РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мойынқұм аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысы Уланбек Ерболатұлы Алипбековке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессиясының төрағасы | М. Жақсыбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ш. Исабеков |
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 23-5 шешіміне қосымша |
Мойынқұм аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізімі
1. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 31-7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2466 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпанда аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған);
2. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 31-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 32-6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2638 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған).
3. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 2-9 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3111 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 маусымда аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған).