РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы "Талғар аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 28-155 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 20 наурызда 2621 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 04 сәуірде "Талғар" газетінде № 14 (4101) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Р.С. Босқынбаев |
Аудандық мәслихат | |
хатшысы | Д.К. Тебериков |