Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2014 жылдың 17 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бәйтерек ауылдық округі Сарыкемер ауылындағы 2 -Выгонная көшесі Әубәкір Көшербаев көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратының құжаттама құрылымдық бөлімшесінің іс жүргізуші бас маманы А.Асханбекұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бәйтерек ауылдық округінің әкімі | М. Қилыбаев |