РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Мойынқұм ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 0673 ұсынысы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Уақ малдардан бруцеллездің эпизоотиялық ошағының анықталуына байланысты Кеңес ауылдық округінің Кеңес ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының ветеринар бас маманы Қалқабаев Еркебайға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі Ә. Мұқашев
«
Кеңес ауылдық округінің Кеңес ауылы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы»
18.07.2014 жылғы № 11 шешіміне келісім парағы
«КЕЛІСІЛДІ »
«Жамбыл облысы ішкі істер
Департаментінің Мойынқұм аудандық»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж. Орынбеков.
2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ »
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі «Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ. Дуйсенов
2014 жыл
«КЕЛІСІЛДІ »
«Мойынқұм аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Тоқбаев
2014 жыл