Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 21.02.2018 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 12-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1639) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б.Сұлтанов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Төрағасы
Қ.Н. Келімбетов ___________
2014 жылғы 23 желтоқсан