РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талас ауданында 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Тамабекұлы Қартабаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С. Дадабаев
Талас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 385 қаулысына қосымша
2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
№ |
Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (орын), оның ішінде қаржыландырылатын |
Бір айға жан басына шаққандығы қаржыландыру мөлшері, (теңге) оның ішінде қаржыландырылатын |
Бір айға ата-ананың ақы төлеу мөлшері |
||
Республикалық нысаналы трансферттер есебінен |
Жергілікті бюджет есебінен |
Республикалық нысаналы трансферттер есебінен (теңге) |
Жергілікті бюджет есебінен (теңге) |
|||
1 |
Шағын орталықтар (қала) |
375 |
12053 |
3500 |
||
2 |
Балабақшалар (қала) |
610 |
570 |
17945 |
13037 |
4000 |
3 |
Шағын орталықтар (ауыл) |
350 |
13494 |
3500 |
||
4 |
Балабақшалар (ауыл) |
175 |
640 |
19555 |
18666 |
4000 |