"Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 395 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қарашада № 2398 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 24.08.2017 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Талас ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы "Талас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және аудан әкімдігіне қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің Ережелерін жаңа редакцияда бекіту туралы" №401 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Мекеме заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ширшинбаев Галымжан Алимкуловичке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Рысмендиев

"Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Мемлекеттік мекеме) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, жеке өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: 080800, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Шейн көшесі, № 47 үй.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Мемлекеттік мекеменің миссиясы: ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      1) аудан әкіміне ақпараттық және талдау сипатындағы құжаттарды дайындау;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін іске асыру;

      3) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;

      4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу;

      5) заңнамамен жүктелген өзге де тапсырмаларды орындау.

      16. Функциялары:

      1) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

      2) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң орындалуына жәрдемдеседі;

      3) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

      4) мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

      5) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      6) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

      7) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      8) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

      9) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

      10) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

      11) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

      12) өз құзыретi шегiнде қаланы сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

      13) қаланы абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      14) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

      15) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

      16) қала әкімі актілерінің жобаларын дайындайды;

      17) қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз етеді;

      18) мемлекеттік мекеменің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын дайындайды.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бұқаралық ақпараттық құралдарға ақпараттық-талдау құжаттарын өз құзыреті шегінде дайындауға және ұсынуға құқылы;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға құқылы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Қала әкімінің өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

      3) Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен жауапкершілік дәрежесін белгілейді және қызметкерлердің функционалдық міндеттерін бекітеді;

      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында мемлекеттік мекеменің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мемлекеттік мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылатын мүліктен тұрады.

      22. Мемлекеттік мекеменің мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

      23. Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті өзінше иеліктен алуға немесе өзгедей әдіспен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима города Каратау Таласского района"

Постановление акимата Таласского района Жамбылской области от 27 октября 2014 года № 395. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 28 ноября 2014 года № 2398. Утратило силу постановлением акимата Таласского района Жамбылской области от 24 августа 2017 года № 235

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Таласского района Жамбылской области от 24.08.2017 № 235 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении типового положения государственного органа Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "Об административных процедурах", Законом Республики Казахстан от 01 марта 2011 года "О государственном имуществе", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Таласского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима города Каратау Таласского района" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Таласского района № 401 от 27 ноября 2012 года "Об утверждении Положений коммунальных государственных учреждений акимата района и коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Таласского района".

      3. Учреждению обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции и его официальное опубликование.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Ширшинбаева Галымжана Алимкуловича.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Рысмендиев

ПОЛОЖЕНИЕ
коммунального государственного учреждения "Аппарат акима города Каратау Таласского района"

1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима города Каратау Таласского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения.

      2. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима города Каратау Таласского района" не имеет ведомств.

      3. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима города Каратау Таласского района" (далее – Государственное учреждение) осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента, Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, счета в органах казначейства.

      5. Государственное учреждение вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от своего имени, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      7. Государственное учреждение по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      9. Место нахождение юридического лица: 080800, Республика Казахстан, Жамбылская область, Таласский район, город Каратау, улица Шейна, № 47.

      10. Полное наименование государственного органа - Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима города Каратау Таласского района".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения.

      12. Финансирование деятельности государственного учреждения осуществляется из местного бюджета.

      13. Государственному учреждению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения.

      2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссия государственного учреждения: осуществление информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения.

      15. Задачи:

      1) подготовка документов информационного и аналитического характера для акима района;

      2) реализация актов Президента, Правительства Республики Казахстан, акима области, акима района;

      3) разрабатывает и вносит в вышестоящий акимат для утверждения соответствующим маслихатом бюджетные программы, администратором которых выступает государственное учреждение;

      4) содействуют сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;

      5) осуществление иных задач, возложенных законодательством.

      16. Функции:

      1) рассматривает обращения, заявления, жалобы граждан, принимает меры по защите прав и свобод граждан;

      2) содействует исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;

      3) в пределах своей компетенции осуществляет регулирование земельных отношений;

      4) обеспечивает сохранение государственного жилищного фонда города районного значения, а также строительство, реконструкцию, ремонт и содержание автомобильных дорог в городах районного значения;

      5) в пределах своей компетенции организует и обеспечивает исполнение законодательства Республики Казахстан по вопросам воинской обязанности и воинской службы, гражданской обороны, а также мобилизационной подготовки и мобилизации;

      6) содействует организации крестьянских или фермерских хозяйств, развитию предпринимательской деятельности;

      7) организует работу по сохранению исторического и культурного наследия;

      8) обеспечивает трудоустройство лиц, состояших на учете в службе пробации уголовно-исполнительной инспекции и оказывает иную социально-правовую помощь;

      9) содействует развитию местной социальной инфраструктуры;

      10) организует движение общественного транспорта;

      11) взаимодействует с органами местного самоуправления;

      12) организует в пределах своей компетенции водоснабжение города и регулирует вопросы водопользования;

      13) организует работы по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке города;

      14) организует погребение безродных и общественные работы по содержанию в надлежащем состоянии кладбищ и иных мест захоронения;

      15) ведет реестр непрофессиональных медиаторов;

      16) разрабатывает проекты актов акима города;

      17) обеспечивает пресс-конференции акима города с участием средств массовой информации;

      18) подготовка ежеквартального плана работы государственного учреждения.

      17. Права и обязанности:

      1) готовить и предоставлять в пределах своих полномочий государственным органам, общественным и другим учреждениям, средствам массовой информации информационно-аналитические документы;

      2) запрашивать и получать информацию и документы от местных исполнительных органов, предприятий, организации и других учреждений.

      3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение и осуществление им своих функций.

      19. Аким города назначается и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Полномочия акима города:

      1) в соответствии с действующим законодательством назначает на должность и освобождает от должности сотрудников государственного учреждения;

      2) в установленном законодательством порядке поощряет сотрудников государственного учреждения и налагает на них дисциплинарные взыскания;

      3) определяет полномочия и обязанности сотрудников государственного учреждения, утверждает их функциональные обязанности;

      4) является должностным лицом соответствующего государственного учреждения на территории соответствующей административно-территориальной единицы и без доверенности выступает от его имени во взаимоотношениях с государственными органами, организациями и гражданами;

      5) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;

      6) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.

      4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество. Имущество государственного учреждения формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением, относится к коммунальной собственности.

      23. Государственное учреждение не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом.

      5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат акима города Каратау Таласского района" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.