«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
2014 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндiрушiлер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына), тыңайтқыштар берушіден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2.
«Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1)
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2)
осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3)
осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4)
осы қаулыдан туындайтын басқа да қажетті шаралардын қабылдауын қамтамасыз етсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Жолдасбаевқа жүктелсін.
4.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі К. Көкрекбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков
29.09.2014 жыл
Жамбыл облысы облысы әкімдігінің
2014 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 255 қаулысына қосымша
2014 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері және отандық өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) субсидиялар нормалары
№ |
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлерi |
Өлшем бірлігі |
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы |
1 тоннаға (литр, килограмм) субсидиялар нормалары, теңге |
1 |
Аммиак селитрасы (N-34,4%:) |
тонна |
50 |
28 900 |
2 |
Аммофос (N-10%:P2О5-46%) |
тонна |
50 |
45 000 |
3 |
Жай суперфосфат (P2О5-19%) |
тонна |
50 |
24 500 |
4 |
Сульфоаммофос (N-18%: P2О5-18%: S-17%) |
тонна |
50 |
34 250 |
5 |
Фосфоритті ұн (P2О5-17%) |
тонна |
50 |
8 210 |
6 |
Хлорлы калий (К2О-42%; KCL-65%) |
тонна |
50 |
48 000 |
7 |
Күкірт қышқылды калий (калий сульфаты) (К2О 50%) |
тонна |
50 |
105 000 |
8 |
Азотты-фосфорлы-калийлі кешенді минералды тыңайтқыш NPК-16:16:16 (NPK қосындысы) |
тонна |
50 |
54 000 |
9 |
Азотты-күкіртті Супрефос «Супрефос-NS» (N-12%: P2О5-24%) (Са:Мg:SО3) |
тонна |
50 |
45 000 |
2014 жылға субсидияланатын тыңайтқыш түрлері және тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) субсидиялар нормалары
№ |
Субсидияланатын тыңайтқыш түрлерi |
Өлшем бірлігі |
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы |
1 тоннаға (литр, килограмм) субсидиялар нормалары, теңге |
1 |
Карбамид (N-46,3%) |
тонна |
30 |
31 800 |
2 |
КАС (сұйық тыңайтқыш N-27-33%) |
тонна |
30 |
15 000 |
3 |
Капролактамды аммоний сульфаты (N-21%) |
тонна |
30 |
16 200 |
4 |
Нитроаммофоска (N-15:P-15:К-15) |
тонна |
30 |
30 000 |
5 |
Аммиакты селитрасы (N-34,4%) |
тонна |
30 |
17850 |
6 |
Аммофос (N-10%:P2О5-46%) |
тонна |
30 |
30 900 |