Салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 585 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қаңтарда № 10152 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 172 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 13.02.2018 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.02.2017 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 4-бабы 1-тармағының 50-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 29.12.2016 № 700 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамы салық берешегі есебіне салық төлеушінің (салық агентінің), кеден төлемдері мен салықтар және (немесе) бойынша берешек есебіне салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкін, сонымен қатар төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін және (немесе) мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлға етіп айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.02.2017 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


Об определении уполномоченного юридического лица в сфере реализации имущества, заложенного налогоплательщиком и (или) третьим лицом, а также ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента), плательщика и (или) товаров, задержанных органами государственных доходов

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 декабря 2014 года № 585. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 января 2015 года № 10152. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2018 года № 172 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 13.02.2018 № 172 (вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра финансов РК от 02.02.2017 № 75 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 41-1) пункта 1 статьи 12 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и подпунктом 50-1) пункта 1 статьи 4 Кодекса Республики Казахстан от 30 июня 2010 года "О таможенном деле в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. В преамбулу внесено изменение на государственном языке, текст на русском не меняется в соответствии с приказом Министра финансов РК от 29.12.2016 № 700 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      1. Определить акционерное общество "Компания по реабилитации и управлению активами" уполномоченным юридическим лицом в сфере реализации имущества, заложенного налогоплательщиком и (или) третьим лицом, а также ограниченного в распоряжении имущества налогоплательщика (налогового агента) в счет налоговой задолженности, плательщика – в счет задолженности по таможенным платежам и налогам, пеней, и (или) товаров, задержанных органами государственных доходов.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра финансов РК от 02.02.2017 № 75 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования).

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

Министр

Б. Султанов