Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 05.10.2022 № 21-22 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы № 26-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2283 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2014 жылдың 9 тамыздағы № 115 (17972) жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:осы шешімнің мәтініндегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және" деген сөздер алынып тасталсын.
Осы шешімге қоса беріліп бекітілген Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау қағидаларындағы "2001 жылғы 30 қаңтардағы" деген сөздері "2014 жылғы 5 шілдедегі" деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау туралы тұрақты комиссияға жүктелсін.3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрағасы | хатшысы |
Б. Алдашов | Б. Қарашолақов |