"Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 4-4/246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 шілдеде № 9575 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 15-02/811 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.09.2015 № 15-02/811 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 06-3/488 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7249 тіркелген, 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 138-142 (27215) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейән күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Министр

А.Мамытбеков



КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын
Қорғау агенттігінің төрағасы
______________ Б.Қуандықов
2014 жылғы 21 мамыр


КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрі
___________________ Н. Қаппаров
2014 жылғы 11 маусым
 



Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 4-4/246 бұйрығымен
бекітілген

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондык үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу туралы шешім, қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігін беру немесе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес болмауынан пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің мүмкін еместігі туралы хатты жолдау;
      2) порталда пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу және пестицидке (улы химикатқа) қағаз жеткізгіштегі тіркеу куәлігінің дайындығы туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкес болмауынан пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің мүмкін еместігі туралы ақпарат.
 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында айқындалған құжаттарды ұсыну болып табылады.
      5. Мемлекеттік кызметті көрсету құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің сарапшысы жеке және заңды тұлғалардан (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, кіріс хат-хабарлар журналына тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күнін көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді. Тіркелген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына беріледі - қабылданған құжаттар топтамасын беруге арналған уақыт - 30 минуттан артық емес;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы ұсынылған құжаттармен танысып, оларды Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу мәселелері жөніндегі басқарманың басшысына (бұдан әрі - Басқарма) қарауға жолдайды қабылданған құжаттар топтамасын беруге арналған уақыт - 2 сағаттан артық емес;
      3) Басқарма басшысы ұсынылған құжаттармен танысып, оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бас сарапшысына немесе сарапшысына қарауға жолдайды - қабылданған құжаттар топтамасын беруге арналған уақыт - 2 сағаттан артық емес;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшысы немесе сарапшысы көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап олардың мазмұнын, ұсыну толықтығын, толтыру дұрыстығын қарайды - 10 жұмыс күнінен артық емес.
      Көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшысы немесе сарапшысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап мемлекеттік тіркеуге өтінім берілген пестицид (улы химикат) туралы ақпараты бар хатты оның сауда атауын, әрекет етуші затын және қолдану регламенттерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға келісуге жолдайды - хаттарды жолдауға арналған уақыт - 1 жұмыс күнінен артық емес.
      5) мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қоршаған ортаны қорғау және тұтынушылардың құкықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысымен бекітілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 48 және 49-тармақтарына сәйкес пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келіседі немесе пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісуден дәлелді бас тартуды жолдайды - ұсынылған материалдарды қарау уақыты - 6 жұмыс күнінен артық емес.
      Қоршаған ортаны қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу келісілген деп есептеледі.
      6) тіркеу материалдарын тексергеннен және осы келісімді алғаннан кейін бас сарапшы немесе сарапшы пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізу немесе өткізудің мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды, оған бас сарапшы немесе сарапшы мен Басқарма басшысы қол қояды. Бұл ретте мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу күнін көрсете отырып, арнайы жасалған бланкіде пестицидке (улы химикатқа) арналған куәлік немесе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкес болмауынан пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің мүмкін еместігі туралы хат ресімделеді, олар көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына қол қою үшін ұсынылады - куәлікті ресімдеуге және оған қол қоюға арналған уақыт -3 жұмыс күнінен артық емес;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігіне қол қойғаннан кейін, осы куәлік көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталады және көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) беріледі - куәлікті беруге арналған уақыт - 2 сағаттан артық емес.
      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар сәйкес болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы қол қойған пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің мүмкін еместігі туралы хат жолдайды - хатты беруге арналған уақыт - 1 жұмыс күнінен артық емес;
      8) пестицидті (улы химикатты) тіркеу күні мен мемлекеттік тіркеу нөмірі пестицидтердің (улы химикаттардың) арнайы журналында белгіленеді, оны көрсетілетін қызметті беруші жүргізеді. Пестицидке (улы химикатқа) тіркеу куәлігінің көшірмесі көрсетілетін қызметті берушіде сақталады;
      9) тіркелген пестицидтер (улы химикаттар) «Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне» енгізіледі.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдер (іс-қимылдар) нәтижелері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу, осы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына жолдау;
      2) орындауға қарар жазу және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма басшысына жолдау;
      3) орындауға карар жазу және құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші Басқарманың бас сарапшысына немесе сарапшысына жолдау;
      4) бас сарапшының немесе сарапшының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды карауы, пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісуге хаттарды қоршаған ортаны қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдау;
      5) уәкілетті мемлекеттік органдардан пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісуді немесе келісуден дәлелді бас тартуды алу;
      6) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы қорытынды дайындау, пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігін ресімдеу, оған қол қою және беру немесе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкес болмауынан пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің мүмкін еместі туралы хатты көрсетілетін қызметті алушыға жолдау.
 

