1. "Қазақстан-Қытай" магистральдық құбырлардың "А", "В" желілік бөліктері осы қаулының 1 қосымшасына, "С" желілік бөлігі осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес құбыр осінің әрбір жағынан елу метр жерден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде құбыр осінің әрбір жағынан жиырма бес метр жерден және Жамбыл, Т.Рысқұлов, Шу аудандарында орналасқан компрессорлық станциялардың (КС-3, КС-4, КС-5) жан-жақтарынан жүз метр жерден, осы аймаққа кіретін жерлерді меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, күзет аймақтары белгіленсін.
2. "Қазақстан-Қытай" магистральдық құбырлардың күзет аймақтарындағы жерлерді пайдалану режимі осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға, мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Әбдірайымовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 29 желтоқсан 2014 жылғы №365 қаулысына 1 қосымша |
"Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "А және В" желілерінің күзет аймақтары
Жамбыл облысы әкімдігінің 29 желтоқсан 2014 жылғы №365 қаулысына 2 қосымша |
"Қазақстан-Қытай" магистральды құбыр жолының "C" желісінің күзет аймағы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №365 қаулысына 3-қосымша |
"Қазақстан-Қытай" магистральдық құбыр жолдарының күзет
аймақтарындағы жерді пайдалану режимі
"Қазақстан-Қытай" магистральдық құбыр жолдарының күзет аймақтарының шегінде:1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;
2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;
3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;
4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;
5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;
6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;
7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;
8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге;
9) бақылау-өлшеу пункттерін, навигациялық тану белгілерін сындыру, басқа жерге ауыстыруға және көмуге;
10) қоқыс тастайтын жерге айналдыру, тұз, сілті, қышқыл ерітінділерін төгуге;
11) от қою, от көздерін ашуға немесе жабуға тыйым салынады.