Талғар қаласының "8-Март" көшесін қайта атау туралы

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 05 тамыздағы № 08-1252 қаулысы және Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 тамыздағы № 34-195 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 2856 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Талғар қаласы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талғар қаласының "8-Март" көшесі "Төре Миразұлы" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлына (келісім бойынша) жүктелсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Р. Садықова

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Е. Бегімбетов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Теберіков

О переименовании улицы "8 Марта" города Талгар

Постановление акимата Талгарского района Алматинской области от 05 августа 2014 года № 08-1252 и решение Талгарского районного маслихата Алматинской области от 05 августа 2014 года № 34-195. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 16 сентября 2014 года № 2856

      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5-1) статьи 12 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" и учитывая мнения населения города Талгар, на основании заключения областной ономастической комиссии, акимат Талгарского района ПОСТАНОВЛЯЕТ и Талгарский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Переименовать улицу "8 Марта" в городе Талгар на улицу "Торе Миразулы".
      2. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления и решения возложить (по согласованию) заместителю акима района Кыдырбек-улы Дарменияр Алгатбековичу.
      3. Настоящее совместное постановление и решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Р. Садыкова

      Председатель сессии
      районного маслихата                        Е. Бегимбетов

      Секретарь маслихата                        Д. Тебериков