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің сарапшысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшысы немесе сарапшысы;
      5) қоршаған ортаны қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы; уәкілетті мемлекеттік органдар.
      8. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің сарапшысы:
      1) құжаттар қабылдауды жүзеге асырады;
      2) құжаттардың тұпнұсқаларындағы мәліметтердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен тең тұпнұсқалығын салыстырып тексереді (көрсетілетін қызметті алушылар – Қазақстан Республикасының резиденттері үшін);
      3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен корғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады (көрсетілетін қызметті алушылар - Қазақстан Республикасының резиденттері үшін);
      4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар бар болған және құжаттардың тұпнұсқаларындағы мәліметтердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен тең тұпнұсқалығы кезінде құжаттарды тіркейді;
      5) тиісті түрде ресімделген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына береді (30 минуттан артық емес).
      9. Көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы:
      1) хат-хабармен танысады;
      2) құжаттарды қарау үшін Басқарманы айқындайды;
      3) қарар жазады (2 сағаттан артық емес).
      10. Басқарма басшысы:
      1) хат-хабармен танысады;
      2) құжаттарды қарау үшін бас сарапшыны немесе сарапшыны айқындайды;
      3) қарар жазады (2 сағаттан артық емес).
      11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бас сарапшысы немесе сарапшысы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және олардың мазмұнын, ұсыну толықтығын, толтыру дұрыстығын қарайды (10 жұмыс күнінен артық емес);
      2) қоршаған ортаны қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісуге хат жолдайды (1 жұмыс күнінен артық емес).
      12. Қоршаған ортаны қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келіседі немесе пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісуден дәлелді бас тартуды жолдайды (6 жұмыс күнінен артық емес).
      13. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бас сарапшысы немесе сарапшысы пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізу немесе өткізудің мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды. Бұл ретте мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу күнін көрсете отырып, арнайы дайындалған бланкіде пестицидке (улы химикатқа) арналған куәлікті немесе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкес болмауынан пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің мүмкін еместігі туралы хатты ресімдейді, одан кейін оларды Басқарма басшысына қол қоюға және келісуге ұсынады -(3 жұмыс күнінен артық емес).
      14. Баскарма басшысы пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің нсмесе өткізудің мүмкін еместігі туралы қол қойылған қорытындыны, пестицидке (улы химикатқа) арналған келісілген тіркеу куәлігін немесе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкес болмауынан пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің мүмкін еместігі туралы хатты көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына қол қоюға жолдайды (2 сағаттан артық емес).
      15. Көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігіне немесе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкес болмауынан пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің мүмкін еместігі туралы хатқа қол қояды және оларды жауапты бас сарапшыға немесе сарапшыға жолдайды (2 сағаттан артық емес).
      16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бас сарапшысы немесе сарапшысы:
      1) пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігін көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен растайды, оны Тіркеу куәліктерін беру журналына тіркейді және пестицидке (улы химикатқа) арналған тіркеу куәлігін көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкіліне) береді (2 сағаттан артық емес);
      2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкес болмауынан пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден өткізудің мүмкін еместігі туралы хатты көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды (1 күннен артық емес)
      17. Әрбір әкімшілік іс-қимылды (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) реттілігі мен өзара әрекеттестігі мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке косымшада келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі ҚФБ әкімшілік іс-қимылдарының логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін механизм осы Регламентке қосымшада келтірілген.
 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы

      19. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
      20. Көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болу шарты кезінде портал арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш ұсынады.
 


