Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығын қараңыз.


      «Өсiмдiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шiлдедегi Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 1396 қаулысымен
бекітілген    

Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік
сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) айырмашылық (саудалық) атауы – аталған пестицид (улы химикат) тiркелетiн, заттаңбаланатын, жарнамаланатын және өнімді басқа пестицидтерден (улы химикаттардан) айрықша ету мақсатында оны тiркелушi (өтінім беруші) ғана пайдалана алатын атау;
      2) арнайы техника – пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
      3) әрекет етушi зат – әртүрлі препараттық нысандар түрінде пайдалану зиянды организмге немесе өсімдіктердің өсуі мен дамуына уытты әрекет етуге әкелетін пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық белсенді бөлiгi;
      4) жалпы қабылданған атау – пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етушi затына стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым берген немесе техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган туыстық (топтық) немесе жекелiк (тек белгiлi бiр әрекет етушi затқа) атау ретiнде қолдануға қабылдаған атау;
      5) зиян тигiзудiң экономикалық шегi (бұдан әрі – ЗЭШ) – одан төмен болғанда қорғау іс-шараларын жүргізу экономикалық тұрғыдан ақталмайтын өсімдік зиянкестері, аурулары және арамшөптер санының деңгейі;
      6) зиянды организмдертопыраққа, өсiмдiктерге және ауыл шаруашылығы өнiмiне керi әрекет ететiн өсiмдiк зиянкестері, арамшөптері және аурулары;
      7) қайта тiркеу – пестицидтi (улы химикатты) тiркеу куәлiгінiң қолданылу мерзiмi өткен соң қосымша сынақтар жүргiзбестен қайтадан мемлекеттік тiркеу;
      8) қатер – нақты қолдану жағдайындағы пестицидтiң (улы химикаттың) ықтимал қауiптiлiк дәрежесi;
      9) құрамдастырылған пестицид (улы химикат) – құрамында екi және одан да көп әрекет етушi зат бар препарат;
      10) қысқаша досье – пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық, физикалық-химиялық және уытты қасиеттері туралы мәліметтер;
      11) орындаушы ұйым – пестицидтердің (улы химикаттардың) биологиялық, шаруашылық тиiмдiлiктерiн бағалауды жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдар, сондай-ақ оларды қолданудың экологиялық және санитариялық-гигиеналық қауiпсiздiгiн бағалауды, пестицидтерді (улы химикаттарды) бақылау әдістерін әзірлеуді, бейiмдеуді және байқаудан өткізуді, олардың қалдық мөлшерлерiн зерттеуді жүзеге асыратын, бұл үшін қажетті ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, тиісті бейіндегі және білікті мамандары, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына және «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес аккредитациясы бар ұйымдардың зертханалары;
      12) өсiп-өну кезеңi (өсiп-өну маусымы) – нақты ауыл шаруашылығы дақылын еккеннен бастап оның пiсуіне дейiнгi кезең;
      13) пайдалану (қолдану) регламентi – пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану шарттары мен тәртiбiне қойылатын талаптар;
      14) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу – нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға препараттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тiркеу куәлiгi берілетін, оларды биологиялық, токсикологиялық, гигиеналық және экологиялық бағалау процесiн аяқтайтын рәсiм;
      15) пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтары – тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) және оларды пайдалану (қолдану) регламенттерiн өндiрiстiк жағдайларда байқаудан өткізу;
      16) пестицидтерді (улы химикаттарды) токсикологиялық бағалау – сыналып жатқан пестицидтерді (улы химикаттарды) қауіпсіздік көрсеткіштері (өнімдегі, қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшері және оның бекітілген нормативтерге сәйкестігі) бойынша бағалау;
      17) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтары – пестицидтердiң (улы химикаттардың) биологиялық және шаруашылық тиiмдiлiгiн, олардың адам мен қоршаған табиғи орта үшін қаупiн зерделеудің және оларды қолдану регламенттерін әзірлеудің регламенттелген жүйесi;
      18) пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерi – оның көмегiмен адам мен жануарлар үшін пестицидтердiң (улы химикаттардың) қауiпсіздігі бағаланатын өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі олардың құрамының сандық көрсеткіші;
      19) пестицидтер (улы химикаттар) тізілімі – пестицидтің (улы химикаттың) саудалық атауы, тiркелушi (өтінім беруші), әрекет етуші затты өндіруші, мемлекеттік тіркеу нөмірі, мемлекеттік тіркеу немесе қайта тiркеу күні және оның аяқталуы көрсетілген, тіркелген пестицидтердің (улы химикаттардың) есеп журналы;
      20) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi – пестицидтiң (улы химикаттың) саудалық атауы, тiркелушi (өтінім беруші), әрекет етуші затты өндіруші, пестицидтердi (улы химикаттарды) пайдалану (қолдану) регламенттері және мемлекеттік тіркеуді аяқтау күні көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген, тiркелген пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесi;
      21) пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне толықтырулар – жыл сайын қосымша тіркелетін және бекітілген пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне қосылатын пестицидтер (улы химикаттар) тiзбесі;
      22) пестицидтің (улы химикаттың) шығыс нормасы – өңделетiн аудан бірлігіне пестицид (улы химикат) массасы (гектарға/тоннаға/м2-ге килограмм немесе литр);
      23) пестицид (улы химикат) қауiптiлiгi – пестицидтің (улы химикаттың) адамға және қоршаған ортаға қолайсыз әрекет ету мүмкiндiгi;
      24) пестицидті (улы химикатты) қолданудың биологиялық тиiмдiлiгі – зиянды организмдердің қырылу немесе санының азаюы көрсеткіштерімен немесе қорғалатын өсімдіктердің зақымдану дәрежесімен көрсетілетін пестицидті (улы химикатты) қолдану нәтижесі;
      25) препараттық нысан – пестицидтің (улы химикаттың) физикалық-химиялық қасиеттерiне, уыттылығына, арналуына және қолдану тәсiлiне қарай (эмульсия концентраты, суспензиялы концентрат, түйiршiктер, паста, микрокапсулаланған суспензия, дымқылданатын ұнтақ және (немесе) басқа да нысандар) оны қолдану нысаны;
      26) талдамалық стандарт – пестицидтің (улы химикаттың) әрекет етуші затының химиялық таза үлгісі;
      27) тәжiрибелік үлгi – тiркеу және өндiрiстiк сынақтарды жүргiзуге жеткiлiктi мөлшердегі, оларға арналған пестицид (улы химикат);
      28) тiркелушi (өтінім беруші) – пестицидтi (улы химикатты) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргізуге және мемлекеттiк тiркеуге өтiнiм берген, тiркеу процесiн өткен және пестицидке (улы химикатқа) тiркеу куәлігін алған жеке немесе заңды тұлға немесе осы тұлғаның белгіленген тәртіппен расталған сенімхаты бар өкілі;
      29) тiркеу куәлiгі – пестицидтi (улы химикатты) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатын растайтын құжат;
      30) тiркеу процесi – пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттiк тiркеу тәртібі;
      31) тiркеу досьесі – пестицидті (улы химикатты) тіркеуге ұсынатын және оның тиiмдiлігiн, қауіпсіздігін және сапасын растайтын деректер бар құжаттар жиынтығы;
      32) шаруашылық тиімділігі – сақталған ауыл шаруашылығы өнімінің сан және сапа көрсеткіштерімен көрсетілген пестицидтi (улы химикатты) дала жағдайында қолдану нәтижесі;
      33) эталондық пестицид (улы химикат) – фитосанитариялық қолдану және химиялық тобы бойынша сыналып жатқан пестицидке (улы химикатқа) ұқсас тiркелген және өндiрiсте пайдаланылатын пестицид (улы химикат).        3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу тәртібі мыналарды:
      1) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндірістік сынақтарын жүргiзуге өтінімдер қабылдауды;
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын ұйымдастыруды;
      3) орындаушы ұйымдардың пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргізуін;
      4) орындаушы ұйымдардың пестицидтердi (улы химикаттарды) токсикологиялық бағалауды жүргізуін;
      5) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу және өндiрiстiк сынақтар, сондай-ақ токсикологиялық бағалау нәтижелері туралы есептерді қарастыруды;
      6) тіркелушінің (өтінім берушінің) тіркеу досьесін қарастыруды;
      7) пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуді денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісуді;
      8) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді;
      9) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу туралы тіркеу куәлігін беруді;
      10) пестицидтi (улы химикатты) пестицидтер (улы химикаттар) тізіліміне, пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне және пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне толықтыруларға енгізуді қамтиды.
      4. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзуді және мемлекеттiк тiркеуді ұйымдастыруды өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Ведомство) жүргізеді.
      5. Орындаушы ұйымдардың тізбесін мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар тізбесінің және белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар зертханалары тізбесінің, сондай-ақ орындаушы ұйымдардан жыл сайын 1 ақпанға дейін берілген өтінім хаттарының негізінде өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Ведомство) қалыптастырады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Тiркеу, өндiрiстiк сынақтар және ғылыми зерттеулер үшiн әкелiнетiн тәжiрибелiк үлгiлердi қоспағанда, мемлекеттiк тiркеуден өтпеген пестицидтердi (улы химикаттарды), сондай-ақ тiркелмеген пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге арналған бастапқы құрауыштарды өндiруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткiзуге, қолдануға тыйым салынады.
      7. «Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген Экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлар тізбесінің 14-тармағына сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) тәжiрибелiк үлгiлері Қазақстан Республикасының аумағына тiркеу және өндірістік сынақтарды жүргiзуге қажетті мөлшерде лицензиялаусыз әкелiнедi.

