Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5494 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 21.02.2018 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 635-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.12.2014 № 574 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес валюталық түсiм түсуі туралы шешімнің нысаны бекітілсін.

      2. Салық қызметі органдары валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны қалыптастыру күніндегі жағдай бойынша осындай қорытындыны беру туралы сұрау салуларды салықтық тексеру басталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде:

      келісімшарттың есепке алу нөмірін беру немесе олар бойынша экспорт жөніндегі келісімшарттарға есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты мәміле паспорттарын ресімдеу орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына немесе екінші деңгейдегі банктерге;

      Қазақстан Республикасында филиалдар мен өкілдіктер арқылы қызметтерін жүзеге асыратын резидент еместерге қатысты филиалдың немесе өкілдіктің банктік шотын ашу орны бойынша екінші деңгейдегі банктерге жібереді.

      Сұрау салуды жіберу кезінде: салық төлеушінің атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), келісімшарттың нөмірі және күні, сұрау салынған кезең, нұсқаманы тіркеу нөмірі және күні көрсетіледі. Экспорт бойынша келісімшарттардың есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорты ресімделген келісімшарттарға қатысты сұрау салуда сондай-ақ келісімшарттың есепке алу нөмірі және оның берілген күні немесе мәміле паспорттарының нөмірі және күні көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2013 № 107 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аймақтық бөлімшелеріне (келісім бойынша) немесе екінші деңгейдегі банктер осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша валюталық түсiмнің түсуі туралы қорытындыны сұрау салуды жолдаған Салық қызметі органына, сұрау салуды алғаннан бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3-1. Осы бұйрықтың 1-3-тармақтарының ережелері өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырып жүрген салық төлеушілерге қолданылмайды, олар үшін валютаның түсімнің түсуі туралы қорытынды салық төлеуші салық қызметі органдарына ұсынған, өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері болып табылады.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.06.07 № 287 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы Министрі

Б. Жәмішев

"КЕЛІСІЛГЕН"


2008 жыл 31 желтоқсан


Қазақстан Республикасының


Ұлттық Банк Төрағасы


А.Ғ. Сәйденов



      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің

      2008 жылғы 30 желтоқсандағы

      № 629 бұйрығымен

      бекітілген

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 26.02.2013 № 107 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20___ жылғы "__" ___________ бастап 20___ жылғы "__" __________
қоса алғандағы кезеңде валюталық түсімнің түсуі туралы
қорытынды

Тексерілетін салық төлеуші

Шот

валютасы

Валюталық түсімнің

түсуі туралы

мәліметтер

Келісімшарттың

нөмірі

мен күні

Келісімшартты есепке алу нөмірі және оны берген күні немесе мәміле паспортыны ң нөмірі және күні

жеке

сәйкестендіру

нөмірі/бизнес

сәйкестендіру

нөмірі

(ЖСН/БСН)

Салық

төлеушінің

атауы

жіберушінің

атауы

күні

төлем

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      Ескертпе:

      9-баған экспорт бойынша келісімшарттарды есепке алу нөмірлері алынған немесе мәміле паспорттары ресімделген келісімшарттарға қатысты толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады