Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 14.03.2018 № 23-5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Барлық мәтін бойынша "ставкаларын", "ставкалары","ставкаларының" деген сөздер "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 31.03.2015 № 32-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодесінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мойынқұм ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мойынқұм ауданы мәслихатының аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының | Аудандық мәслихат |
төрағасы | хатшысы |
С. Әбілов | Ш. Исабеков |
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 31-7 шешіміне қосымша |
Мойынқұм ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері
№ | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелерінің (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 3 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 20 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |