"Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 395 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 235 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 3521 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Талас ауданы Қаратау қалалық әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 395 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2398 болып тіркелген, 2014 жылдың 20 желтоқсанында аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Серик Ералиевич Дадабаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы К. Рахимжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады