Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 05.02.2024 № 8-17-88 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 53-бабының 2-тармағына 2) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұйғыр ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен, бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерде біржолғы ақшалай өтемақы белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, сауда, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрайымы | А. Бейсенова |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Н. Есжан |