«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ «Мемлекеттік ресурстарға 2014 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. 2014 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Купанова Л.К.) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 27 қазандағы
№ 4-1/552 бұйрығымен бекітілген
2014 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына
облыстар бойынша астық сатып алу квоталары
Облыстар атауы |
Мемлекеттік ресурстарға астық |
Ақмола |
50,4 |
Шығыс Қазақстан |
4,9 |
Қарағанды |
5,4 |
Қостанай |
58,1 |
Павлодар |
2,3 |
Солтүстік Қазақстан |
47,4 |
БАРЛЫҒЫ |
168,5 |