2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтары

      8. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтары олардың биологиялық және шаруашылық тиiмдiлiгiн және адамдардың денсаулығы мен қоршаған табиғи орта үшін қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану регламенттерін әзірлеу және тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
      9. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын жүргізуге өтiнiмді тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін бередi және ол сынақ жүргiзуге ұсынылған пестицидтi (улы химикатты) қолдану регламенттерiн қамтиды.
      10. Өтiнiмге мыналар:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке (улы химикатқа) қысқаша досье;
      2) өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі өтінім берілген пестицидтер (улы химикаттар) құрамының нормативтері;
      3) өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілеріндегі өтінім берілген пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерін анықтау жөніндегі әдiстемелік нұсқаулар;
      4) пестицидтi (улы химикатты) өндіруші елде пестицидтi (улы химикатты) және оның әрекет етуші заттарын өндіруге рұқсатты растайтын құжат қоса берiледi.
      11. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын жүргiзу үшін тiркелушi (өтінім беруші):
      1) сәйкестік сертификаты бар зауыттық орамда пестицидтiң (улы химикаттың) тәжiрибелiк үлгiсiн;
      2) сәйкестік сертификаты бар зауыттық орамда эталондық пестицидті (улы химикатты);
      3) әрекет етуші заттың талдамалық стандартын, зертханалық зерттеулер жүргiзуге арналған метаболиттердiң талдамалық стандарттарын ұсынады.
      12. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын жүргізуге өтiнiмдер мынадай жағдайларда:
      1) пестицидтердiң (улы химикаттардың) әрекет етуші заттары аса уыттыға жатса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенциялардың тізбелеріне және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынған пестицидтер (улы химикаттар) тізбелеріне енгізілсе;
      2) пестицидтердiң (улы химикаттардың) әрекет етуші заттары Қазақстан Республикасының патенттерімен қорғалса;
      3) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттардың біреуі болмаса;
      4) төмендетiлген шығыс нормасы Қазақстанда және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) мемлекеттерінің көбінде ұқсас дақылдарда және дәл сондай зиянды организмдерге қарсы бұрын тіркелгендерден ерекше пестицидті (улы химикатты) сынауға өтінім берілсе;
      5) сынақтар жүргізуге өтiнiм ағымдағы жылғы 1 наурыздан кеш берілсе, кері қайтарылады.
      13. Тіркеу сынақтарын жүргізу үшін әкелінетін пестицидтердiң (улы химикаттардың) мөлшері пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне сәйкес танаптық (ұсақмөлдекті) тәжірибелер жүргізуге өтінімде көзделген мөлшерден аспауы тиіс.
      14. Пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану регламенттерін әзірлеу бөлiгiндегі тiркеу сынақтары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зиянды организмдердiң ерекшелiктерiн (таралу ареалы, экономикалық мәні, ұрпақ беру саны, патогендігi, төзiмдiлiгi) ескере отырып дақылдарды негізгі өсіру аймақтарында жүргiзiледi.
      15. Пестицидтi (улы химикатты) тiркеу сынақтарын жүргiзу мерзiмi:
      1) жаңа әрекет етуші заттар бар пестицидтер (улы химикаттар) үшін – 24 айды (толық өсіп-өнетін 2 маусымды);
      2) белгілі әрекет етуші заттар бар пестицидтер (улы химикаттар), оның ішінде құрамдастырылған препараттар үшін тіркелген пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану (қолдану) аумағы кеңейтiлген, олардың рецептурасы мен препараттық нысаны, әрекет етуші затының пайыздық мөлшерi өзгерген кезде, пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етуші затын өндiрушi ауысқан кезде – 12 айды (толық өсіп-өнетін 1 маусымды) құрайды.
      Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын жүргiзу мерзiмi пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын жүргiзу кезеңінде фитосанитариялық диагностика және болжау саласындағы ұйымның ресми деректеріне сәйкес зиянды организмдер жоқ немесе олардың саны мен даму деңгейі ЗЭШ-тен төмен болғанда бір өсу кезеңiне ұзартылады.
      16. Өсiмдiк шаруашылығы өнiмі мен қоршаған орта объектілерінде сыналатын пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерiн және олардың ыдырау серпінін анықтау олардың биологиялық және шаруашылық тиiмдiлiгi бағаланатын аймақтарда да және дәл сондай тәжірибелерде жүргiзiледi.
      17. Ведомство пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын жүргiзу жоспарын әзірлеп, бекітеді және оны тiркелушiлерге (өтінім берушiлерге) тіркеу сынақтарын жүргізуге рұқсат берілген және орындаушы ұйымдарға ағымдағы жылғы 15 сәуірге дейін жолдайды.
      Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын жүргiзу жоспарына енгізу пестицидтiң (улы химикаттың) тәжірибелік үлгісін тіркеу сынақтарын жүргізуге қажетті мөлшерде Қазақстан Республикасында өндіруге (формуляциялауға) және Қазақстан Республикасына әкелуге негіз болып табылады.
      18. Бекітілген пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын жүргiзу жоспарына сәйкес тiркелушi (өтінім беруші) орындаушы ұйымдармен пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтарын жүргiзуге шарттар жасасады және оларға пестицидтердiң (улы химикаттардың) тәжірибелік және эталондық үлгісін тегін береді, сондай-ақ орындаушы ұйымдарға осы сынақтар жүргізуге ақы төлейді.
      19. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу сынақтары аяқталғаннан кейін орындаушы ұйым ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін Ведомство мен тiркелушiге (өтінім берушіге) сыналып жатқан пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылық тиімділігі туралы нақты қорытындылармен және тіркеу сынақтарын жалғастыру немесе сыналып жатқан пестицидтердi (улы химикаттарды) өндірістік сынақтар жоспарына енгізу туралы ұсыныстармен бірге жинақталған сынақтар нәтижелері бар тіркеу сынақтарының нәтижелерi туралы есепті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
      20. Ведомство пестицидтердi (улы химикаттарды) токсикологиялық бағалау, пестицидтердiң (улы химикаттардың) ауыл шаруашылығы өнімі мен топырақтағы қалдық мөлшерлерін анықтау әдістерін әзірлеу және бейiмдеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу жоспарын әзірлеп, бекітеді және оны ағымдағы жылғы 30 мамырда тiркелушiлерге (өтінім берушілерге) және осы жұмыстарды жүргізуге аккредитацияланған орындаушы ұйымдарға жолдайды.
      21. Пестицидтердi (улы химикаттарды) токсикологиялық бағалау, пестицидтердiң (улы химикаттардың) ауыл шаруашылығы өнімі мен топырақтағы қалдық мөлшерлерін анықтау әдістерін әзірлеу және бейiмдеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу жоспарына енгізу осы жұмыстарды жүргізуге қажетті көлемде пестицидтiң (улы химикаттың) талдамалық үлгісін Қазақстан Республикасына әкелуге негіз болып табылады.
      22. Бекітілген пестицидтердi (улы химикаттарды) токсикологиялық бағалау, пестицидтердiң (улы химикаттардың) ауыл шаруашылығы өнімі мен топырақтағы қалдық мөлшерлерін анықтау әдістерін әзірлеу және бейiмдеу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу жоспарына сәйкес тiркелушi (өтінім берушi) орындаушы ұйымдармен осы жұмыстарды жүргiзуге шарттар жасасады, оларға пестицидтiң (улы химикаттың) талдамалық үлгілерін, өтінім берілген пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерін анықтау әдісін тегін ұсынады, сондай-ақ орындаушы ұйымдарға осы жұмыстарды жүргізу ақысын төлейді.
      23. Орындаушы ұйымдардың пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерінің құрамын анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу нәтижелерi туралы есептері Ведомствоға және тiркелушiге (өтінім берушiге) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылғы 30 қарашаға дейін ұсынылады.
      24. Көрсетілетін (көрнекі) тәжiрибелерді пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiнде және пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiне толықтыруларда көрсетілген пайдалану (қолдану) регламенттері бойынша тiркелген пестицидтермен (улы химикаттармен) ғана жүргiзуге болады.

3. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтары

      25. Өндiрiстiк сынақтар пестицидтердi (улы химикаттарды) сынаудың соңғы кезеңі болып табылады және ұсынылып отырған пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану регламенттерінің биологиялық және шаруашылық тиiмдiлiгiнің тұрақтылығын өндiрiстiк жағдайда тексеру және растау мақсатында жүзеге асырылады.
      26. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтарын жүргізуге өтiнiмді тiркелушi (өтінім берушi) Ведомствоға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы жылғы 1 наурызға дейін бередi.
      27. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтарын жүргiзу үшiн тiркелушi (өтінім берушi):
      1) сәйкестік сертификатымен және Қазақстан Республикасының аккредиттелген зертханаларында жүргізілген әрекет етуші зат пен қоспалар құрамын зертханалық зерттеу деректерімен бірге зауыттық орамдағы пестицидтiң (улы химикаттың) тәжiрибелiк үлгiсiн;
      2) сәйкестік сертификатымен бірге зауыттық орамдағы эталондық пестицидті (улы химикатты) ұсынады.
      28. Өндiрiстiк сынақтар үшін әкелiнетiн пестицидтердің (улы химикаттардың) мөлшерi сынақтар жүргізу көзделген әр топырақтық-климаттық аймақта әр дақылда 10 (он) гектарды өңдеуге қажетті мөлшерден аспауы тиіс.
      29. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтарын жүргізуге өтiнiмдер мынадай жағдайларда:
      1) пестицидтердiң (улы химикаттардың) әрекет етуші заттары аса уыттыға жатса, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенциялардың тізбелеріне және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынған пестицидтер (улы химикаттар) тізбелеріне енгізілсе;
      2) пестицидтiң (улы химикаттың) адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қауіптілігі туралы бұрын белгiсiз деректер алынса;
      3) пестицидтердiң (улы химикаттардың) әрекет етуші заттары Қазақстан Республикасының патенттерімен қорғалса;
      4) сынақтар жүргізуге өтiнiм ағымдағы жылғы 1 наурыздан кеш берілсе, кері қайтарылады.
      30. Өндiрiстiк сынақтар дақылға және зиянды организмге қарай бір-төрт топырақтық-климаттық аймақта осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi.
      31. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтарын жүргізу мерзiмi 12 айды (бiр өсiп-өну маусымын) құрайды.
      Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндірістік сынақтарын жүргiзу мерзiмi пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндiрiстiк сынақтарын жүргiзу кезінде фитосанитариялық диагностика және болжау саласындағы уәкілетті органның ресми деректеріне сәйкес зиянды организмдер жоқ немесе олардың саны мен даму деңгейі ЗЭШ-тен төмен болғанда бір өсіп-өну маусымына ұзартылады.
      32. Ведомство пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндірістік сынақтарын жүргiзу жоспарын әзірлеп, бекітеді және оны өндірістік сынақтар жүргізуге жіберілген тiркелушiлерге (өтінім берушiлерге) және орындаушы ұйымдарға ағымдағы жылғы 15 сәуірге дейін жолдайды.
      33. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндірістік сынақтарын жүргiзу жоспарына енгізу пестицидтiң (улы химикаттың) тәжірибелік үлгісін өндірістік сынақтарды жүргізуге қажетті көлемде Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасында өндіруге (формуляциялауға) негіз болып табылады.
      34. Бекітілген пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндірістік сынақтарын жүргiзу жоспарына сәйкес тiркелушi (өтінім берушi) өндірістік сынақтар жүргiзуге орындаушы ұйымдармен шарттар жасасады және оларға пестицидтердiң (улы химикаттардың) тәжірибелік және эталондық үлгісін тегін ұсынады, сондай-ақ орындаушы ұйымдарға осы сынақтарды жүргізу ақысын төлейді.
      35. Пестицидтiң (улы химикаттың) өндірістік сынақтары аяқталғаннан кейін орындаушы ұйым ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейін Ведомство мен тiркелушiге (өтінім берушiге) пестицидтi (улы химикатты) тіркеу мүмкіндігі, оны қолдану регламенттері мен шектеулері туралы, сондай-ақ келеңсіз теріс әсері туралы нақты қорытындыларымен және айқын ұсыныстарымен жинақталған сынақтар нәтижелері бар өндірістік сынақтар нәтижелерi туралы есепті осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
      36. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) өндірістік сынақтарын жүргізу нәтижелері бойынша Ведомствоның облыстық аумақтық инспекциялары пестицидтердi (улы химикаттарды) өндірістік тексеру актілерін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      37. Жүргізілген өндірістік сынақтар нәтижелері Ведомствоға пестицидтi (улы химикатты) сыналған шығыс нормаларында тiркеу мүмкіндігі туралы бiр мәндi қорытынды жасауға мүмкіндік бермесе, онда тiркелушiнiң (өтінім берушінiң) келісімі бойынша өндiрiстiк сынақтар мерзімі бiр жылға ұзартылады немесе одан әрі өндiрiстiк сынақтар жүргiзе отырып, шығыс нормаларын анықтау үшін пестицид (улы химикат) тiркеулік сынақтар кезеңіне қайтарылады немесе бұдан әрі мемлекеттiк сынақтардан алып тасталады.

4. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеу

      38. Мемлекеттiк тiркеуге олар бойынша қажетті көлемде тіркеу және өндірістік сынақтары, пестицидтердi (улы химикаттарды) токсикологиялық бағалау жүргізілген, тіркеу досьесі мен денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың келісімі алынған пестицидтер (улы химикаттар) жатады.
      39. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу үшін тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға ағымдағы жылғы 30 қарашаға дейін мемлекеттік немесе орыс тілінде тіркеу досьесін ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
      1) тiркелушiнің (өтінім берушінің) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімі;
      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті (улы химикатты) тіркеу және өндірістік сынақтарының нәтижелері туралы есептер;
      3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерінің құрамын анықтау жөніндегі есептер;
      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) өндірістік тексеру актісі;
      5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицид (улы химикат) туралы мәліметтер;
      6) пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      7) пестицидтiң (улы химикаттың) қауіптілігін гигиеналық бағалау жөніндегі есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      8) пестицидтi (улы химикатты) өндіру және қолдану кезіндегі еңбек шарттарын санитариялық-гигиеналық зерттеулер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      9) пестицидтi (улы химикатты) токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      10) пестицидтi (улы химикатты) экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      11) пестицидтi (улы химикатты) ара шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептер (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында, Украинада осы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми ұйымдардың зерттеу нәтижелерін ұсынуға рұқсат беріледі);
      12) пестицидтегi (улы химикаттағы) әрекет етуші затты анықтаудың талдамалық әдісі. Тiркелушi (өтінім беруші) әдісті Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді жүргізеді (бейімделген тәсілді де ұсынуға рұқсат беріледі);
      13) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша D1 тарауына (21-тармаққа) сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (Ресей Федерациясында, Беларусь Республикасында және Қазақстан Республикасында бейімделген әдістемелерді ұсынуға рұқсат беріледі);
      14) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша D1 тарауына (21-тармаққа) сәйкес пестицидтердiң (улы химикаттардың) жұмыс аймағының ауасындағы қалдық мөлшерлерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бейімделген әдістемелерді де ұсынуға рұқсат беріледі);
      15) пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі құрамының нормативтері (пестицидтiң (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең көп жол берілген деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы су қоймалары суындағы шекті жол берілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы шекті жол берілген шоғырлануы, пестицидтiң (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы болжамды қауiпсіз әрекет ету деңгейi, пестицидтiң (улы химикаттың) топырақтағы шекті жол берілген шоғырлануы) (Қазақстан Республикасының немесе Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы бекіткен);
      16) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      17) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      18) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік органның талаптарына сәйкес пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) ұйымдастыру стандарты (техникалық шарттар), препараттық нысанның рецептурасы, пестицидтi (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) лицензиялық келісімнің көшірмесі (ТМД елдерінде және Қазақстан Республикасында өндірілетін препараттар үшін);
      19) пестицидтi (улы химикатты) өндірушіге берілген пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге (формуляциялауға) рұқсатты куәландыратын құжат (шетелдік пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін белгіленген тәртіппен заңдастырылған) отандық пестицидтер (улы химикаттар) өндірушілер үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);
      20) пестицидті (улы химикатты) өндіруші әзірлеген пестицидтiң (улы химикаттың) қауіпсіздік паспорты;
      21) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi (улы химикатты) тасымалдаусақтауқолдану және залалсыздандыру жөніндегі ұсынымдар;
      22) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараты бар ыдыс заттаңбасының үлгісі.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      40. Орындаушы ұйымдардағы, сондай-ақ оларды қарауға қатысатын мемлекеттік мекемелердегі пестицидтерге (улы химикаттарға) барлық тіркеу материалдары жариялануға жатпайды. Ведомство Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелушi (өтінім беруші) ұсынған тіркеу материалдарының, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк сынақтарды жүргiзуге өтінімдердің құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
      Тiркелушi (өтінім беруші) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден бас тартқан кезде тіркеу материалдарының барлығы оның жазбаша сұратуы бойынша тiркелушiге (өтінім берушіге) қайтаруға жатады.
      Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      41. Ведомство пестицидке (улы химикатқа) тіркеу материалдарын қарайды және тіркеу дерекнамасы ұсынылған күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды. Мемлекеттік тіркеуге «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылданады.
      Осы мерзім ішінде Ведомство қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұрау салуды келісуге жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге келісу немесе одан бас тарту туралы жауап жолдайды. Келісетін мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда, пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      42. Қарастырылған тіркеу материалдары бойынша Ведомствоның мынадай:
      1) пестицид (улы химикат) тіркелсін;
      2) пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден бас тартылсын деген шешімдердің бірімен қорытындысы дайындалады.
      Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      43. Шешім қабылданғаннан кейін Ведомство осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті қорғау дәрежелері бар белгіленген нысандағы пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу куәліктерін ресімдейді. Тіркеу куәлігінің түпнұсқасы тiркелушiге (өтінім берушіге) немесе белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхаты бар ол уәкілеттік берген тұлғаға беріледі. Пестицидке (улы химикатқа) тіркеу куәлігінің көшірмесі Ведомствода сақталады.
      44. Тіркелген пестицид (улы химикат) пестицидтер (улы химикаттар) тізіміне толықтыру жолымен енгізіледі. Пестицидтi (улы химикатты) тiркеу немесе қайта тiркеу күні мен мемлекеттік тіркеу нөмірi пестицидтер (улы химикаттар) тiзiліміне жазылады және пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi мен оның толықтыруларында көрсетiледi. Пестицидтер (улы химикаттар) тiзiлімін Ведомство қағаз және электрондық түрде жүргізеді.
      45. Ведомство пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмiн және (немесе) тізімге толықтыруларды тиісті бұйрықпен бекітеді, оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады және типографиялық тәсілмен басып шығарады. Пестицидтер (улы химикаттар) тізімінің және тізімге толықтырулардың электрондық және полиграфиялық нұсқаларының күштері бірдей.
      46. Пестицидтер (улы химикаттар) тізімінде және тiзiмге толықтыруларда белгілі әрекет етуші заттары бар пестицидтер (улы химикаттар) үшін әрекет етуші затты өндіруші көрсетіледі.
      47. Пестицидке (улы химикатқа) тiркеу куәлігінің қолданылу мерзiмi 10 жыл. Мерзiмi өткен соң пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тiркеу талаптарының өзгеруін ескере отырып, қайта тiркеу жүргізіледі.
      48. Таралуы фитосанитариялық болжамға сәйкес фитосанитариялық жағдайды нашарлатуы мүмкін жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдермен, сондай-ақ карантиндік объектілермен Қазақстан Республикасының аумағында күресу үшін қажетті пестицидтер (улы химикаттар) болмаса, алайда ғылыми-зерттеу институттарының оң ұсынымдары және аталған пестицид (улы химикат) ұқсас қолданылу аясы бойынша (сол дақылда және сол зиянды организмдерге қарсы) ТМД елдерінде тіркелген болса, пестицидті (улы химикатты) 2 жылдан аспайтын мерзімге уақытша тiркеуге рұқсат етіледі.
      Бұл ретте пестицидтерді (улы химикаттарды) кейіннен міндетті түрде мемлекеттік тіркеу жүргізіледі. Аталған пестицидті (улы химикатты) 10 жылға дейінгі мерзімге мемлекеттік тiркеу үшін кейіннен денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың қорытындыларын ұсына отырып, пестицидті (улы химикатты) тіркеу және өндірістік сынақтары және токсикологиялық бағалауы жүргізіледі.
      49. Пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға:
      1) осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық ұсынбау;
      2) қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді келісуден дәлелді бас тартуының болуы;
      3) пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк сынақтары мен токсикологиялық бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргiзу әдiстемелерін бұзу;
      4) ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып ресімдеу;
      5) пестицидтiң (улы химикаттың) адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қауiптi әсері туралы бұрын белгiсiз деректер алу, пестицидтердiң (улы химикаттардың) әрекеті етуші заттарын Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенциялардың тізбелеріне және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға тыйым салынған пестицидтер (улы химикаттар) тізбесіне енгізу;
      6) тiркеуге ұсынылған пестицидтердiң (улы химикаттардың) шығыс нормаларының Кеден одағы елдерiнде ұқсас дақылдар және дәл сол зиянды организмдерге қарсы тiркелгендерден айтарлықтай айырмашылықтары;
      7) пестицидтiң (улы химикаттың) немесе әрекет етуші заттың химиялық құрамының, рецептурасының және өндiру технологиясының өзгеруi;
      8) пестицидтiң (улы химикаттың) құрамында Қазақстан Республикасының патентімен қорғалатын әрекет етуші заттың болуы негiз болады.
      Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      50. Тіркелген пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу егер:
      1) пестицидтiң (улы химикаттың) физикалық-химиялық, токсикологиялық және басқа да сипаттамаларының мемлекеттік тіркеу кезіндегі тіркеу материалдарында мәлімделгенге сәйкес келмеуі анықталса;
      2) тіркеу дерекнамасының материалдары осы Қағидалардың 39-тармағында жазылған талаптарға сәйкес келмесе, тоқтатыла тұрады.
      Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаннан кейін Ведомство тiркелушiге (өтінім берушіге) анықталған сәйкессіздік және хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыру немесе жаңа деректермен толықтыру қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.
      Тiркелушi (өтінім беруші) тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізген жағдайда, Ведомство тіркеу материалдары ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес талаптарға сәйкестігін қарайды және пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді қайта бастау немесе оны мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      Тiркелушi (өтінім беруші) хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізбеген жағдайда, Ведомство пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      51. Пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу пестицидтiң (улы химикаттың) адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қауiптi әсері, ресми анықталып, тиісті актімен ресімделген оны өндірісте қолдану кезіндегі жеткіліксіз тиімділігі туралы бұрын белгiсiз мәлiметтер алынған кезде, пестицидтiң (улы химикаттың) химиялық құрамы, рецептурасы және өндiру технологиясы өзгерген кезде, сондай-ақ пестицид (улы химикат) Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенциялардың тізбелеріне және Қазақстан Республикасында тыйым салынған пестицидтер (улы химикаттар) тізбесіне енгізілген кезде оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылады.
      52. Ведомство пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеудің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды, тиісті бұйрық шығарады, бұл туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады және пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi мен оның толықтыруларына өзгерістер енгізеді.
      53. Ведомство бұйрық шыққаннан кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде тiркелушiге (өтінім берушіге) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеудің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тiркелушi (өтінім беруші) жазбаша хабарламаны алған сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Ведомствоға тіркеу куәлігін қайтарады.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      54. Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидті (улы химикатты) тiркелушiмен (өтінім берушімен) лицензиялық келісім бойынша Қазақстан Республикасында өндіру (формуляциялау) жоспарланса, Ведомствоға лицензиялық келісімнің көшірмесі мен пестицидті (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйымның стандарты, сондай-ақ өндіруші зауыттың осы әрекет етуші затты өндіруге рұқсаты немесе лицензиясы (белгіленген тәртіппен расталған көшірмесі) беріледі. Бұл ретте жаңадан тіркеу және өндірістік сынақтар жүргізілмейді.
      55. Тіркелген пестицид (улы химикат) және оның әрекет етуші заты өндірілетін өндіруші зауыт рецептурасы мен өндіру технологиясы сақтала отырып ауысқан кезде тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға жазбаша түрде бұл туралы хабарлайды және өндіруші зауыттың осы пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге рұқсатын немесе лицензиясын (белгіленген тәртіппен расталған көшірмесін), сондай-ақ пестицидтің (улы химикаттың) құрамы мен әрекет етуші заттарының бірдейлігін растайтын зертханалық талдау деректерін қоса береді.
      Бұл ретте мемлекеттік тіркеу мерзімі сақталады, пестицидті (улы химикатты) жаңа тіркеу және өндірістік сынақтары жүргізілмейді. Тiркелушiге (өтінім берушіге) жаңа тіркеу куәлігі берілмейді.
      56. Мемлекеттік тіркеу мерзімі өтiп кеткен пестицидтер (улы химикаттар) қайталама тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргiзусіз қайта тiркеуге жатады.
      57. Пестицидтердi (улы химикаттарды) қайта тiркеу үшін тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға мына құжаттарды:
      1) пестицидтiң (улы химикаттың) саудалық атауын, әрекет етуші затын өндiрушінi, препараттық нысаны мен оның құрамын, пайдалану (қолдану) регламенттерін растай отырып өтiнiм;
      2) бұрын берiлген тiркеу куәлiгінiң түпнұсқасын;
      3) осы Қағидалардың 39-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бұрын берiлмеген пестицид (улы химикат) туралы жаңа мәліметтерді бередi.
      58. Қайта тiркеуге өтiнiм мен тиісті құжаттар мемлекеттік тiркеу мерзiмiнің аяқталуына дейін 40 (қырық) жұмыс күні бұрын беріледi.
      Ведомство пестицидті (улы химикатты) қайта тіркеу туралы шешім қабылдайды, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке (улы химикатқа) жаңа тіркеу куәлігін ресімдейді және береді, бұл туралы ақпаратты өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырады және пестицидтер (улы химикаттар) тiзiмi мен оның толықтыруларына өзгерістер енгізеді.
      Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      59. Мына жағдайларда:
      1) қауіптілігі туралы бұрын белгiсiз жаңа деректер алынғанда;
      2) пестицид (улы химикат) Қазақстан Республикасы ратификациялаған конвенциялардың тізбелеріне және Қазақстан Республикасында тыйым салынған пестицидтер (улы химикаттар) тізбесіне енгізілгенде;
      3) пестицидтiң (улы химикаттың) тиісті актімен ресми ресімделген өндiрiсте қолданылған кездегі биологиялық тиiмдiлiгi мемлекеттік тіркеу кезінде анықталғаннан төмен болғанда;
      4) пестицидтiң (улы химикаттың) химиялық құрамы, рецептурасы және өндіру (формуляциялау) технологиясы өзгергенде, пестицидтер (улы химикаттар) қайта тiркеуге жатпайды.
      60. Пестицидтiң (улы химикаттың) тиісті актімен ресми ресімделген өндiрiсте қолданылған кездегі шығыс нормаларының биологиялық тиiмдiлiгi мемлекеттік тіркеу кезінде анықталғаннан төмен болған кезде, сондай-ақ препараттың нысанының химиялық құрамы, құрауыштар құрамы өзгерген кезде пестицидті (улы химикатты) жаңа тiркеу және өндiрiстiк сынақтары жүргiзіледi, олардың нәтижелері бойынша тiркелушiге (өтінім берушіге) жаңа тіркеу куәлігі беріледі.
      61. Тiркелушi (өтінім беруші) пестицидтiң (улы химикаттың) химиялық құрамындағы, рецептурасындағы және өндіру (формуляциялау) технологиясындағы барлық өзгерістер, сондай-ақ оның қауiптiлiгi туралы жаңа деректер пайда болғаны туралы ақпарат ұсынады.
      62. Тiркелушi (өтінім беруші) ауысқан немесе тiркелушiнің (өтінім берушiнің) атауы өзгерген кезде тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға бұл туралы жазбаша хабарлайды және мына құжаттарды:
      1) пестицидтiң (улы химикаттың) саудалық атауын, әрекет етуші затын өндiрушінi, препараттық нысаны мен оның құрамын, қолдану регламенттерін растай отырып өтiнiм;
      2) бұрын берiлген тiркеу куәлiгінiң түпнұсқасын;
      3) тiркелушiнің (өтінім берушінің) қайта ұйымдастырылуын немесе пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу құқығын жаңа тiркелушiге (өтінім берушіге) беруін растайтын құжаттарды;
      4) жаңа тiркелушi (өтінім беруші) тұлғасының атынан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген пестицидке (улы химикатқа) қысқаша досье мен материалдарды;
      5) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама қоса беріледі.
      Бұл ретте мемлекеттік тіркеу мерзімі сақталады, пестицидтерді (улы химикаттарды) жаңа тіркеу және өндірістік сынақтары жүргізілмейді. Тiркелушiге (өтінім берушіге) жаңа тіркеу куәлігі беріледі.
      Ескерту. 62-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 N 78 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк  
тiркеу қағидаларына    
1-қосымша         