«Пестицидтерді (улы имикаттарды)
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне қосымша

әкімшілік іс-қимылдарының логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты

көрсететін механизм


 

Об утверждении Регламента государственной услуги "Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 4 мая 2014 года № 4-4/246. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июля 2014 года № 9575. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 сентября 2015 года № 15-02/811

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 09.09.2015 № 15-02/811 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемый Регламент государственной услуги «Государственная регистрации пестицидов (ядохимикатов)».
      2. Департаменту производства и переработки растениеводческой продукции и фитосанитарной безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование;
      2) размещение на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      3. Признать утратившем силу приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 августа 2011 года № 06-3/488 «Об утверждении регламента государственной услуги «Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 7249, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 10 апреля 2012 года № 95-96 (26914-26915)).
      4. Настоящий приказ вводится в действие пo истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 
 

      Министр

А. Мамытбеков



«СОГЛАСОВАН»
Председатель Агентства
Республики Казахстан
по защите прав потребителей
__________ Б. Куандыков
21 мая 2014 года


«СОГЛАСОВАН»
Министр окружающей среды
и водных ресурсов
Республики Казахстан
____________ Н. Каппаров
11 июня 2014 года



Утвержден
приказом Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 4 мая 2014 года № 4-4/246

Регламент государственной услуги
«Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)»

1. Общие положения

      1. Государственная услуга оказывается Комитетом государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - услугодатель), в том числе через веб-портал «электронного правительства» www.e.gov.kz (далее - портал).
      2. Форма оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.
      3. Результат оказания государственной услуги:
      1) при обращении к услугодателю - решение о государственной регистрации пестицида (ядохимиката), выдача регистрационного удостоверения на бумажном носителе или направление письма о невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката) из-за несоответствия представленных услугополучателем документов пункту 9 Стандарта государственной услуги «Государственная регистрация пестицидов (ядохимикатов)», утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2014 года № 78 (далее - Стандарт);
      2) на портале уведомление о государственной регистрации пестицида (ядохимиката) и готовности регистрационного удостоверения на пестицид (ядохимикат) на бумажном носителе или информация о невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката) из-за несоответствия представленных услугополучателем документов.
 

