Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 05.10.2022 № 21-22 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді –Жамбыл облысы мәслихатының 26.03.2015 № 35-12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күніне кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қоса берiлiп отырған Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды күтiп -ұстау Қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы шешiмiнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты әкiмшiлiк аумақтық құрылымды ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерi және жер участкесiн сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау туралы тұрақты комиссияға жүктелсiн.
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық |
сессия төрағасы | мәслихаттың хатшысы |
Т. Құлжабаев | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы "26" маусымдағы № 26 -6 шешiмiмен бекiтiлген |
Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) иттер мен мысықтарды ұстаудың тәртiбiн анықтайды.
2. Қағидалар меншiк түрiне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
3. Осы Қағидалар "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексiне және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрленген.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді –Жамбыл облысы мәслихатының 26.03.2015 № 35-12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күніне кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Иттердi және мысықтарды ұстау тәртiбi
4. Иттер және мысықтар жеке ветеринарлық төлқұжатын беру жолымен сәйкестендiрiледi.
5. Иттер мен мысықтарды беру, сату, сатып алу, сонымен қатар қала, ауданнан тысқары, шығару, кiргiзу, олардың "құтыруға қарсы егiлген" белгiсi бар ветеринариялық төлқұжаты болған жағдайда рұқсат етiледi.
6. Келесiлерге жол берiлмейдi:
1) балалар алаңқайларында, көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында, спорт алаңқайларында, мектепке дейiнгi және оқу орындарының, емдеу-алдын алу және медициналық мекемелерiнiң аумақтарында, қоғамдық шараларды өткiзетiн орындарда, адамдарды құтқару жөнiндегi жұмысты орындаушы, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi күзетушi қызметтiк иттерден және жанары әлсiз адамдарды ертiп жүретiн иттерден басқа иттер мен мысықтарды серуендетуге;
2) иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырмен серуендетуге;
3) мас күйiндегi тұлғалар мен 16 жасқа толмаған балаларға иттердi серуендетуге;
4) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда су айдындарында және су алу орындарында иттер мен мысықтарды шомылдыруға және жуындыруға;
5) тұрғын үй қоры пәтерлерiнде және жеке тұрғын үйлерде қандай да болмасын иттер мен мысықтардың түрлерi үшiн паналаулар мен тәлiмбақтар ұйымдастыруға;
6) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егуден өтпеген иттер мен мысықтарды ұстауға;
7) иттер мен мысықтарды олардың терiсiн және етiн тұтыну, өңдеу және өткiзу үшiн пайдалану мақсатында өсiруге және аулауға;
8) аудан аумағында иттердi таластыру және басқада жануарларға қатысты қатыгез iс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге, (жануарларға зақым келтiрмейтiн және күзетшi иттердi өсiру үшiн дұрыс тұқымдық сұрыптау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, арнайы ережелермен иттердiң жұмыс сапаларын тексерудi қоспағанда);
9) иттердi және мысықтарды көп пәтерлi тұрғын үйлердiң ортақ пайдаланатын орындарында және жатақханаларында ұстауға.
7. Иттiң иелерi қыдырту кезiнде өз итiнiң нәжiстерiн жинауды қамтамасыз етедi.
8. Адамдарды немесе жануарларды тiстеген иттер және мысықтар тез арада оқшаулау және бақылау үшiн жақын маңдағы ветеринариялық емдеу мекемесiне жеткiзiледi.
9. Иттердi және мысықтарды ұстау ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге, сондай-ақ олардың биологиялық қажеттiлiктерiне сәйкес және iзгiлiктi қарауда жүзеге асырылады. Ит пен мысықтарды ұстаған жағдайда оларға зарарсыздандыру жасау ұсынылады. Иттер мен мысықтарды зарарсыздандыру жануар иесiнiң есебiнен ветеринарлық клиникаларда жүзеге асырылады.
10. Санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптар мен осы Қағидалардың шарттарын сақтаған жағдайда:
1) көппәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасы пәтерiнде сол подъездегi көршiлерiнiң жазбаша рұқсатымен үш айға дейiнгi ұрпақтарын қоса алғанда бiр ит және екi мысықты ұстауға. (Жасы үш айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне немесе қаңғыбас жануарларды аулау және ұстаумен шұғылданатын арнайы мекемеге беруiлуi тиiс. Күшiктер мен мысықтарды жаңа иелерiне беру жануардың ветеринариялық төлқұжатын берумен жүзеге асырылады.);
2) бiрнеше жанұялар тұратын тұрғын жайда (коммуналдық пәтер, жатақхана), сол пәтердегi барлық тұрғындардың жазбаша келiсiмiмен көршiлердiң медициналық керi көрсеткiштерi (аллергия) болмаса бiр ит пен бiр мысықты тек өзi тұратын тұрғын жайда ұстауға рұқсат берiледi.
11. Осы Қағидаларды сақтау үшiн өкiлеттi органдарға жәрдемдесу мақсатында пәтер иелерi кооперативтерiне, тұрғын үй кооперативтерiне, жеке жайлар иелерi кооперативтерiне, кондоминиумдарға:
1) жертөлелерге, шатырларға және басқа да қосалқы үй-жайларға кiреберiстердi, онда иттер мен мысықтардың кiрiп кетуiне жол бермейтiндей жабық күйiнде ұстау;
2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзiнiң аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау;
3) өз қарамағындағы үйлерде пәтер иелерi ұстайтын жануарлардың саны туралы мәлiметтердi жинау және оларды тiркеудi жүзеге асыру үшiн өкiлеттi органдарға (тiркеу органдарына) беру;
4) пәтер иелерi кооперативiне, тұрғын үй кооперативiне, жеке жайлар иелерi кооперативiне, кондоминиумдарға бекiтiлген аумақтарда немесе шағын ауданның (орамның) аумағында құрылыстан бос және кооперативтерге iргелес жерлерде, ауданның жергiлiктi атқару органына енгiзiлетiн, белгiленген әрiппен бекiту үшiн, тақтайша, белгi орната отырып иттердi серуендететiн орындарды анықтау ұсынылады.
3. Иттер мен мысықтарды аулау
12. Қоғамдық орындарда ерiп жүрген тұлғаларсыз болған иттер мен мысықтар (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда), иесi кәсiпорындар мен мекемелерде байлап кеткендерден басқалары қаңғыбас деп есептеледi және мiндеттi түрде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулайтын және өлген жануарлардың өлiктерiн жинайтын арнайы өкілеттік алған жеке және заңды тұлғаның аулауына жатады.
Қаңғыбас жүрген иттер мен мысықтарды аулаушылар мен арнайы көлiк жүргiзушiсi жануарларды аулау және тасымалдау кезiнде iзгiлiктi сақтаулары тиiс.
Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауды қарапайым немесе пәрмендi қашықтықтық химиялық иммобилизация тәсiлдерiмен, жергiлiктi атқарушы органмен аулаудың тәртiбi мен жағдайы регламенттелген шарт жасасқан, мамандандырылған ұйым жүзеге асырады. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулайтын жұмыскерлердiң қызметiн техникалық жабдықтау аулауды жүзеге асыратын ұйымға жүктеледi.
Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар иелерiне берiледi немесе дәрi қолдану жолымен жансыздандырылады (ұйықтатылады).
4. Қорытынды ережелер
13. Осы Қағидаларды бұзған жеке және заңды тұлғалар "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексiмен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді –Жамбыл облысы мәслихатының 26.03.2015 № 35-12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күніне кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).