Нысан

Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу немесе өндірістік
сынақтарын жүргiзуге өтінім (тiркелушiнің (өтінім
берушiнің) фирмалық бланкілерінде ұсынылады және
тiркелушiнің (өтінім берушiнің) қолымен және мөрімен
куәландырылады)

      Тiркелушi (өтінім берушi)
_______________________________________________________________
                     (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
_______________________________________________________________
           (мемлекет, мекенжайы, телефоны, факсы, е-mail)
 
      Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттiк тiркеуді жүргізу үшін Қазақстан Республикасында тiркеу немесе өндірістік сынақтарын жүргiзу жоспарына (қажеттілігі бойынша белгілеңіз) мынадай қолдану регламентерімен келесі пестицидтердi (улы химикаттарды) енгізуді сұраймын:

Саудалық атауы, препараттық нысаны, әрекет етуші затының құрамы, ә.з.өндіруші, тiркелушi (өтінім берушi)

Препараттың шығыс нормасы (л/га, кг/га, л/т, кг/т)

Дақыл, өңделетін объекті

Зиянды организм

Өңдеу тәсілі, уақыты, шектеулер, жұмыс сұйықтығының шығысы

Соңғы өңдеу мерзімі, өнімді жинауға дейінгі күндерде, ең көп өңдеу дүркіндігі

1

2

3

4

5

6

_____________________________       ____________________________
       (лауазымы, қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты)

      М.О _______________
              (күні)

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк  
тiркеу қағидаларына    
2-қосымша         

Нысан

_____________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның – тiркелушiнің (мәлiмдеушiнің) атауы)

_____________________________________________________________________
      (заңды мекенжайы, нақты мекенжайы, телефон, факс, е-mail)

Пестицид (улы химикат) туралы мәліметтер (қысқаша досье)

_____________________________________________
(пестицидтiң (улы химикаттың) атауы)

      А. Негізгі мәліметтер
      1. Пестицидтiң (улы химикаттың) атауы
      2. Өндіруші (атауы, заңды мекенжайы, нақты мекенжайы, телефоны, факсы, е-mail)
      3. Пестицидтiң (улы химикаттың) мақсаты
      4. Әрекет етуші зат (ISO, IUPAC, N CAS бойынша)
      5. Әрекет етуші заттың химиялық сыныбы
      6. Әрекет етуші заттың концентрациясы (г/л немесе г/кг)
      7. Препараттық нысаны
      8. Пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған кауіпсіздік паспорты
      9. Қазақстан Республикасы және ТМД елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған нормативтік және/немесе техникалық құжаттама
      10. Пестицидтi (улы химикатты) өндірушінің оны тіркеуге ұсынуға рұқсаты (егер өндіруші өзі тiркелушi болмаған жағдайда)
      11. Тiркелушiге өндірушіні білдіруге рұқсат (микробиологиялық препараттар үшін)
      12. Басқа елдерде тіркеу (тіркеу куәлігінің нөмірі, берілген күні, қолдану аясы мен регламенттері)
      В. Пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық тиімділігін, қауіпсіздігін бағалау жөніндегі мәліметтер
      1. Әрекет ету спектрі
      2. Қолданылу аясы:
      1) Дақылдар
      2) Зиянды объектілер (латынша атауларымен) немесе мақсаты
      3. Ұсынылатын қолдану регламенттері:
      1) Өңдеулер жүргізу мерзімі
      2) Қорғалатын дақылдардың даму фазасы
      3) Зиянды организмнің даму фазасы (сатысы)
      4) Өңдеулер дүркіндігі;
      5) Өңдеулер арасындағы аралық
      4. Ұсынылатын шығыс нормасы және қолдану тәсілі
      5. Ұсынылатын күту мерзімі (өнімді жинауға дейінгі күндерде)
      6. Зиянды организмдерге әсер ету түрі (тетігі):
      1) Жүйелі
      2) Жанаспалы
      3) Өзге
      7. Қорғау әрекетінің кезеңі
      8. Селективтілігі
      9. Әрекет ету жылдамдығы
      10. Басқа препараттармен үйлесімдігі
      11. Биологиялық тиімділігі:
      1) Зертханалық және өсімдік тәжірибелері
      2) Танаптық тәжірибелер
      12. Фитоуыттылығы, қорғалатын дақылдардың төзімділігі
      13. Төзімділіктің туындау мүмкіндігі
      14. Дақылдардың ауыспалы егісте ауысу мүмкіндігі
      15. Басқа елдерде биологиялық тиімділігін және қауіпсіздігін бағалау нәтижелері:
      1) Ел
      2) Қорғалатын дақыл
      3) Зиянды организм
      16. Басқа елдерде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерлерін анықтау нәтижелері (динамикада)
      17. Препараттың қорғалатын агроценоздың пайдалы энтомофаунасына әрекеті
      С. Пестицидтiң (улы химикаттың) физикалық-химиялық қасиеттері
      С1. Әрекет етуші заттың физикалық-химиялық қасиеттері
      1. Әрекет етуші зат (ISO, IUPAC, N CAS бойынша)
      2. Құрылымдық формуласы (оптикалық изомерлері көрсетілсін)
      3. Эмпириялық формуласы
      4. Молекулалық массасы
      5. Агрегаттық күйі
      6. Түсі, исі
      7. 20 град.С және 40 град.С кезіндегі бу қысымы
      8. Суда еруi
      9. Органикалық еріткіштерде еруi
      10. n-октонол/су бөліну коэффициентi
      11. Балқу температурасы
      12. Қайнау және қату температурасы
      13. Жалындау және тұтану температурасы
      14. 20 град. С кезінде су ерітiндiлерінде (рН 5, 7, 9) тұрақтылығы
      15. Тығыздығы (зат газ күйiнде болған жағдайда 0 град. С және 760 мм. сын. бағ. тығыздық көрсетілсін)
      С1-1. Техникалық өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері
      1. Техникалық өнiмнiң тазалығы, қоспалардың сандық және сапалық құрамы
      2. Агрегаттық күйi
      3. Иiсi, түсi
      4. Балқу температурасы
      5. Жалындау және тұтану температурасы
      6. Тығыздығы (зат газ күйiнде болған жағдайда 0 град. С және 760 мм. сын. бағ. тығыздық көрсетілсін)
      7. Термо және фототұрақтылығы
      8. Техникалық өнiмнің тазалығын анықтауға арналған, сондай-ақ өнiмнің құрамын, изомерлерді, қоспаларды және т.б. анықтауға мүмкіндік беретін талдау әдісi
      С2. Пестицидтiң (улы химикаттың) препараттық нысанының физикалық-химиялық қасиеттері
      1. Агрегаттық күйi
      2. Иiсi, түсi
      3. Сулы эмульсияның немесе суспензияның түрақтылығы
      4. pH
      5. Ылғал құрамы (%)
      6. Тұтқырлығы
      7. Шашыраңқылығы
      8. Тығыздығы
      9. Бөлшектер мөлшері (ұнтақ, түйiршiк және т.б.)
      10. Дымқылданғыштығы
      11. Тұтану температурасы
      12. Кристалдану температурасы, аязға төзімділігі
      13. Ұшқырлығы
      14. Нығыздалу туралы деректер
      15. Коррозиялық қасиеттері
      16. Қоспалардың сандық және сапалық құрамы
      17. Сақтау кезіндегі тұрақтылығы
      С3. Пестицидтiң (улы химикаттың) құрамы
      1. ISO, IUPAC, N CAS сәйкес әр құрамдық бөлігі үшін химиялық атауы
      2. Препараттық нысанындағы құрамдық бөліктердің функционалдық мәні және олардың құрамы
      С4. Микробиологиялық препараттар. Белсенді ингредиент пен препараттық нысанның (микроорганизмдердің тіршілік әрекеті өнімдері негізіндегі бактериялық, грибоктық, вирустык, микроспороидалық препараттардың) қасиеттері және құрамы туралы мәліметтер
      С4-1. Штамм-продуцент қасиеттері
      1. Микроорганизмнің түр атауы (латынша атауы)
      2. Штамның (изоляттың) нөмірі немесе атауы
      3. Штамды бөлу көзі
      4. Дақылдық-морфологиялық және биохимиялық қасиеттері, сәйкестендіру тестілері мен өлшемдері (сондай-ақ сәйкестендіруді жүргізген ұйым көрсетілсін)
      5. Зиянды объектіге қатысты патогендік немесе антогонизм
      6. Осы түрдің қолда (оның ішінде шетелде) бар штамдарынан айырмашылығы
      7. Микроорганизмдердің сол түрінің өзге штамдарының жасаушаларын лизистейтін фагтарға қатынасы
      8. Штамды сақтау тәсілі, шарттары және сақтау ортасының құрамы
      9. Микроорганизмдерді көбейту тәсілі, шарттары және көбейту ортасының құрамы. Вирустар мен микроспоридиялар үшін өсіруге арналған өзіне тән шикізаттың сипаттамасы көрсетіледі
      10. Микроорганизмді қоршаған ортаның микробтық қауымдастықтарында және биоматериалдарда табу тәсілі
      11. Штаммен синтезделетін өнім (химиялық құрамы, құрылымдық формуласы, тұрақтылығы, қалдықтарды анықтау әдісі)
      12. Мақсатты объектіге әрекет ету тетігі
      С4-2. Препараттық нысанның сипаттамасы
      1. Пестицидтiң (улы химикаттың) құрамы: әрекет ету басының (тірі жасаушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрі, вирустық түйіршіктердің, қосындылардың титрі), қосалқы заттардың құрамы және олардың мақсаты
      2. Агрегаттық күйі
      3. Дымқылданғыштығы
      4. Ылғал құрамы
      5. Бөгде микрофлораның құрамы
      6. Әрекет ету бастауын айқындау әдісі
      7. Сақтау шарттары мен мерзімдері
      8. Жұмыс ерітінділерін әзірлеу тәсілі
      9. Басқа пестицидтермен (улы химикаттармен) және агрохимикаттармен үйлесімділігі
      D. Токсикологиялық-гигиеналық сипаттамасы
      D1. Әрекет етуші заттың (техникалық өнімнің) токсикологиялық сипаттамасы
      1. Күшті пероральдық уыттылығы (егеуқұйрықтар; егер созылмалы уыттылық жануардың бір түрінде болса – егеуқұйрықта, тышқанда). ҚМ50 (мг/кг дене массасына).
      2. Күшті терілік уыттылығы. ҚМ50 (мг/кг дене массасына).
      3. Күшті ингаляциялық уыттылығы (динамикалық әрекет ету жағдайында). ҚМ50 (мг/м3).
      4. Барлық түсу жолдары кезіндегі күшті интоксикацияның клиникалық белгілері (пероральдық, дермальдық, ингаляциялық).
      5. Теріге және шырышты қабықтарға түршіктіру әрекеті.
      6. Тауықтарда бәсен нейротоксикалық әрекеті (фосфорорганикалық пестицидтер (улы химикаттар) үшін міндетті түрде, басқалар үшін – қажет болса).
      7. Күштілеу пероральдық уыттылығы. NOEL (мг/кг дене массасына немесе шоғырлану коэффициенті).
      8. Күштілеу терілік уыттылығы (қажет болса). NOEL (мг/кг дене массасына).
      9. Күштілеу ингаляциялық уыттылығы (қажет болса). NOEL (мг/м3).
      10. Сенсибилизирлеуші әрекеті, иммуноуыттылығы.
      11. Созылмалы уыттылығы (әрекет етпейтін әсер деңгейі) NOEL (мг/кг дене массасына).
      12. Онкогендігі.
      Сыналатын агентті кеміргіштердің екі түріне (тышқандар, егеуқұйрықтар): 24 ай бойы егеуқұйрықтарға және 18 немесе 24 ай бойы тышқандарға енгізумен (енгізу жолы көрсетіледі) өміршеңдігі жөніндегі материалдарды (кестелерді) және:
      1) тиімді сан (барлық экспериментте алғашқы ісік табылғанға дейін тірі қалған жануарлардың саны). Әртүрлі оқшаулаудағы алғашқы ісіктер табылған мерзімдерде көп айырмашылық болса (6 ай немесе одан көп) тиімді сандар ерте және кеш ісіктерге бөлек беріледі;
      2) ісіктердің барлық түрлері бар жануарлар саны, қатерлі ісіктері бар жануарлар саны, 2 және одан көп ісіктері бар жануарлар саны;
      3) ісіктері метастазаланған жануарлар саны;
      4) ісіктердің түрі мен санын көрсете отырып, жекелеген органдарында ісіктері бар жануарлар саны;
      5) эксперименталдық және тарихи бақылау жөніндегі деректер;
      6) онкогендік жөнінде NOEL (мг/кг дене массасына) бар кестелерді (тәжірибелік және бақылау топтары, еркектер және ұрғашылар бойынша бөлек) көрсетумен анықталатын онкогендік.
      13. Тератогендігі және эмбриоуыттылығы (ана мен ұрық үшін әрекет етпейтін әрекет ету деңгейі, мг/кг дене массасына).
      14. «2-ұрпақ» әдісі бойынша репродуктивтік функциясы (ата-аналары (аналары, әкелері) мен ұрпақ үшін әрекет етпейтін әрекет ету деңгейі, мг/кг дене массасына).
      15. Мутагендігі:
      1) Эймс Сальмонелла микросома тесті (гендік мутациялар есебі): хаттамаға мынадай мәліметтер енгізіледі: тестерлік микроорганизмдердің түрі мен штамдары, эксперименттің схемасы, зерттелетін заттар мен позитивті бақылаулар концентрациясы (дозасы), метаболдық белсендіру жүйесі, алынған бастапқы нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу;
      2) сүтқоректілердің сүйек майы жасаушасындағы in vivo (хромосомдық аберрациялар және/немесе микроядролар есебі) цитогенетикалық зерттеулер: хаттамаға мынадай мәліметтер енгізіледі: жануарлардың түрі, тобы, жынысы, эксперимент схемасы, зерттеліп жатқан заттардың және позитивті бақылаудың дозасы, енгізу жолы, ұзақтығы және еселігі, микроскоптық талдаудың алынған бастапқы нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу;
      3) ДНҚ зақымдануын бағалау (кез келген жақсы верификацияланған және жалпы қабылданған тәсілмен): хаттамаға мынадай мәліметтер енгізіледі: зерттеу схемасы, жануарлардың түрі, тобы, жынысы немесе жасаушалар немесе ұлпалар дақылдарының штамдары, эксперимент схемасы, алынған бастапқы талдау нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу;
      4) адамның шеткі қаны лимфоциттеріндегі in vitro (хромосомдық аберрациялар есебі) цитогенетикалық зерттеулері: хаттамаға мынадай мәліметтер енгізіледі: зерттеу схемасы, зерттелетін заттар мен позитивті бақылаулар концентрациясы (дозасы), метаболдық белсендіру жүйесі, микроскоптық талдаудың алынған бастапқы нәтижелері және оларды статистикалық өңдеу.
      Кешенді бағалауға гендік, хромосомдық мутацияларды және ДНҚ зақымдануын зерттелетін препаратпен индукциялауды, стандартты халықаралық хаттамаларға сәйкес келетін өзге де әдістері (тестілерді) енгізуге жол беріледі.
      16. Сүтқоректілер ағзасындағы метаболизм, негізгі метаболиттер, олардың уыттылығы, токсикокинетика және, қажет болса, токсикодинамика. Жемдік дақылдар мен мал шаруашылығында пайданылатын препараттар үшін емізетін жануарлардағы экреция жөніндегі деректер (шығару, ішкі мүшелер мен бұлшықеттерде жиналу жолы, сүтпен шығу мүмкіндігі, негізгі метаболиттер көрсетілсін).
      17. Қоршаған орта объектілерінде, оның ішінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінде тұрақтылығы және метаболизмі (Т50 және Т50).
      18. Зиянды әрекетті шектеуші көрсеткіш.
      19. Жол берілген тәуліктік доза (ЖТД).
      20. Тамақ өнімдері мен қоршаған орта объектілеріндегі гигиеналық нормативтер немесе нормалау орынсыздығының ғылыми негіздемесі (негіздеме бойынша материалдар ұсыну):
      1) тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатында мейлінше жол берілген деңгей (МЖД/ЖМЖД);
      2) санитариялық-тұрмыстық су пайдалану көздерінің суындағы шекті жол берілген концентрация (ШЖК).
      Су айдындарының суына гигиеналық норматив әзірлеу кезінде бірыңғай әдістемелік тәсілдері пайдаланып жүргізген жағдайда пестицидтердi (улы химикаттарды) балық шаруашылығын бағалауды жүргізетін ғылыми-зерттеу мекемелерінен алынған пестицидтің (улы химикаттың) судың химиялық құрамына және су ортасының өзін-өзі тазалау процестеріне әрекетін бағалау жөніндегі деректер қабылдана алады;
      3) атмосфералық ауадағы ШЖК (Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін);
      4) атмосфералық ауадағы шамамен қауіпсіз әрекет ету деңгейі (ШҚӘД) (қажет болса);
      5) жұмыс аймағының ауасындағы ШЖК (Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін және айқын ингаляциялық қауіпі бар импортталатын пестицидтер (улы химикаттар) үшін);
      6) жұмыс аймағының ауасындағы шамамен қауіпсіз әрекет ету деңгейі (ШҚӘД) (қалған пестицидтер (улы химикаттар) үшін);
      7) топырақ үшін ШЖК (шектес орталарға жылыстауға айқын қабілеттілігі бар тұрақты пестицидтер (улы химикаттар) үшін);
      8) қалған пестицидтер (улы химикаттар) үшін топырақта шамамен жол берілген шоғырлануы (ШЖШ).
      Топырақ үшін гигиеналық норматив әзірлеу кезінде бірыңғай әдістемелік тәсілдерді пайдаланып жүргізген жағдайда пестицидтерді (улы химикаттарды) экологиялық бағалауды жүргізетін ғылыми-зерттеу мекемесінен алынған топырақтағы беталысын зерттеу жөніндегі деректер қабылдана алады.
      21. Тамақ өнімдерінде, қоршаған орта объектілерінде және биологиялық ортада пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерін (қажет болса метаболиттерді) анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар:
      1) ауыл шаруашылығы өнімінде (оны қайта өңдеу өнімдерінде) және басқа өсімдік объектілерінде пестицидтердiң (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) қалдық мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;
      2) топырақта пестицидтердiң (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) қалдық мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;
      3) суда пестицидтердiң (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) қалдық мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;
      4) ауада пестицидтердiң (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) концентрациясын анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар;
      5) биологиялық орталарда пестицидтердiң (улы химикаттардың) (қажет болса метаболиттердің) қалдық мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.
      22. Пестицидтiң (улы химикаттың) қауіптілігін бағалау – ФАО/ДДСҰ, ЕРА, Европалық одақтың сарапшылар тобының отырысында қарастыру деректері.
      D2. Препараттық нысанның токсикологиялық сипаттамасы
      1. Күшті пероральдық уыттылығы (егеуқұйрықтар). ҚМ50 (мг/кг дене массасына)
      2. Күшті терілік уыттылығы. ҚМ50 (мг/кг дене массасына)
      3. Күшті ингаляциялық уыттылығы (егеуқұйрықтар). ҚМ50 (мг/м3)
      4. Барлық түсу жолдары кезіндегі күшті интоксикацияның клиникалық белгілері (пероральдық, дермальдық, ингаляциялық)
      5. Теріге және шырышты қабықтарға түршіктіру әрекеті
      6. Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін күштілеу пероральдық уыттылық (шоғырлану қасиеттері, шоғырлану коэффициенті)
      7. Сенсибилизирлейтін әрекеті
      8. Препаративтiк нысан компоненттерінің (толықтырғыштар, эмульгаторлар, тұрақтандырғыштар, ерiткiштер) токсикологиялық сипаттамасы
      Пестицид (улы химикат) құрамында әрекет етуші затқа қарағанда улы әрекетін едәуір күшейтуге қабілетті уыттылығы мәнді заттар болған жағдайда, пестицидтің (улы химикаттың) препаративтік нысанын токсикологиялық бағалау жөніндегі деректер әрекет етуші заттың және препаративтiк нысан компоненттерінің қасиеттерін, сондай-ақ метаболизмді ескере отырып кеңейтілуі мүмкін.
      D3. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндіру мен қолдануды гигиеналық бағалау
      D3.1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) халыққа әрекетінің нақты қауіпін (қатерін) гигиеналық бағалау