2. Описание порядка действий (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      4. Основанием для начала процедуры (действия) но оказании: государственной услуги является предоставление документов, определенных в пункте 9 Стандарта.
      5. Процедуры (действия) входящие в состав оказания государственной услуги:
      1) экспертом канцелярии услугодателя осуществляется прием документов от физических и юридических лиц (далее - услугополучатель), регистрирует в журнале входящей корреспонденции, выдает услугополучателю расписку о приеме соответствующих документов с указанием номера и даты приема документов. Зарегистрированные документы передаются председателю услугодателя время для передачи принятого пакета документов - не более 30 минут;
      2) председатель услугодателя, ознакомившись с представленными документами, направляет их руководителю Управления по вопросам государственной регистрации пестицидов (далее - Управление) на рассмотрение - время для передачи принятого пакета документов - не более 2 часов;
      3) руководитель Управления, ознакомившись с представленными документами, направляет их ответственному главному эксперту или эксперту услугодателя на рассмотрение - время для передачи принятого пакета документов не более 2 часов;
      4) главный эксперт или эксперт услугодателя с момента получения документов от услугополучателя рассматривает их содержание, полноту представления, правильность заполнения - не более 10 рабочих дней.
      Главный эксперт или эксперт услугодателя с момента получения документов услугополучателя направляет на согласование в уполномоченные государственные органы в области охраны окружающей среды и по защите прав потребителей письма с информацией о пестициде (ядохимикате), заявленном на государственную регистрацию, с указанием его торгового названия, действующего вещества и регламентов применения - время для направления писем не более 1 рабочего дня.
      5) в процессе оказания государственной услуги уполномоченные государственные органы в области охраны окружающей среды и по защите прав потребителей в соответствии с пунктами 48 и 49 Правил проведения регистрационных, производственных испытаний и государственной регистрации пестицидов (ядохимикатов)», утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 1396 согласовывают государственную регистрацию пестицида (ядохимиката) или направляют мотивированный отказ в согласовании государственной регистрации пестицида (ядохимиката) - время рассмотрения представленных материалов - не более 6 рабочих дней.
      В случае непредставления государственными органами в области охраны окружающей среды и по защите прав потребителей ответа в установленные сроки государственная регистрация пестицида (ядохимиката) считается согласованной.
      6) после проверки регистрационных материалов и получения данного согласования главным экспертом или экспертом готовится заключение о проведении или невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката), которое подписывается главным экспертом или экспертом и руководителем Управления. При этом оформляется удостоверение на пестицид (ядохимикат) на специально изготовленном бланке с присвоением государственного регистрационного номера, указанием даты государственной регистрации пестицида (ядохимиката) или письмо о невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката) из-за несоответствия представленных услугополучателем документов, которые представляются председателю услугодателя для подписи - время для оформления и подписания удостоверения не более 3 рабочих дней;
      7) после подписания председателем услугодателя регистрационного удостоверения на пестицид (ядохимикат), данное удостоверение заверяется печатью услугодателя и выдается услугополучателю (либо его представителю по доверенности) - время для выдачи удостоверения - не более 2 часов.
      В случае несоответствия представленных услугополучателем документов услугодатель направляет услугополучателю подписанное председателем услугодателя письмо о невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката) время для передачи письма - не более одного рабочего дня.
      8) дата и государственный регистрационный номер регистрации пестицида (ядохимиката) фиксируются в специальном журнале пестицидов (ядохимикатов), который ведется услугодателем. Копия регистрационного удостоверения на пестицид (ядохимикат) хранится у услугодателя;
      9) зарегистрированные пестициды (ядохимикаты) вносятся в «Список пестицидов (ядохимикатов), разрешенных к применению на территории Республики Казахстан».
      6. Результаты процедур (действий) по оказанию государственной услуги:
      1) прием и регистрация документов, представленных услугополучателем, направление данных документов председателю услугодателя;
      2) наложение резолюции на исполнение и направление документов руководителю Управления услугодателя;
      3) наложение резолюции на исполнение и направление документов главному эксперту или эксперту Управления услугодателя;
      4) рассмотрение главным экспертом или экспертом документов, представленных услугополучателем, направление писем на согласование государственной регистрации пестицида (ядохимиката) в уполномоченные государственные органы в области охраны окружающей среды и по защите прав потребителей;
      5) получение от уполномоченных государственных органов согласования или мотивированного отказа в согласовании государственной регистрации пестицида (ядохимиката);
      6) подготовка заключения о проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката), оформление, подписание и выдача регистрационного удостоверения на пестицид (ядохимикат) или направление услугополучателю письма о невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката) из-за несоответствия представленных услугополучателем документов.
 

3. Описание порядка взаимодействия (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги

      7. Перечень структурных подразделений, (работников) услугодателя, которые участвуют в процессе оказания государственной услуги:
      1) эксперт канцелярии услугодателя;
      2) председатель услугодателя;
      3) руководитель Управления услугодателя;
      4) главный эксперт или эксперт услугодателя;
      5) уполномоченные государственные органы в области охраны окружающей среды и по защите прав потребителей.
      8. Эксперт канцелярии услугодателя:
      1) осуществляет прием документов;
      2) сверяет аутентичность сведений из оригиналов документов со сведениями, полученными из государственных информационных систем (для услугополучателей - резидентов Республики Казахстан);
      3) получает письменное согласие услугополучателя на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан (для услугополучателей - резидентов Республики Казахстан);
      4) при наличии документов, представленных услугополучателем, и аутентичности сведений из оригиналов документов со сведениями, полученными из государственных информационных систем, регистрирует документы;
      5) оформленные надлежащим образом документы передаются председателю услугодателя (не более 30 минут).
      9. Председатель услугодателя:
      1) знакомится с корреспонденцией;
      2) определяет Управление для рассмотрения документов;
      3) накладывает резолюцию (не более 2 часов).
      10. Руководитель Управления:
      1) знакомится с корреспонденцией;
      2) определяет ответственного главного эксперта или эксперта для рассмотрения документов;
      3) накладывает резолюцию (не более 2 часов).
      11. Ответственный главный эксперт или эксперт услугодателя:
      1) принимает и рассматривает содержание, полноту представления, правильность заполнения документов, представленных услугополучателем (не более 10 рабочих дней);
      2) направляет в уполномоченные государственные органы в области охраны окружающей среды и по защите прав потребителей письмо на согласование государственной регистрации пестицида (ядохимиката) (не более 1 рабочего дня).
      12. Уполномоченные государственные органы в области охраны окружающей среды и по защите прав потребителей согласовывают государственную регистрацию пестицида (ядохимиката) или направляют мотивированный отказ в согласовании государственной регистрации пестицида (ядохимиката) (не более 6 рабочих дней).
      13. Ответственные главный эксперт или эксперт услугодателя готовят заключение о проведении или невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката). При этом оформляют удостоверение на пестицид (ядохимикат) на специально изготовленном бланке с присвоением государственного регистрационного номера, указанием даты государственной регистрации пестицида (ядохимиката) или письмо о невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката) из-за несоответствия представленных услугополучателем документов, которые затем представляют на подписание и согласование руководителю Управления - (не более 3 рабочих дней).
      14. Руководитель Управления направляет подписанное заключение о проведении или невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката), согласованное регистрационное удостоверение на пестицид (ядохимикат) или письмо о невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката) из-за несоответствия представленных услугополучателем документов, на подпись председателю услугодателя (не более 2 часов).
      15. Председатель услугодателя подписывает регистрационное удостоверение на пестицид (ядохимикат) или письмо о невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката) из-за несоответствия представленных услугополучателем документов и направляет их ответственному главному эксперту или эксперту (не более 2 часов).
      16. Ответственный главный эксперт или эксперт услугодателя:
      1) заверяет регистрационное удостоверение на пестицид (ядохимикат) печатью услугодателя, регистрирует его в Журнале выдачи регистрационных удостоверений и выдает регистрационное удостоверение на пестицид (ядохимикат) услугополучателю (либо его представителю по доверенности) (не более 2 часов);
      2) направляет услугополучателю письмо о невозможности проведения государственной регистрации пестицида (ядохимиката) из-за несоответствия представленных услугополучателем документов (не более 1 рабочего дня).
      17. Текстовое табличное описание последовательности и взаимодействие административных действий (процедур) каждой СФЕ с указанием срока выполнения каждого административного действия (процедуры) приведено в приложении к настоящему Регламенту.
      18. Механизм, отражающие взаимосвязь между логической последовательностью административных действий СФЕ в процессе оказания государственной услуги приведена в приложении к настоящему Регламенту.
 

4. Описание порядка взаимодействия с центром обслуживания населения и (или) иными услугодателями, а также порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги

      19. При оказании государственной услуги не предусмотрена возможность обращения услугополучателя в центр обслуживания населения и (или) к иным услугодателем.
      20. Услугополучатель имеет возможность подачи заявления через портал при условии наличия ЭЦП.
      Для получения государственной услуги услугополучатель либо его представитель при обращении на портал представляет заявление в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя.
 


Приложение
к Регламенту государственной
услуги «Государственная
регистрация пестицидов
(ядохимикатов)»

Механизм, отражающая взаимосвязь между логической последовательностью административных действий