Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10131 тіркелді

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 46-16) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған жануарларды өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          С. Омаров

Қазақстан Республикасының   
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2014 жылғы 19 желтоқсандағы  
№ 16-04/679 бұйрығымен    
бекітілген           

Жануарларды өткізу қағидалары 1. Жалпы ережелері

      1. Осы Жануарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 46-16) тармақшасына сәйкес дайындалған және Қазақстан Республикасы аумағында жеке және заңды тұлғалардың жануарларды өткізу тәртібін анықтайды.
      2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жануарлар – үй жануарлары мен жабайы жануарлар, сонымен қатар ірі қара мал, қойлар мен ешкілер, шошқалар, жылқылар, түйелер, будандастыру арқылы алынған шатыстар, үй құстары, балықтар, жібек құрттар, аралар және зертханалық жануарлар;
      2) шаруашылық – ғимарат (құрылым, құрылыс), хайуанаттар бағы, ферма, цирк, жеке қосалқы шаруашылық немесе жануарларды бағып ұстау үшін қолданылатын жер телімі;
      3) ішкі сауда объектісі – жануарларды өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілері (бұдан әрі – өткізу объектілері).
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдар шешімімен белгіленген аумақтарды аймақтарға (қолайсыз, буферлік аймақтар, бақылау аймағы, қолайлы аймақ) бөлу және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық ахуалы ескерілген әкімшілік-аумақтық бірліктің жануарларын өткізуге болады.
      Аумақтарда орналасқан жануарларды өткізу:
      1) қолайлы аймақтардан шектеусіз жүзеге асырылады;
      2) буферлік аймақтан, бақылау аймағынан осы Қағиданы сақтап, белгіленген аймақ шегінде жүзеге асырылады;
      3) қолайсыз аймақтардан, Заңның 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отырып, оларды қайта өңдеу кәсіпорындарында санитариялық союды жүргізу үшін өткізуді қоспағанда, жүзеге асырылмайды;
      4) әкімшілік-аумақтық бірліктен карантин шешілген соң, шектеу шаралары белгіленіп, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана осы қағидаларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарларды өткізуде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізеді.
      4. Жеке және заңды тұлғалар үш жұмыс күні ішінде ветеринария саласында қызмет атқаратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бақылау және қадағалау органдарды жаңадан алынып жатқан (алынған) жануарды (жануарларды), оны (оларды) өткізу туралы хабарлайды.
      5. Өткізуге рұқсат етілетін жануарлар:
      1) ветеринариялық қараудың нәтижелері бойынша;
      2) ветеринариялық құжаттардың (ветеринарлық сертификатветеринарлық анықтама) болуы, иттер және мысықтар үшін ветеринариялық паспорттың болуы;
      3) жеке және топтық тәсілмен бірдейлендірілген (ауыл шаруашылығы жануарларына арналған);
      4) үй жағдайында, коллекцияларда, зоологиялық бақтарда, цирктерде бағып ұстауға арналған, тәжірибелік жануарлар түрінде пайдалануға арналған бірдейлендірілмеген;
      5) карантиндеуден өткізілген.
      Жеке пайдалануға арналған сандары 2 бастан аспайтын иттер мен мысықтарды, Заңның 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отырып, вакцинация жасалғандығын растайтын белгі соғылған, жануарға арналған ветеринариялық паспортымен ілестіре отырып, карантиндеусіз өткізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте құтыруға қарсы кез келген кейінгі вакцинация, алдыңғы вакцинацияның әсері бар кезеңінде жүргізілуі қажет.

2. Жануарларды өткізу тәртібі

      6. Жануарлары өткізу тікелей шаруашылықтарда, сонымен қатар өткізу объектілерінде іске асырылады.
      7. Жануарларды тікелей шаруашылықтарда өткізу алдында, жеке және заңды тұлғалар келесі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастырады:
      1) Заңның 25-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес карантиндеу;
      2) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық егулер және диагностикалық зерттеулерді жүргізу;
      3) өткізілетін жануарларды күнделікті ветеринариялық қарауын, термометрия жасау.
      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігері немесе шаруашылықтың ветеринариялық дәрігері (бар болса) барлық жүргізілетін ветеринариялық-профилактикалық шараларды, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-профилактикалық шараларды тіркеуге арналған № 1-вет нысанындағы журналда және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорда тіркейді.
      8. Өткізу объектілерінде жануарларды өткізу кезінде, ветеринарлық дәрігер келесі іс-шараларды жүргізеді:
      1) ветеринарлық құжаттарды салыстырып тексереді;
      2) жануарларды өткізу объектісіне келіп түскен ауыл шаруашылығы жануарының ақпаратын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорымен салыстырады (мәлімет: түрі және тұқымы, жынысы, жасы, түсі, бірдейлендіру нөмірі, ветеринарлық өңдеулері, диагностикалық зерттеулердің нәтижелері, мал иесі, мал иесінің мекен жайы);
      3) жануарларды өткізгенге дейін, күнделікті ветеринариялық қарауын, іріктелген термометрия жасайды.
      9. Өткізу объектісінің ветеринарлық дәрігерімен нөмірленген, байланған және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың қолымен және мөрімен бекітілген журналда өткізу объектісіне келіп түсетін жануарлар туралы мәліметтер (өткізілетін жануар иесінің аты-жөні (бар болса), мекен-жайы, жануардың жеке нөмірі, жасы, түсі, түрі, жынысы, ветеринарлық қарау нәтижелері, жануарды сатып алған иесінің аты-жөні (бар болса), мекен-жайы) тіркеледі.
      10. Егер ауруға күдік туған кезде (қалыпты жағдайдан температурасы артық болса, әлсіздік жағдайда, жануарлардың негізгі физиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес емес басқа ауытқулар бар болса және азықтан бас тартса) немесе ветеринариялық қарау кезінде ауру жануарды анықтаса, өткізу объектісінің ветеринариялық дәрігері олардың оқшауланып ұсталуына шаралар жасайды және ветеринария саласында қызмет атқаратын жергілікті атқарушы органның бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органмен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарына, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлайды.
      11. Жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманы, жеке және заңды тұлғалардың, өткізу объектісінің ветеринариялық дәрігерінің ақпараты бойынша, өткізілген жануарлар туралы тиісті мәліметтерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорға енгізеді.

Об утверждении Правил реализации животных

Приказ И.о Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 16-04/679. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 января 2015 года № 10131

      В соответствии с подпунктом 46-16) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые правила реализации животных.
      2. Департаменту ветеринарной и пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) опубликование настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              С. Омаров

Утверждены           
приказом и.о. Министра      
сельского хозяйства       
Республики Казахстан      
от 19 декабря 2014 года № 16-04/679

Правила реализации животных

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила реализации животных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 46-16) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года «О ветеринарии» (далее – Закон) и определяют порядок реализации животных физическими и юридическими лицами на территории Республики Казахстан.
      2. Понятия, используемые в настоящих Правилах:
      1) животные – домашние и дикие животные, в том числе крупный рогатый скот, овцы и козы, свиньи, лошади, верблюды, помеси полученные от скрещивания, домашняя птица, рыбы, шелкопряды, пчелы и лабораторные животные;
      2) хозяйство – здание (строение, сооружение), зоопарк, ферма, цирк, личное подсобное хозяйство или земельный участок, используемые для содержания животных;
      3) объект внутренней торговли – торговые объекты, осуществляющие реализацию животных (далее – объекты реализации).
      3. Реализация животных осуществляется с учетом эпизоотической ситуации по особо опасным болезням животных и деления территории на зоны (неблагополучная, буферная зоны, зона наблюдения, благополучная зона), установленной решением местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы.
      Реализация животных, находящихся на территории:
      1) благополучной зоны осуществляется без ограничений;
      2) буферной зоны, зоны наблюдения осуществляется в пределах установленной зоны с соблюдением настоящих Правил;
      3) неблагополучной зоны не осуществляется, за исключением их реализации для проведения санитарного убоя на перерабатывающих предприятиях при соблюдении ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил, утверждаемых в соответствии с подпунктом 9) статьи 8 Закона;
      4) административно-территориальной единицы, на которой после снятия карантина устанавливаются ограничительные мероприятия осуществляется в пределах соответствующей административно-территориальной единицы с соблюдением настоящих Правил.
      4. Физические и юридические лица извещают подразделения местных исполнительных органов осуществляющих деятельность в области ветеринарии, государственные ветеринарные организации, созданные местными исполнительными органами, органы государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора о вновь приобретенном (приобретенных) животном (животных), его (их) реализации в течение трех рабочих дней после их прибытия в пункт назначения.
      5. К реализации допускаются животные:
      1) по результатам ветеринарного осмотра;
      2) с наличием ветеринарных документов (ветеринарный сертификатветеринарная справка), для собак и кошек при наличии ветеринарного паспорта;
      3) идентифицированные индивидуальным или групповым способом (для сельскохозяйственных животных);
      4) без идентификации для содержания в домашних условиях, в коллекциях, зоологических садах, цирках, для использования в качестве экспериментальных животных;
      5) прошедшие карантинирование.
      Собаки и кошки в количестве не более двух голов для личного пользования допускаются к реализации без карантинирования в сопровождении ветеринарного паспорта животного, с наличием отметок, свидетельствующих, что животное вакцинировано в соответствии с ветеринарными (ветеринарно-санитарными) правилами, утверждаемыми в соответствии с подпунктом 9) статьи 8 Закона. При этом любая последующая вакцинация против бешенства проводилась в период действия предшествующей вакцинации.

2. Порядок реализации животных

      6. Реализация животных осуществляется непосредственно из хозяйств, а также на объектах реализации.
      7. Перед реализацией животных непосредственно из хозяйств, физические и юридические лица организовывают следующее:
      1) карантинирование в соответствии с подпунктом 12-1) статьи 25 Закона;
      2) проведение диагностических исследований и профилактических прививок против особо опасных болезней животных;
      3) проведение ежедневного ветеринарного осмотра реализуемых животных с термометрией.
      Все проводимые ветеринарно-профилактические мероприятия регистрируются государственным ветеринарным врачом соответствующей административно-территориальной единицы или ветеринарным врачом хозяйства (при наличии) в журнале для записи ветеринарно-профилактических мероприятий формы № 1-вет, утвержденной приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 25 февраля 2014 года № 16-07/114 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9342) и в базе данных по идентификации сельскохозяйственных животных.
      8. При реализации животных на объектах реализации ветеринарный врач объекта реализации (при наличии) проводит следующие мероприятия:
      1) осуществляет сверку ветеринарных документов;
      2) сличает информацию о сельскохозяйственном животном, поступившем на объект реализации животных, с базой данных по идентификации сельскохозяйственных животных (сведения: вид и порода, пол, возраст, идентификационный номер, ветеринарные обработки, результаты диагностических исследований, владелец, адрес владельца);
      3) проводит ежедневный ветеринарный осмотр животных с выборочной термометрией до их реализации.
      9. Ветеринарным врачом объекта реализации (при наличии) в журнале произвольной формы, пронумерованном, прошнурованном и скрепленном печатью и подписью главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей административно-территориальной единицы, ведется регистрация сведений о животных, поступающих на объект реализации (фамилия, имя, отчество (при наличии) владельца с указанием адреса реализуемого животного, индивидуальный номер, возраст, вид, пол, результаты ветеринарного осмотра реализуемого животного, фамилия, имя, отчество (при наличии) нового владельца реализованного животного с указанием адреса нового владельца).
      10. В случае подозрения в заболевании (температура выше нормы, вялое состояние, отказ от корма и другие отклонения не соответствующие основным физиологическим показателям животных) или выявлении больных животных при проведении ветеринарного осмотра ветеринарный врач объекта реализации (при наличии) принимает меры к изолированному их содержанию и извещает об этом подразделения местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии, государственные ветеринарные организации, созданные местными исполнительными органами, органы государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора.
      11. Специалист в области ветеринарии государственной ветеринарной организации, созданной местным исполнительным органом по информации физических и юридических лиц, ветеринарного врача объекта реализации вносит соответствующую информацию о реализованных сельскохозяйственных животных в базу данных по идентификации сельскохозяйственных животных.