      1. Пестицидтi (улы химикатты) қолдану кезінде алынған тамақ өнімдерінің халыққа қауіптілігін бағалау:
      1) зерттелетін объектілерде пестицидтiң (улы химикаттың) әрекет етуші затының қалдық мөлшерінің болуы ұсынылған ең жоғары шығыс нормалары мен өңдеулер дүркіндігі зерттеледі;
      2) себу алдында тұқымды өңдеу үшін, себуге дейін, бірден сеуіп болғаннан кейін, гүлденуге дейін (жеміс-жидек дақылының), өсіп-өніп жатқан өсімдіктерде (егер соңғы өңдеу егін жинауға дейін 60 күннен астам күн бұрын жүргізілсе) қолданылатын пестицидтер (улы химикаттар) үшін пестицидтердiң (улы химикаттардың) әрекет етуші заттарының қалдық мөлшерлерін дақыл өнімінің элементерінде ғана анықталады;
      3) жемдік дақылдарда немесе көк балаусасы тікелей мал азығына пайдаланылуы мүмкін дақылдарда, ашық және жабық (маусымда бірнеше рет жиналатын) топырақтағы көкөніс және жасыл дақылдарда қолдануға ұсынылған пестицидтер (улы химикаттар) үшін күту мерзімін анықтау мақсатында соңғы өңдеу мерзіміне қарай әрекет етуші заттардың ыдырау динамикасы міндетті түрде зерттеледі;
      4) аналықтарда, тұқымдықтарда, көшеттіктерде, шикізаты жекелеген заттарды алуға жұмсалатын дәрілік, эфирмайлы дақылдарда, өңдеу аяқталған соң бір жылдан кейін жиналатын дәрілік, эфирмайлы дақылдарда, сәндік дақылдарда қолданылатын пестицидтер (улы химикаттар) үшін әрекет етуші заттардың қалдық мөлшерін зерттеу қажет емес;
      5) ауыл шаруашылығы емес қолданыстағы жерлерде (орман шаруашылығында, темір және тас жолы қарауына алынған жерлерде және т.б.) қолданылатын пестицидтер (улы химикаттар) үшін өңделген алқаптарға халықтың қауіпсіз шығуы мерзімдерін негіздеу мақсатында жабайы өсімдіктер өнімінде (саңырауқұлақтар, жидектер және т.б.) әрекет етуші заттардың қалдық мөлшерін зерттеу қажет;
      6) пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданып өсірілген өсімдіктер тектес ауыл шаруашылығы өнімінің органолептикалық қасиеттері мен тағамдық құндылығын анықтау жөніндегі зерттеулер ең көп пестицидтік (улы химикаттық) ауыртпалығы (шығыс нормасы, өңдеу дүркіндігі) бар және тікелей тамаққа пайдаланылатын өнімдер тобы өкілінің біреуі бойынша (жемістер, жидектер, жүзімдер, бақша, картоп) жүзеге асырылады. Қайта өңдеу өнімдерінде (өсімдік майы, шырындар) аталған зерттеулер пестицидтердiң (улы химикаттардың) әрекет етуші заттарының қалдық мөлшері өңделіп жатқан шикізатта (тұқым, жеміс, жидек) болғанда жүргізіледі.
      2. Пестицидтің (улы химикаттың) сумен түскен кездегі қаупін (қатерін) бағалау.
      Ең жоғары шығыс нормасы мен өңдеу дүркіндігі кезінде (қолданыстағы әдістемелік құжаттарға сәйкес) табиғи жағдайда жер үсті және жер асты су көздері суының ластану деңгейін зерделеу немесе бұл зерттеулерді жүргізу орынсыздығын негіздеу.
      3. Атмосфералық ауа ластануының халық үшін қауіптілігін бағалау әдеттегідей ең жоғары шығыс нормаларын ескере отырып пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезінде еңбек шарттарын гигиеналық бағалау жөнінде зерттеулер жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады. Бұл ретте пестицидтердің (улы химикаттардың) әрекет етуші заттарын санитарлық-қорғау аймақтары мен санитарлық үзілу аймақтарының сыртына көшіру өлшемдері белгіленеді.
      4. Нақты қауіпті (қатерді) – пестицидтердiң (улы химикаттардың) өніммен, ауамен және сумен сомалық түсуін есептеу жолымен пестицидтердiң (улы химикаттардың) халыққа кешенді әрекетін бағалау.
      Қауіптілігі 1, 2-сыныптағы пестицидтер (улы химикаттар) үшін олардың қоршаған орта объектілеріндегі мәніне мониторингілік зерттеулер жүргізілуі мүмкін.
      D3.2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезінде жұмыскерлердің еңбек шарттарын гигиеналық бағалау
      Зерттеулер пестицидтердi (улы химикаттарды) ең жоғары шығыс нормалары кезіндегі қолдану технологиясын ескере отырып қолданыстағы әдістемелік құжаттарға сәйкес жүргізіледі және операторлар үшін қатерді бағалауды, қолмен және механикаландырылған жұмыстарды жүргізуге арналған өңделген алқаптарға қауіпсіз шығу мерзімдерін негіздеуді қамтиды:
      1) танаптық дақылдарды сырықты бүрку кезінде;
      2) бақ дақылдарын вентиляторлық бүрку кезінде;
      3) дақылдарды әуелік әдіспен өңдеу кезінде;
      4) дақылдарды жабық топырақ жағдайында өңдеу кезінде;
      5) дәрілеу жөніндегі зауыттарда және дәрілеу пункттерінде тұқымды егу алдында өңдеу кезінде;
      6) пестицидтермен (улы химикаттармен) өңделген тұқымды себу кезінде (препараттың қауіптілік сыныбы, топырақта тұрақтылығы, қолдану аясы ескерілген көрсеткіштері бойынша);
      7) фумигациялау кезінде;
      8) пестицидтерді (улы химикаттарды) басқа технологияларды пайдалана отырып қолдану кезінде.
      Қажет болған жағдайда көрсетілген зерттеулерді жүргізу орынсыздығына негіздеме келтіріледі.
      Еңбек шарттарын гигиеналық бағалау белгіленген тәртіппен гигиеналық бағалаудан өткен техника мен жабдықтарды пайдалану кезінде ғана жүргізілуі тиіс.
      D3.3. Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтер (улы химикаттар) өндірісін (формуляциясын) гигиеналық бағалау техникалық құжаттаманы (ұйым стандарты (техникалық шарттар), техникалық регламенттер) талдауға негізделеді
      Бұл ретте:
      1) барлық технологиялық операцияларда жұмыс орнындарын аттестациялай отырып өндірістік ортаны бағалау жөнінде зертханалық зерттеулер жүргізу;
      2) ластағыштарды сәйкестендіру, жұмыскерлерге кешенді әрекет ету қатерін бағалау;
      3) жабдықты, материалдарды, аспирация жүйелерін гигиеналық бағалау;
      4) жалпы шығарындылар мен жерге жақын концентрациясын есептеу;
      5) өндірістік сарқынды суларды, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды және т.б. залалсыздандыру және кәдеге жарату тәсілдерін бағалау жүзеге асырылады.
      D4. Микробиологиялық препараттың препаратық нысанын токсикологиялық бағалау
      1. Күшті пероральды уыттылығы (тышқандар, егеуқұйрықтар) – ҚМ50
      2. Күшті ингаляциялық уыттылығы – ҚМ50
      3. Теріге және шырышты қабықтарға түршіктіру және сіңіру (қажет болса) әрекеті
      4. Сенсибилизирлеуші әрекеті
      5. Шоғырлану қасиеттері (пестицидтер (улы химикаттар) үшін микроорганизмдердің тіршілік әрекетінің өнімдері негізінде)
      6. Дисбактериоттық әрекеті
      7. Контаминантты микрофлораның (вирусты және микроспородиалдық пестицидтер (улы химикаттар) үшін) құрамы және жылықандылар үшін патогендігі жөнінде деректер
      8. Кейіннен болатын әрекеттер (токсиндері бар препараттар үшін):
      мутагендігі (Эймс тесті), тератогендігі
      D5. Микробиологиялық пестицидтердi (улы химикаттарды) пайдалану мен өндірудің гигиеналық регламенттерін белгілеу
      1. Гигиеналық нормалау қажет болған жағдайда пестицидтiң (улы химикаттың) қалдық мөлшерін динамикада зерделеу.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) ең жоғары шығыс нормалары мен әртүрлі технологияларды ескере отырып қолдану кезінде еңбек шарттарын гигиеналық бағалау.
      Жабық топырақта еңбек шарттарын зерделеу ашық топыраққа қарамастан жүргізіледі.
      3. Қажеттілігін негіздеу және пестицидтi (улы химикатты) өндіру мен қолдану кезінде халықтың және жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді әзірлеу (қажет болса):
      1) тамақ өнімдерінде МЖД;
      2) санитариялық-тұрмыстық су пайдалану көздеріндегі судағы ШЖК;
      3) жұмыс аймағы ауасындағы ШЖК (Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін);
      4) атмосфералық ауадағы ШҚӘД және ШЖК (Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін);
      5) жұмыс аймағы ауысындағы ШҚӘД (шетел пестицидтері (улы химикаттары) үшін);
      6) топырақ үшін ШЖК (өсімдіктерде транслокациялануға және басқа жүйелерге жылыстауға қабілетті орнықты пестицидтер (улы химикаттар) үшін);
      7) қалған пестицидтер (улы химикаттар) үшін топырақтағы ШЖК.
      D6. Микроорганизмді (бактериялар, саңырауқұлақтар) токсикологиялық бағалау
      1. Бактериялардың, саңырауқұлақтардың патогендігi (вируленттілігі, уыттылығы, уыттектілігі, таралуы) екi түрлi зертханалық жануарда бiр рет құрсаққа, асқазанға енгізу кезінде, жоғарғы тыныс жолдары мен көздің шырышты қабығы арқылы түскен кезде зерттеледi.
      2. Жоғарғы тыныс жолдары арқылы түскен кезде микроорганизмдердiң бiр ай ішінде иммундық жүйеге әрекеті (түршiктіру, аллергендiк, иммуноуыттылық, иммуномодульдеулік).
      D7. Микробтық синтез өнiмдерін токсикологиялық бағалау
      1. Күшті пероральдық уыттылығы (тышқандар, егеуқұйрықтар) – ҚМ50, күшті әрекет ету шегi (Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін);
      2. Күшті терiлік уыттылығы – ҚМ50;
      3. Күшті ингаляциялық уыттылығы – ҚМ50. Күшті әрекет ету шегi (Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің аумағында өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) үшін);
      4. Күшті уланудың клиникалық көріністері;
      5. Терi мен шырышты қабықтарға түршіктіру әрекеті;
      6. Күштілеу пероральдық уыттылығы (шоғырлану қасиеттерi), шоғырлану коэффициентi (Ресей аумағында өндірілетін препараттар үшін);
      7. Күштілеу терiлік уыттылығы;
      8. Түршiктіру әрекеті, иммуноуыттылығы;
      9. Созылмалы уыттылығы (шекті және тиiмсіз мөлшерлер);
      10. Онкогендiгі (бастапқы жалпылама материалдар – тәжiрибе жүргізілетін жануарларда абсолюттi өлшемде және тиімді санға қарағанда iсiктер жиілігі, бiр жануарға шаққанда iсiктер саны, барлық оқшаулаулардағы гистологиялық iсiк түрлерiнiң саны мен жиілігі, метастазалануы, жануарлардың өмiршеңдiгi, онкогендiк қатер коэффициенті, алғашқы iсiктi анықтау мерзімі, эксперименттiк жануарларды эксперименталды және тарихи бақылау мәлiметтерi және т.б.);
      11. Тератогендігі және эмбриоуыттылығы – жемiстегi ауытқушылықтарды және жеміс үшін уыттылығын анықтауға мүмкіндік беретін әдiстемелік қатынастарды пайдалана отырып;
      12. Екi ұрпақ әдісі бойынша репродуктивті уыттылығы және гонадоуыттылығы;
      13. Мутагендiгі:
      - микросомалдық белсендіру мен белсендірусіз гендiк мутацияларға Эймс тестi;
      - хромосомдық аберрациялар (зертханалық жануарлардағы in vivo);
      - адамның шеткі қаны лимфоциттеріндегі in vitro, өзге тесттерге жол берiледi, бірақ Эймс тестін қосқанда үштен кем емес;
      14. Сүтқоректiлер ағзасындағы метаболизм, негiзгi метоболиттер, олардың уыттылығы, токсикокинетикасы және қажет болса токсикодинамикасы;
      15. Уыттылықтың шектеушi көрсеткiшi;
      16. Жол берілген тәулiктiк доза (ЖТД) мг/кг адам денесiнің салмағы;
      17. Қосымша ақпарат.
      Е. Пестицидтiң (улы химикаттың) экологиялық сипаттамасы
      Е1. Әрекет етуші заттың экологиялық сипаттамасы
      А. Химиялық заттар
      1. Қоршаған ортадағы әрекеті
      1.1. Топырақтағы әрекеті
      1.1.1. Ыдырау жолдары мен жылдамдығы
      1.1.1.1. Ыдырау жолдары
      1.1.1.1.1. Аэробты ыдырауы
      1.1.1.1.2. Қосымша зеттеулер
      1.1.1.2. Ыдырау жылдамдығы
      1.1.1.2.1. Зертханалық зерттеулер: аэробты, анаэробты ыдырауы
      1.1.1.2.2. Танаптық зерттеулер: жоғалу динамикасы, қалдық мөлшерлері, топырақта шоғырлануы
      1.1.2. Адсорбция және десорбция
      1.1.3. Топырақтағы қозғалғыштығы
      1.1.3.1. Зертханалық бағаналық тәжірибелер
      1.1.3.2. «Қартайтылған» қалдықтармен зертханалық бағаналық тәжірибелер
      1.1.3.3. Жылыстау бойынша лизиметриялық зерттеулер немесе танаптық тәжірибелер
      1.2. Судағы және ауадағы әрекеті
      1.2.1. Суда ыдырау жолдары мен жылдамдығы
      1.2.1.1. Гидролитикалық ыдырауы
      1.2.1.2. Фотохимиялық ыдырауы
      1.2.1.3. Биологиялық ыдырауы
      1.2.2. Ауада ыдырау жолдары мен жылдамдығы
      1.3. Топырақта, суда және ауада қалдық мөлшерлерін анықтау әдістемелері
      1.4. Мониторинг деректері
      2. Экотоксикология
      2.1. Құстар
      2.1.1. Күшті оральды уыттылығы
      2.1.2. Тамақтандыру кезіндегі уыттылығы
      2.1.3. Репродуктивтікке әрекеті
      2.2. Су организмдері
      2.2.1. Балықтар
      2.2.1.1. Күшті уыттылығы
      2.2.1.2. Созылмалы уыттылығы
      2.2.1.3. Репродуктивтікке әрекеті және даму жылдамдығы
      2.2.1.4. Биошоғырлануы
      2.2.2. Зоопланктон (Daphnia magna)
      2.2.2.1. Күшті уыттылығы
      2.2.2.2. Репродуктивтікке әрекеті және даму жылдамдығы
      2.2.3. Балдырлар
      2.2.3.1. Өсуге әрекеті
      2.3. Бал аралары (басқа пайдалы жәндіктер)
      2.3.1. Күшті және созылмалы жанаспалы уыттылығы (жеке немесе топтап әрекет еткен кезде)
      2.3.2. Күшті және созылмалы оральдық уыттылық (жеке және топтап тамақтандыру кезінде)
      2.4. Жаңбыр құрттары (басқа мақсатсыз топырақ макроорганизмдері)
      2.4.1. Күшті уыттылығы
      2.4.2. Өлімге жақын әсерлер
      2.5. Топырақ микроорганизмдері
      2.5.1. Көміртектің минералдану процестеріне әрекеті
      2.5.2. Азоттың түрлену процестеріне әрекеті
      2.6. Флора мен фаунаның басқа мақсатсыз организмдері
      2.7. Суды тазартудың биологиялық әдістеріне әрекеті
      Б. Микроорганизмдер мен вирустар
      1. Қоршаған ортадағы әрекеті
      1.1. Таралуы, орнықтылығы, қозғалыштығы және көбеюі
      1.1.1. Топырақ
      1.1.2. Су
      1.1.3. Ауа
      1.2. Қорек тізбегіндегі мүмкін болу тағдыры туралы деректер
      2. Экотоксикология
      2.1. Құстар
      2.1.1. Күшті оралдық уыттылығы, патогендігі, инфективтігі
      2.2. Су организмдері
      2.2.1. Күшті уыттылығы, патогендігі, инфективтігі
      2.3. Бал аралары (басқа пайдалы жәндіктер)
      2.3.1. Күшті жанаспалы уыттылығы, патогендігі, инфективтігі
      2.3.2. Күшті оралдық уыттылығы, патогендігі, инфективтігі
      2.4. Жаңбыр құрттары (басқа мақсатсыз топырақ макроорганизмдері)
      2.4.1. Күшті уыттылығы, патогендігі, инфективтігі
      2.5. Топырақ микроорганизмдері
      2.6. Қосымша зерттеулер
      E2. Пестицидтiң (улы химикаттың) препараттық нысанының экологиялық сипаттамасы
      А. Химиялық заттар
      1. Қоршаған ортадағы әрекеті
      1.1. Топырақтағы әрекеті
      1.1.1. Әрекет етуші заттың (ә.з.) концентрация деңгейін және оның топырақта жылыстауын бағалау
      1.1.2. Танаптық тәжірибелер: ә.з. жоғалу динамикасы, оның қалдық мөлшерлері, топырақта жинақталуы
      1.1.3. Жылыстауы жөнінде танаптық тәжірибелер немесе лизиметриялық зерттеулер
      1.2. Судағы әрекеті
      1.2.1. Жер асты суларында ә.з. концентрация деңгейін бағалау, қосымша танаптық сынақтар
      1.2.2. Жер үсті суларында ә.з. концентрация деңгейін бағалау, қосымша танаптық сынақтар
      1.3. Ауадағы әрекеті
      2. Экотоксикология
      2.1. Құстар
      2.1.1. Күшті оральдық уыттылығы
      2.1.2. Тордағы және танаптағы тәжірибелер
      2.1.3. Құстар үшін тұзақтардың, түйіршіктердің және өңделген тұқымның қауіптілігі
      2.1.4. Жанама улану әрекеттері
      2.2. Су организмдері
      2.2.1. Балықтар үшін күшті уыттылығы
      2.2.2. Зоопланктон (Daphnia magna) үшін күшті уыттылығы
      2.2.3. Жер үсті су айдындарын абайсызда өңдеу (бұзу) кезіндегі қатерді бағалау
      2.2.4. Балықтардың басқа түрлерімен арнайы зерттеулер
      2.3. Бал аралары (басқа пайдалы жәндіктер)
      2.3.1. Күшті және созылмалы жанаспалы уыттылығы (жеке және топтап әрекет еткен кезде)
      2.3.2. Күшті және созылмалы оралдық уыттылығы (жеке және топтап тамақтандыру кезінде)
      2.3.3. Фумиганттық уыттылығы
      2.3.4. Репелленттік белсенділігі
      2.3.5. Қалдық әрекетінің ұзақтығы
      2.3.6. Танаптық жағдайдағы уыттылығы мен қауіптілігі
      2.4. Жаңбыр құрттары (басқа да мақсатсыз топырақ макроорганизмдері)
      2.4.1. Күшті уыттылық
      2.4.2. Өлімге жақын әсерлері
      2.4.3. Танаптық жағдайлардағы уыттылығы
      2.5. Топырақтағы микроорганизмдер
      2.5.1. Көміртектің минералдану процестеріне әрекеті
      2.5.2. Азоттың түрлену процестеріне әрекеті
      2.5.3. Қосымша тестілер
      Б. Микроорганизмдер мен вирустар
      1. Қоршаған ортадағы әрекеті
      2. Экотоксикология
      2.1. Су организмдері
      2.2. Бал аралары (басқа пайдалы жәндіктер)
      2.3. Жаңбыр құрттары (басқа мақсатсыз топырақ макроорганизмдері)
      2.4. Топырақ микроорганизмдері
      2.5. Қосымша зерттеулер

М.О. ________    _________________________________________________
      (күні)      (тiркелушi (өтінім берушi) заңды тұлға
                  басшысының/жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк  
тiркеу қағидаларына    
3-қосымша         

Тiркеудi Қазақстан Республикасының барлық аумағына тарату
үшін пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк
сынақтарын жүргiзуді қажет ететін топырақтық-климаттық аймақтар

Дақылдарды өсiру аймақтары

Әкiмшiлiк бөлiнiс

Температуралар сомасы Со

Ылғалдану коэффициентi

Дақылдар

1

2

3

4

5

Солтүстiк

Ақмола, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Қарағанды

2500-3400

0,55-1,0

жаздық дәндi дақылдар, рапс, картоп, азықтық шөптер

Оңтүстiк

Оңтүстiк Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда

3400-4000

0,33-0,55

күздiк және жаздық дәндi дақылдар, күрiш, жүгері, қызылша, қытайбұршақ, ноқат, мақсары, жемiс-жидек, жүзiм, бақша, көкөнiс, мақта

Батыс

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау

3400-4000

0,33-0,55

күздiк және жаздық дәндi дақылдар, тары, азықтық шөптер, картоп, бақша, көкөнiс дақылдары

Шығыс

Шығыс Қазақстан, Павлодар

1600-2000

1,33

жаздық дәндi дақылдар, көкөнiс, картоп, күнбағыс

      Ескертпе: жаздық дәндi дақылдарға сынақтар кем дегенде екі аймақта, өзге дақылдарға – бір аймақта жүргізіледі.

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын 
жүргiзу және мемлекеттiк   
тiркеу қағидаларына     
4-қосымша          

Құпия           

Бекiтемiн
____________________________
(орындаушы ұйымның басшысы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________
(қолы)          
20 ___ жылғы «___» _________

Пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылық
тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі тiркеу (өндiрiстiк)
сынақтарының нәтижесi туралы есеп

      1. Пестицид (улы химикат) (саудалық атауы), препараттық нысаны, тiркелушi мемлекет, әрекет етуші заты (ISO бойынша), мақсаты (фитосанитариялық).
      2. Сынақтар жүргiзу орны.
      3. Дақыл, сорты, екпелердің жасы, отырғызу схемасы.
      4. Топырақ (түрi, механикалық құрамы, қарашiрiндінің құрамы, рН).
      5. Агротехника (алғы дақыл, топырақты өңдеу, себу мерзiмдерi, себу нормасы, қатараралық енi, егiстiктi күту жөніндегі шаралар).
      6. Зиянды организмдер (оған қарсы препарат сыналатын нақты зиянды объектiлерді көрсету).
      7. Тәжiрибе нұсқалары.
      8. Сынақ түрi (танаптық – тіркеу немесе өндірістік), тәжiрибелі танаптар алаңы, қайталану саны.
      9. Препаратты қолдану мерзiмдерi (ауыл шаруашылығы дақылдары мен зиянды организмдердiң даму фазасы) мен тәсiлдерi (жаппай өңдеулер, тосқауылды өңдеулер, аз көлемді, ультра аз көлемді бүрку, уландырылған еліктіргіштер түрінде қолдану, қойма үй-жайларын фумигациялау және т.б.).
      10. Бүрiккiш түрi, жұмыс сұйықтықтарының шығыс нормасы.
      11. Вегетациялық кезеңнің ауа-райы ерекшелiктерi (жауын-шашын көлемі, ауа температурасы мен ылғалдылығы) (орташа көпжылдық көрсеткiштермен салыстыра отырып келтіру).
      12. Зиянды организмдердiң есебін жүргізу әдiстемесi.
      13. Өнiмнің есебін жүргізу әдiстемесi.
      14. Биологиялық және шаруашылық тиiмдiлiгi (кестелер түрiнде келтiру).
      15. Пестицидтiң (улы химикаттың) оның iшiнде мақсатты емес объектiлерге (түрлерiн көрсету) бақыланатын жанама әсері, препаратпен жұмыс iстейтiндердiң терiсіне, тыныс жолдарына әсерiн, өзге де кері факторларды (байқалса) көрсету.
      16. Сыналатын пестицидтiң (улы химикаттың) ауыл шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектiлерiндегі қалдықты мөлшерінің құрамы (зерттелсе).
      17. Сыналатын пестицидтiң (улы химикаттың) биологиялық және шаруашылық тиiмдiлiгi туралы нақты қорытындылар.
      18. Препараттың сыналған шығыс нормалары мен жұмыс сұйықтықтың шығыс нормаларында пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу орындылығы немесе оларды нақтылау мақсатында, сондай-ақ тiркеуге ұсынылған препаратты қолдану регламенттерi бойынша тiркеу немесе өндiрiстiк сынақтарын жалғастыру туралы ұсыныстар.

Жұмыс орындаушылары:

______________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________
       (лауазымы)
______________________________                 Қолы
(ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы)

М.О.                             ____________
                                    (күні)

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк   
тiркеу қағидаларына    
5-қосымша         

«Бекiтемiн»
____________________________ облыс бойынша
(облыс атауы)                   
__________________________________ бастығы
(Ведомствоның аумақтық инспекциясының атауы)        
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)           
___________________________________________
(қолы)                   
20 ____ жылғы «____» ____________________

Пестицидтi (улы химикатты) өндiрiстiк тексеру актісі

_______________________________________________________________ қарсы
                     (зиянды организмдер)
__________________________________________________________ фирмасының
әсерлi заты _________________________________________________________
_______________________ пестицидiн (улы химикатын) өндiрiстiк тексеру

Бiз, ________________________________________________________________
                 (Ведомствоның облыстық аумақтық инспекциясының атауы)
өсiмдiктердi қорғау және өсімдіктердің карантині бөлiмiнiң бастығы
____________________________________________________________________,
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________,
               (Ведомствоның аудандық аумақтық инспекциясының атауы)
өсімдiктердi қорғау және өсімдіктердің карантині бөлiмiнiң бастығы
____________________________________________________________________,
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
шаруашылық басшысы (немесе ауылдық округ әкiмi) _____________________
____________________________________________________________________,
             (тегі, аты, әкесінің аты, ұйымның атауы)
жауапты орындаушы __________________________________________________,
                          (тегі, аты, әкесінің аты, ұйымның атауы)
___________________________ облысы ___________________________ ауданы
__________________________________________________________ жерлерiнде
           (шаруашылық немесе ауылдық округ атауы)
_________________ егiстерінде (немесе ауыл шаруашылығы емес жерлерде)
______________________________________________________________ қарсы
                       (зиянды организмдер)
__________________________________________________________ фирмасының
_______________________ пестицидiн (улы химикатын) өндiрiстiк тексеру
жүргізгендігі туралы осы актiнi жасадық.
      Пайдаланатын аппаратура ______________________________________
      Тәжiрибелі танаптар алаңы _____ га
      Өңдеу еселiгi ____________________
                        (өңдеу саны)
_______ пестицидтердің (улы химикаттардың) тексеру нәтижелері бойынша
_________________ егiстерінде (немесе ауыл шаруашылығы емес жерлерде)
_______________________________________________________________ қарсы
                        (зиянды организмдер)
_____ (л/т. кг/га) шығыс нормасында _________________________ әдіспен
мемлекеттік тіркеуге ұсынылады.

Тексеру нәтижелері бойынша есеп ______ бетте қоса берiліп отыр.

Ведомствоның _________________ облыстық аумақтық инспекциясының
өсiмдiктердi қорғау және өсімдіктер карантині бөлiмiнiң бастығы
_____________________________________________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Ведомствоның __________________________ облысы аудандық аумақтық инспекциясының өсiмдiктердi қорғау және өсімдіктер карантині бөлiмiнiң бастығы ___________________________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Шаруашылық басшысы (немесе ауылдық округ әкiмi)
_____________________________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Жауапты орындаушы ___________________________________________________
                         (тегі, аты, әкесінің аты, ұйымның атауы)

20 __ жылғы «____» _______

М.О. ________
      (күні)

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк   
тiркеу қағидаларына    
6-қосымша         

Пестицидтi (улы химикатты) мемлекеттік тiркеуге өтінім
(тiркелушiнің (өтінім берушiнің) белгіленген нысандағы
бланкісінде беріледі және тiркелушiнің (өтінім берушiнің)
қолымен және мөрімен куәландырылады)

      Тiркелушi (өтінім беруші)
_______________________________________________________________
                      (жеке немесе заңды тұлға,
_______________________________________________________________
                  (мемлекет, мекенжайы, телефон, факс)

      Қолдану регламенттерімен қоса мынадай пестицидтердiң (улы химикаттардың) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркелуін жүргізуді өтінемін:

Саудалық атауы, препараттық нысаны, әрекет етуші заттың (ә.з.) құрамы, ә.з.өндірушісі, тiркелушi

Препараттың шығыс нормасы (л/га, кг/га, л/т, кг/т)

Дақыл, өңделетін объект

Зиянды организм

Өңдеу тәсілі, уақыты, шектеулер, жұмыс сұйықтығының шығысы

Өнімді жинап алуға дейінгі соңғы өңдеу мерзімі, күні, ең жоғары өңдеу еселігі

1

2

3

4

5

6

_____________________________      ______________________________
       (лауазымы, қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты)

      М.О
_______________
    (күні)

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк   
тiркеу қағидаларына    
7-қосымша         

Бекiтемiн
____________________________
(орындаушы ұйымның басшысы)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________
(қолы)          
20 ___ жылғы «___» _________

Өсімдік шаруашылығы өнімінде және қоршаған орта объектілерінде
пестицидтiң (улы химикаттың) қалдық мөлшерінің құрамын анықтау
жөніндегі есеп

      1. Жалпы ереже.
      2. Тәжірибенің мақсаты мен міндеттерінің қысқаша негіздемесі.
      3. Пестицидтің (улы химикаттың) қысқаша сипаттамасы:
      1) өтінім беруші, өндіруші;
      2) саудалық атауы;
      3) әрекет етуші заты;
      4) препараттық нысаны;
      5) молекулалық массасы;
      6) эмпириялық формуласы.
      4. Тәжірибенің жалпы сипаттамасы:
      1) салу орны;
      2) жүргізу мерзімі;
      3) дақыл;
      4) тәжірибе түрі;
      5) агротехника;
      6) күту жөніндегі іс-шаралар.
      5. Топырақ пен метеорологиялық жағдайлардың сипаттамасы.
      6. Зерттелетін пестицидті (улы химикатты) пайдалану ерекшеліктері:
      1) өңдеу мерзімдері мен еселігі;
      2) пайдалану тәсілі;
      3) жұмыс сұйықтығының шығысы;
      4) препарат бойынша шығысы нормасы.
      7. Сынамаларды іріктеу әдістемесі және сынамаларды сақтау жағдайлары, талдау үшін сынамаларды іріктеу актісі.
      8. Пестицидтiң (улы химикаттың) қалдық мөлшерлерін анықтау әдісі.
      9. Аспап маркасы, табу шегі, шығару толықтығы және гигиеналық нормативтер.
      10. Хроматограммалар қоса берілген пестицидтiң (улы химикаттың) қалдық мөлшерлерінің құрамы жөніндегі деректер.
      11. Эксперимент нәтижелері бойынша тұжырымдар мен қорытындылар.

      Орындаушы: ___________________      __________________________
                        (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты)

М.О. _______________
          (күні)

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк   
тiркеу қағидаларына     
8-қосымша         

Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау, қолдану
және залалсыздандыру жөніндегі ұсыныстар

      1. Пестицидтiң (улы химикаттың) айырмалық атауы, фирма (тiркелушi).
      2. Әрекет етуші зат (ISO бойынша) немесе микроорганизмнің түрлік атауы, штамның немесе изоляттың атауы.
      3. Концентрациясы (г/л немесе г/кг) (тiрi жасушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрi, вирустық түйіршіктер, қоспалар титрі).
      4. Пестицидтiң (улы химикаттың) препараттық нысаны.
      5. Пестицидтiң (улы химикаттың) және жұмыс сұйықтығының мақсаты, қолдану технологиясы, шығыс нормасы.
      6. Өзге пестицидтермен (улы химикаттармен) үйлесімділігі.
      7. Фитоуыттылығы.
      8. Резистенттiк туындау мүмкiндiгi.
      9. Флора мен фаунаның пайдалы объектiлерін қорғау жөніндегі ұсыныстар.
      10. Пестицидпен (улы химикатпен) жұмыс кезiндегі қауіпсіздік шаралары.
      11. Уланған жағдайдағы алғашқы көмек.
      12. Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі сақтық шаралары.
      13. Төгiлген немесе шашылған пестицидті (улы химикатты) залалсыздандыру, препаратты және оның ыдысын кәдеге жарату тәсiлдерi.

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын 
жүргiзу және мемлекеттiк   
тiркеу қағидаларына    
9-қосымша          

Үлгі

Ыдыстық заттаңба
Қолданар алдында мұқият оқу қажет!
Фирма өндiрiсi мен орамы (нақты көрсетiледi),
сондай-ақ пошталық мекенжайы

      1. Пестицидтiң (улы химикаттың) айырмалық атауы, фирма (тiркелушi).
      2. Әрекет етуші зат (ISO бойынша) немесе микроорганизмнің түрлік атауы, штамның немесе изоляттың атауы.
      3. Әрекет етуші заттың құрамы г/л немесе г/кг (тiрi жасушалардың немесе олардың тіршілік әрекеті өнімінің титрi).
      4. Пестицидтiң (улы химикаттың) препараттық нысаны.
      5. Пестицидтiң (улы химикаттың) және жұмыс сұйықтығының мақсаты, қолданылу технологиясы, шығыс нормасы.
      6. Әр дақыл үшін күту мерзiмi.
      7. Шектеулер.
      8. Уыттылығы (қауiптiлiк сыныбы көрсетіледі).
      9. Пестицидті (улы химикатты) тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі сақтық шаралары.
      10. Төгiлген немесе шашылған пестицидтi (улы химикатты) залалсыздандыру тәсiлдерi.
      Пестицидтiң (улы химикаттың) ыдыстық заттаңбасында барлық тармақтар бойынша ақпарат болуы тиіс. Дизайны регламенттелмейді. Егер техникалық мүмкiндiктері бір орамға жазуға мүмкіндік берсе, ыдыс заттаңбасы мен ұсынымдарды бiр құжатқа біріктіруге болады.

Пестицидтердi (улы химикаттарды)
тiркеу, өндірістік сынақтарын
жүргiзу және мемлекеттiк  
тiркеу қағидаларына   
10-қосымша         

Нысан
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
_________________
(Ведомство)

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

МИНИСТЕРСТВО
СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА
_________________
(Ведомство)


№ _______
ТІРКЕУ КУӘЛІГІ
РЕГИСТРАЦИОННОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ

Осы куәлік __________________________________________________________
Настоящее удостоверение выдано      (заңды немесе жеке тұлғаны атауы/
____________________________________________________________ берілді,
             наименование юридического или физического лица)
себебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «____»__________ № ____ қаулысымен бекітілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларына cәйкес в том, что в соответствии с Правилами проведения регистрационных, производственных испытаний и государственной регистрации пестицидов (ядохимикатов), утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан «___» _________2011 года № ______,
препаративтiк нысаны ________________________________________________
препаративной формы
_____________________________________________________________________
(пестицидтің (улы химикаттың) сауда атауы /торговое название пестицида (ядохимиката)

      ________ мерзімге № _______________ мемлекеттік тіркеуден өтті
сроком на                        получил государственную регистрацию
және Қазақстан Республикасының аумағында мынадай регламенттермен и разрешается к применению на территории Республики Казахстан со следующими қолдануға рұқсат беріледі: _______________________________ регламентами:

      Комитет төрағасы
___________________________                 ________________________
(Ведомство басшысы, лауазымы, тегі,                          (қолы/подпись)
аты, әкесінің аты/Руководитель ведомства,
должность, фамилия, имя, отчество)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады