Ескертпе. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай аудандық әкімдігінің 27.02.2015 ж. № 78 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қордай ауданы бойынша 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аталған қаулы баспасөз беттерінде және жергілікті атқарушы органның интернет –ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Тілебалдыұлы Жамангозовке жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Қ. Иманалиев |
Қордай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "27" маусымдағы
№ 353 қаулысына қосымша
Қордай ауданында 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ |
Мектепке дейінгі мекемелер |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, (орын) оның ішінде қаржыландырылатын |
Бір айға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын |
Бір айға |
|||
Республикалық нысаналы трансферттер есебінен |
Жергілікті бюджет есебінен |
Республикалық нысаналы трансферттер есебінен |
Жергілікті бюджет есебінен |
||||
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар |
|||||||
1 |
Шағын орталықтар |
1468 |
217 |
12630 |
12630 |
4500 |
|
2 |
Балабақшалар |
1830 |
1230 |
20938 |
20938 |
5000 |
|
Мектепке дейінгі жекеменшік ұйымдар |
|||||||
1 |
Шағын орталықтар |
130 |
0 |
6315 |
0 |
0 |