РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Т. Рысқұлов ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау мәслихатының Экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
А. Кораласбаев | Б. Шамаев |
Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы № 28-11 шешіміне қосымша |