РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Талғар қаласы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талғар қаласының "8-Март" көшесі "Төре Миразұлы" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қыдырбек-ұлы Дәрменияр Алғатбекұлына (келісім бойынша) жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Р. Садықова
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Е. Бегімбетов
Аудандық мәслихат хатшысы Д. Теберіков