400
3134
28
46
 
 
 
 
 
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады