"Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет минитсрлігінде 2014 жылы 10 қыркүйекте № 9726 тіркелді

       БҰЙЫРАМЫН:
      «Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 11 сәуірде № 7547 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 306 - 307 (27125 - 27126)) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың білім беру ұйымдарының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 8 тамыздағы 
№ 340 бұйрығына    
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 99 бұйрығына    
1-қосымша        

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік
олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1.  Осы Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы (бұдан әрі – Президенттік олимпиада) өткізу қағидаларын анықтайды, Президенттік олимпиадаға қатысу және жеңімпаздарды өткізіу тәртібін белгілейді.
      2. Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткізетін жыл сайынғы іс-шара болып табылады.
      3. Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:
      1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
      2)жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда  оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
      3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

2. Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      4. Президенттік олимпиада жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
      1) бірінші кезең – өңірлік - 1 қарашаға дейін;
      2) екінші кезең – іріктеу кезеңі, 2 турда өткізіледі:
      1-тур – қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;
      2 тур – шығармашылық, қашықтық тур өткізілген күні эссе жазу (1 беттен аспайды, 45 минут);
      3) үшінші (қорытынды) кезең – республикалық (желтоқсанның бірінші онкүндігі).
      Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңде         тапсырмаларды төрт  пәннен орындайды: математика, физика, химия және биология.
      5. Президенттік олимпиаданың барлық кезеңдерін тапсырмалармен 0амтамасыз етуді дарынды балалармен жұмыс жүргізу саласындағы ұйым - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО).
      6. Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РБҰ) және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ) өткізеді.
      7. Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі Интерактивті студия желісі арқылы республиканың барлық өңірлерінде бір уақытта өткізіледі.
      8. Президенттік олимпиаданың іріктеу және республикалық кезеңі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - Министрдің бұйрығы) «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен өткізіледі

3. Президенттік олимпиадаға қатысушылар

      8. Президенттік олимпиадаға бұрын-соңды республикалық және халықаралық пән олимпиадаларына қатыспаған республиканың білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары қатысады.
      9. Іріктеу кезеңіне әр облыс, Астана және Алматы қалалары, «НЗМ» ДББҰ Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысына сәйкес құрамы 20 адамнан тұратын командалар ұсынады (әр пәнге 5 қатысушыдан), РБҰ – әр пән бойынша 2 қатысушыдан аспайды.
      10. Республикалық ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі - ұйымдастыру комитеті) іріктеу кезеңінің 2 тур нәтижелері бойынша Президенттік олимпиаданың үшінші (қорытынды) кезеңіне қатысушылардың тізімін бекітеді.

4. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы және ұйымдастыру
комитеті.

      12. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
      Ұйымдастыру комитетінің құрамына Министрліктің, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесі өкілдері кіреді.
      13. Ұйымдастыру комитетінің қызметі:
      1) Президенттік олимпиаданы дайындау мен өткізудегі тікелей басшылық – ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарын қамтамасыз ету;
      2) Президенттік олимпиаданың  қазылар алқасын және академиялық  тобының құрамын бекіту;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне Президенттік олимпиаданың қорытындылары бойынша ақпарат беру.
      14. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы төрағадан, мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Қазылар алқасының құрамына алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, бұрынғы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары енеді.
      15. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы:
      1) Президенттік олимпиадаға қатысушылардың жазбаша жұмыстарын тексереді, олардың нәтижелерін бағалайды;
      2) ұйымдастыру комитетіне жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау жөніндегі ұсыныстар жасайды;
      3) Президенттік олимпиада қатысушыларының орындаған жұмыстарына талдау жүргізеді.

5. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау

      16. Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің барлық қатысушыларына осы бұйрыққа қоса беріліп отырған формасы бойынша сертификаттар тапсырылады.
      17. Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері әр пән бойынша Министірліктің дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздар саны қатысушылар санының 25%-ын құрайды. Олимпиаданың қорытынды кезеңінде І, II және III дәрежелі дипломдар саны мына үйлесімділікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен жеңімпаздардың 50 %-ы, II дәрежелі дипломдармен 30 %-ы, І дәрежелі дипломдармен 20 %-ы марапатталады.
      Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар бір пәннен жазылады (олардың белгілі бір пәннен неғұрлым көбірек жинаған балының санына сәйкес).

Жаратылыстану - математика циклы
пәндері бойынша Президенттік  
олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу
қағидасына қосымша       

                                                                Форма

         Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі
        "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы



                              Сертификат

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден
(математика,физика,химия және биология)
Президенттік олимпиадаға
қатысушы

             _____________________________________________

             ______________________________________________
                                берілді

         Директор            (қолы)                       аты-жөні
                              М.О.

Қазақстан Республикасы 
Бiлiм және ғылым министрiнің
2014 жылғы 8 тамыздағы 
№ 340 бұйрығына    
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрiнің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 99 бұйрығына     
3-қосымша        

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар
конкурстарын ұйымдастыру және өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Ғылыми конкурстар) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
      2. Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың Ғылыми конкурстарын (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі – Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткiзедi.
      3. Ғылыми конкурстардың мақсаттары мен мiндеттерi:
      1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
      2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
      3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.
      4. Ғылыми конкурстардың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың (Intel ISEF) талаптарына сәйкес - Ғылыми Рецензиялау Комитеті (бұдан әрі – ҒРК) өткізеді. ҒРК – Ғылыми конкурстардың әр кезеңіндегі заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың, сертификаттардың, ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.
      Ғылыми конкурстардың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық  және бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты өз жұмысы ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәліметтер беруге жол берілмейді.
       5. ҒРК ұсынылған жұмыстарды қарайды, бағалау критерийлары бойынша қосындылап, Ғылыми конкурстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі республикалық ұйымдастыру комитетімен бекітілген әр жобаны рецензиялайды және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша облыстық кезеңге, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша республикалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.
      6. Ғылыми конкурстардың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрімен бекітіледі.
      7. Ғылыми конкурстарға:
       1) аталған ғылым саласындағы фактiлер, оқиғалар, құбылыстар және бұрын танылмаған, ерекше жақтары көрсетілген;
      2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк процесстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн, практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкциялары ұсынылған;
      3) әлеуметтiк-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған экономикалық-заңдыққа негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылады.
      8. Ғылыми конкурстарға:
      1) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптармен жұмыстар, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн эксперименттер, адам денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттармен жүргізілетін жұмыстар (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин) жарысқа қатысуға жіберілмейді;
      2) республикалық жарыстарда бұрын ұсынылған жұмыстар  жіберілмейді.
      9. Зерттеу жұмыстарын рәсімдеуге қойылатын талаптар:
      1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
      титул парағы;
      мазмұны;
      абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), және ағылшын тiлiнде жазылады;
      кiрiспе;
      зерттеу бөлiмi;
      қорытынды;
      пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
      2) титул парағында мыналар көрсетiледi:
      жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;
      автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;
      жұмыстың атауы;
      жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
      жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;
      3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
      зерттеудің мақсаты;
      гипотезасы;
      кезеңдерi, зерттеудiң реті;
      тәжірибенің әдiстемесi;
      зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;
      жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;
      нәтижелерді практикада қолдану салалары;
      4) кiрiспеде (2 беттен артық емес) мыналар келтіріледі: таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi); қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;
      5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады және мыналарды қамтиды:
      осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
      қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;
      жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
      суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және  суреттер);
      6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi төртбұрышты жақшада  көрсету керек. Мәтінде кездесетін сілтемелердің шығуына қарай, нөмірлеу реті болады;
      7) қорытынды (бір беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;
      8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:
      автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;
      мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);
      журналдың, кiтаптың аты;
      басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);
      басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;
      9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;
      10) төртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.
      10. Стендтi ресiмдеуге қойылатын талаптар:
      стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстрактын, қатысушының атын, жасын, мектебiнiң, ауыл/қаласының, облысының атын орналастыру қажет;
      стенд материалдары жұмыстың мазмұнын сипаттайтын нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен ресiмделеді;
      мазмұнды дайындау кезiнде негiзгі назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге аударылады.
      11. Уәкілдік мүшемен бекітілген ғылыми жетекші жұмыс нәтижелері диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерінен көшірілмеген, алынған нәтижелердің нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларына ие болып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

2. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      12. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) Intel ISEF-ке (Вашингтон, АҚШ қ.) тіркелінген жобаларды бекіту аффилендіру үшін тиісті жылдағы 20 қыркүйегінен кешiкпей тiркеледі.
      13. Ғылыми конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
      1) бірінші кезең – мектепішілік, аудандық орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;
      2) екінші кезең – облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім беру ұйымдарының конкурстары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РБҰ) мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ), мәртебесі жағынан облыстық жарыстармен теңестіріледі). Осы кезең 2 турда өткізіледі:
      Бірінші тур – жобаны қорғау, екінші тур – осы Қағиданың қосымшасында көрсетілген жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурстары өтетін пәндер тізбесіне сәйкес сыныбына, оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу.
      Әдістемелік кеңес құрастырған тестілер орындауға 2 астрономиялық сағат берілетін 60 сұрақты (120 балл) қамтиды.
      Қатысушылар тестілеудің жалпы балл санынан 50%-дан төмен емес ұпай жинауы тиіс. Командалық жұмыстар үшін өту балы жұмыстың авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып табылады.
      3) үшінші кезең - іріктеу, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жобаны алдын ала сараптауды облыстық білім беру ұйымдары өткізеді, жаратылыстану - математикалық бағыттағы жобаны алдын ала сараптауды "Дарын" РҒПО өткізеді.
      4) төртінші (қорытынды) кезең - республикалық - жобаны қорғау.
      14. Ғылыми конкурстардың бірінші және екінші кезеңін өткізу мерзімі облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармалары жетекшілерінің бұйрықтарымен анықталады. Ғылыми конкурстардың үшінші, төртінші кезеңдері Министрліктің бұйрығымен белгіленген мерзімде өткізіледі. Ғылыми конкурстар осы Қағиданың қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізбесі бойынша өткізіледі.
      15. Ғылыми жетекшінің немесе оқушылардың ғылыми қоғамының ұсынуымен, ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне 9-11 сынып оқушылары қатысады.
      Зерттеу жұмыстарын екі оқушыдан кем емес орындайды.
      16. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.
      17. Үшінші кезеңін қорытындылау кезінде осы Қағиданың 5 тармағына сәйкес тестілеуде алған балдары мен жобаны қорғауда алған балдары қосылады.
      18. Ғылыми  конкурстардың қорытынды кезеңіне қатысуға үміткер Ғылыми конкурстардың үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша неғұрлым көп балл жинаған, облыстық, Астана, Алматы қалаларының, РБҰ-ның, «НЗМ» ДББҰ (әр бағыт бойынша екі жобадан кем емес) жүлдегерлері.
      19. Төртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн ҚР білім және ғылым вице-министрімен бекiтіледi және бекiтiлгеннен кейін үш жұмыс күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары мен РБҰ, «НЗМ» ДББҰ-ның назарына жеткiзіледi.
      20. Төртінші кезең – зерттеу жұмысын қорғау және осы Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сәйкес рәсімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезінде авторға (біріккен авторларға) баяндама үшін 10-15 минут беріледі.

3. Ғылыми конкурстардың жеңімпаздарды марапаттау

      21. Ғылыми конкурстардың облыстық кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
      22. Республикалық кезең жеңiмпаздарының саны әр бағыт және әр жоба бойынша Ғылыми конкурстардың республикалық кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 45 %-ын құрайды.
      Ғылыми конкурстардың республикалық кезеңінің жеңімпаздары І, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталады. І, II және III дәрежелі дипломдар саны мынадай үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелі дипломдармен жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелі дипломдармен 30%-ы, І дәрежелі дипломдармен 20%-ы марапатталады.
      23. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, республикалық кезеңнің жеңімпаздарының саны қазылар алқасының шешімімен көбейеді.

Жалпы білім беретін пәндер
бойынша республикалық ғылыми
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына 
қосымша         

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми
жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі

Бағыттар

Пәні

1. Физика

Физика

2. Техника

Физика

3. Жер және ғарыш туралы ғылымдар

Физика

4. Математика

Математика

5. Қолданбалы математика

Математика

6. Информатика

Математика, информатика

7. Экономика

Математика, география

8. Биология

Биология

9. Химия

Химия

10. Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау

Биология

11. Тарих

Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы

12. Адам және қоғам

Дүниежүзі тарихы, адам. Қоғам Құқық.

13. Өлкетану

География және Қазақстан тарихы

14. Әдебиет

Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

15. Этномәдениеттану

Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

16. Тіл білімі

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, неміс және француз тілдері

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 99 "Об утверждении Правил организации и проведения Президентской олимпиады по предметам естественно-математического цикла, республиканских олимпиад и конкурсов научных проектов по общеобразовательным предметам, республиканских конкурсов исполнителей и конкурсов профессионального мастерства"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2014 года № 340. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 сентября 2014 года № 9726.

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 99 «Об утверждении Правил организации и проведения Президентской олимпиады по предметам естественно-математического цикла, республиканских олимпиад и конкурсов научных проектов по общеобразовательным предметам, республиканских конкурсов исполнителей и конкурсов профессионального мастерства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан 11 апреля 2012 года за № 7547, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 12 сентября 2012 года № 306-307 (27125-27126)) следующие изменения:
      Правила организации и проведения Президентской олимпиады по предметам естественно-математического цикла, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;
      Правила организации и проведения республиканских конкурсов научных проектов по общеобразовательным предметам, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.
      2. Департаменту дошкольного и среднего образования, информационных технологий (Жонтаева Ж.А.) обеспечить:
      1) в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после прохождения государственной регистрации официальное опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации;
      3) доведение настоящего приказа до сведения организаций образования.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Имангалиева Е.Н.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти дней календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Саринжипов

Приложение 1        
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 8 августа 2014 года № 340

Приложение 1        
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 13 марта 2012 года № 99 

Правила
организации и проведения Президентской олимпиады по предметам
естественно-математического цикла 1. Общие положения

      1. Правила проведения Президентской олимпиады по предметам естественно-математического цикла (далее – Президентская олимпиада) определяют цели и задачи Президентской олимпиады, организационно-методическое обеспечение, порядок проведения и финансирования, участия в Президентской олимпиаде и определения победителей.
      2. Президентская олимпиада представляет собой ежегодное мероприятие и проводится Министерством образования и науки Республики Казахстан (далее – Министерство).
      3. Цели и задачи Президентской олимпиады:
      1) создание оптимальных условий для выявления одаренных учащихся по математике, физике, химии и биологии среди учащихся организаций среднего образования, их дальнейшего интеллектуального развития и профессиональной ориентации;
      2) повышение интереса учащихся к изучению предметов естественно-математического направления, углубление теоретических знаний и умений;
      3) содействие самореализации и саморазвитию личности.

2. Порядок организации и проведения Президентской олимпиады

      4. Президентская олимпиада проводится ежегодно в три этапа:
      1) первый этап – региональный – до 1 ноября;
      2) второй этап – отборочный, проводится в 2 тура:
      1 тур – дистанционный – до 15 ноября;
      2 тур – творческий, написание эссе (не более 1 страницы, 45 минут) в день проведения дистанционного тура;
      3) третий (заключительный) этап – республиканский (в первой декаде декабря).
      Каждый участник Президентской олимпиады на всех этапах выполняет задания по четырем предметам: по математике, физике, химии и биологии.
      5. Комплектами заданий для всех этапов Президентской олимпиады обеспечивает организация, координирующая работу с одаренными детьми, – Республиканский научно-практический центр «Дарын» (далее – РНПЦ «Дарын»).
      6. Региональный этап Президентской олимпиады проводится областными, городов Астана и Алматы управлениями образования, республиканскими организациями образования (далее – РОО), автономными организациями образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» (далее – АОО «НИШ»).
      7. Отборочный этап Президентской олимпиады проводится через сеть Интерактивной студии одновременно во всех регионах республики.
      8. Отборочный и республиканский этапы Президентской олимпиады проводятся РНПЦ «Дарын» согласно приказа Министра образования и науки Республики Казахстан (далее - приказ Министра).

3. Участники Президентской олимпиады

      9. В Президентской олимпиаде принимают участие учащиеся 11 класса организаций образования республики, ранее не принимавшие участие в республиканских и международных предметных олимпиадах.
      10. На отборочный этап каждая область, города Астана и Алматы, АОО «НИШ» представляют команды в соответствии с результатами регионального этапа Президентской олимпиады в составе 20 человек (по 5 участников по каждому предмету), РОО – не более 2-х участников по каждому предмету.
      11. По результатам 2-х туров отборочного этапа республиканским организационным комитетом (далее - оргкомитет) утверждаются списки участников республиканского этапа Президентской олимпиады.

4. Организационный комитет и жюри Президентской олимпиады

      12. Состав оргкомитета утверждается приказом Министра.
В состав оргкомитета входят представители Министерства, подведомственных организаций Министерства, органов управления образования, совета ректоров высших учебных заведений Республики Казахстан.
      13. Функции оргкомитета:
      1) осуществление организационно-методического обеспечения – непосредственного руководства подготовкой и проведением Президентской олимпиады;
      2) утверждение состава жюри, академической группы Президентской олимпиады;
      3) представление информации по итогам Президентской олимпиады Министру образования и науки Республики Казахстан.
      14. Жюри Президентской олимпиады состоит из председателя, членов и секретаря. В состав жюри входят ученые ведущих отечественных и зарубежных высших учебных заведений, бывшие победители международных олимпиад.
      15. Жюри Президентской олимпиады:
      1) проводит проверку письменных работ участников Президентской олимпиады, оценивает их результаты;
      2) представляет в оргкомитет предложения по награждению победителей и призеров;
      3) проводит анализ выполненных заданий с участниками Президентской олимпиады.

5. Награждение победителей и призеров

      16. Всем участникам республиканского этапа вручаются сертификаты участника Президентской олимпиады по форме прилагаемой к настоящему приказу.
      17. Победители и призеры Президентской олимпиады по каждому предмету награждаются дипломами Министерства. Количество победителей составляет 25 % от общего количества участников. Количество дипломов I, II и III степени на заключительном этапе Олимпиады определяется исходя из следующей пропорции: 50 % от количества победителей награждаются дипломами III степени, 30 % - дипломами II степени, 20 % - дипломами I степени.
      Дипломы победителям выписываются по одному предмету (в соответствии с наибольшим количеством набранных ими баллов по определенному предмету).

Приложение            
к Правилам организации и проведения
Президентской олимпиады по предметам
естественно - математического цикла

Форма     

         Министерства образования и науки Республики Казахстан

           Республиканский научно-практический центр «Дарын»

                             Сертификат

              Выдано участнику Президентской олимпиады
          по предметам естественно - математического цикла
               (математика, физика, химия и биология)

               ______________________________________

               ______________________________________

      Директор                    подпись                    фамилия
                                  м.п.

Приложение 2          
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 8 августа 2014 года № 340

Приложение 3        
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 13 марта 2012 года № 99

ПРАВИЛА
организации и проведения республиканских конкурсов
научных проектов по общеобразовательным предметам 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и проведения республиканских конкурсов научных проектов по общеобразовательным предметам (далее - Научные конкурсы) определяют порядок организации и проведения Научных конкурсов.
      2. Научные конкурсы Международных соревнований по науке и технике (Intel International Science Engineering Fair (далее – Іntel ISEF)) проводится ежегодно Министерством образования и науки Республики Казахстан (далее - Министерство).
      3. Целями и задачами Научных конкурсов являются:
      1) стимулирование научно-исследовательской и учебно-познавательной деятельности учащихся;
      2) отбор и поддержка наиболее талантливых и одаренных юных исследователей;
      3) содействие формированию интеллектуального потенциала Республики Казахстан.
      4. Отборочные этапы Научных конкурсов проводятся в соответствии с требованиями Международных Правил (Intel ISEF) - Комитетом Научного Рецензирования (далее - КНР). КНР – является группой квалифицированных лиц, ответственных за оценку соответствия научных работ, сертификатов, планов научных исследований и экспонатов с правилами, законами и постановлениями на каждом этапе Научных конкурсов.
      На всех этапах Научных конкурсов недопустим плагиат, фальсификация, использование или представление работ, ранее представленных в других конкурсах в качестве своей собственной.
      5. КНР, рассматривает представленные работы, суммирует по критериям оценок, утвержденным республиканским организационным комитетом по организации и проведению Научных конкурсов, рецензирует каждый проект и определяет участников по общественно-гуманитарному направлению – областного этапа, по естественно-математическому направлению – республиканского этапа.
      6. Жюри заключительного этапа Научных конкурсов утверждается вице- министром образования и науки Республики Казахстан.
      7. На Научные конкурсы представляются работы:
      1) освещающие факты, события, явления и отдельные, неизвестные ранее стороны в данной области науки;
      2) представляющие конструкции аппаратов, моделей и приборов, вносящих новое в решение практических задач, содействующие совершенствованию школьных экспериментов, рационализации производственных процессов;
      3) компьютерные модели и проекты с экономическо-юридическим обоснованием, направленные на решение социально-экономических проблем.
      8. На Научные конкурсы не допускаются работы:
      1) с использованием аппаратуры, доступ к которой не разрешен для несовершеннолетних, где имеются эксперименты с жестоким обращением с животными и в которых используются вредные для здоровья людей и животных вещества (токсичные, радиоактивные, неизученные биологически активные соединения, обладающие канцерогенным и мутагенным действиями; вещества патогенные или условно патогенные для человека и животных; микроорганизмы, вирусы, алкоголь, табак);
      2) ранее представленные на республиканских конкурсах.
      9. Требования к оформлению исследовательской работы:
      1) текст работы должен быть отпечатан на компьютере и содержать:
      титульный лист;
      оглавление;
      абстракт (аннотацию) на казахском или русском языке (в зависимости от того, на каком языке написана исследовательская работа), и на английском языке;
      введение;
      исследовательскую часть;
      заключение;
      список использованной литературы;
      2) на титульном листе указываются:
      полное наименование организации, где выполнена работа, город, школа;
      фамилия, имя автора (соавтора), класс;
      название работы;
      направление, по которому подготовлена работа, секция;
      фамилия, имя, отчество руководителя;
      город (где проводится соревнование), год;
      3) абстракт (аннотация) (не более 250 слов) должен отражать краткое содержание работы, включая:
      цель исследования;
      гипотезу;
      этапы, процедуру исследования;
      методику эксперимента;
      новизну исследования и степень самостоятельности;
      результаты работы и выводы;
      области практического использования результатов;
      4) во введении (не более 2-х страниц) приводятся: актуальность выбранной темы исследований, цель (задача) данной работы; кратко указываются методы решения поставленной задачи;
      5) исследовательская часть работы (не более 20 страниц) должна состоять из отдельных глав (параграфов) и содержать:
      аналитический обзор известных результатов по выбранной теме, позволяющий увидеть необходимость проведения данной работы и сформулировать ее цель (задачу);
      описание методов решения поставленной задачи;
      результаты работы и их обсуждение;
      иллюстративный материал (чертежи, графики, фотографии, рисунки);
      6) ссылки на использованную литературу следует давать в квадратных скобках. Нумерация должна быть последовательной, по мере появления ссылок в тексте;
      7) заключение (не более 1 страницы) содержит основные результаты работы и сделанные на их основании выводы, рекомендации по использованию результатов работы в научных и практических целях;
      8) использованная литература приводится в конце работы общим списком в следующем порядке:
      фамилия и инициалы автора;
      название статьи и журнала (для журнальных статей);
      название журнала, книги;
      место издания и издательство (для книг);
      год издания, номер выпуска, страницы;
      9) каждая работа должна сопровождаться отзывом руководителя, в котором отражается актуальность выбранной темы, личный вклад автора в работу, недостатки работы и рекомендации по дальнейшему использованию результатов;
      10) к четвертому этапу рекомендуется подготовить демонстрационный материал (к докладу) для размещения на стенде размером не более 135х125 квадратных сантиметров.
      10. Требования к оформлению стенда:
      в верхней части стенда по горизонтали необходимо поместить абстракт, имя участника, возраст, название школы, села/города, области;
      материалы стенда отражают содержание работы, оформляются эстетично, включают графики, фотографии, рисунки, диаграммы, которые пронумерованы, выводы;
      при подготовке содержания основное внимание уделяется представлению результатов, полученных автором проекта.
      11. Научный руководитель обеспечивает достоверность и корректность полученных результатов, что работа не содержит результатов, переписанных из дипломных работ, магистерских и кандидатских диссертаций, отчетов научных коллективов. Учащийся должен выполнить посильную работу, приобретая новые знания и навыки самостоятельной исследовательской деятельности.

2. Порядок организации и проведения Научных конкурсов

      12. Темы исследовательских работ регистрируются Республиканским научно-практическим центром «Дарын» (далее – РНПЦ «Дарын») не позднее 20 сентября соответствующего года для аффиляции зарегистрированных проектов в Intel ISEF (г. Вашингтон, США).
      13. Научные конкурсы проводится в четыре этапа:
      1) первый этап – школьный, районный проводится в организациях образования, реализующих учебные программы среднего образования;
      2) второй этап – областной (конкурсы организаций образования городов Астаны и Алматы, Республиканских организаций образования (далее – РОО), Автономной организации образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» (далее - АОО «НИШ»), приравниваются по статусу к областным соревнованиям). Данный этап проводится в два тура:
      первый тур – защита проектов;
      второй тур – тестирование по программе углубленного изучения профилирующего предмета соответственно классу, языку обучения в соответствии с перечнем предметов, по которым проводятся республиканские конкурсы научных проектов по общеобразовательным предметам, указанным в приложении к настоящим Правилам.
      Тесты, составленные методическим советом, включают 60 вопросов (120 баллов), на выполнение которых отводится 2 астрономических часа.
      Участники должны набрать не менее 50% баллов от общего количества баллов за тестирование. Для командных работ проходным баллом является среднеарифметическое количество баллов, набранных авторами работы;
      3) третий этап – отборочный, предварительная экспертиза проектов по общественно-гуманитарному направлению проводится областными организациями образования, по естественно-математическому направлению проводится РНПЦ «Дарын»;
      4) четвертый (заключительный) этап – республиканский – защита проектов.
      14. Сроки проведения первого и второго этапов Научных конкурсов определяются приказом руководителя управлений образования областей, городов Астана и Алматы. Третий и четвертый этапы Научных конкурсов проводятся в сроки, установленные приказом Министра. Научные конкурсы проводится согласно приложению к настоящим Правилам по перечню предметов, по которым проводятся республиканские конкурсы научных проектов по общеобразовательным предметам.
      15. На первом этапе принимают участие учащиеся 9-11 классов, по представлению научных обществ учащихся или научного руководителя.
      Исследовательскую работу выполняют не более двух учащихся.
      16. На втором этапе принимают участие победители первого этапа, которые представляют работы с отзывом научного руководителя и сопроводительными документами (заявка, отчет школы, журналы исследований).
      17. При подведении итогов третьего этапа баллы за тестирование и баллы, полученные при защите проекта, суммируются согласно пункту 5 настоящих Правил.
      18. Претендентами на участие в заключительном этапе Научных конкурсов являются победители областных, городов Астана и Алматы, РОО, АОО «НИШ», набравшие наибольшее количество баллов по итогам третьего этапа Научных конкурсов (не более двух проектов по каждому направлению).
      19. Список участников четвертого этапа утверждается вице-министром образования и науки РК и доводится до сведения областных, городов Астана, Алматы управлений образования и РОО, АОО «НИШ» в течение трех рабочих дней после утверждения.
      20. Четвертый этап - защита исследовательской работы и представление стендового материала, оформленных согласно требованиям пункта 8 настоящих Правил. Во время защиты работы автору (соавтору) работы предоставляется 10-15 минут для доклада.

3. Награждение победителей Научных конкурсов

      21. Победители областного этапа Научных конкурсов награждаются дипломами I, II и III степени.
      22. Количество победителей на республиканском этапе составляет 45 процентов от общего количества участников республиканского этапа Научных конкурсов.
      Победители республиканского этапа Научных конкурсов награждаются дипломами I, II и III степени. Количество дипломов I, II и III степени определяется исходя из следующей пропорции: 50% от количества победителей награждаются дипломами III степени, 30% - дипломами II степени, 20% - дипломами I степени.
      23. Количество победителей республиканского этапа увеличивается по решению жюри в случае, если несколько участников набрали одинаковое количество баллов, соответствующее низшему уровню, необходимому для определения призовых мест.

Приложение                 
к Правилам организации и проведения   
республиканских конкурсов научных   
проектов по общеобразовательным предметам

Перечень предметов, по которым проводятся республиканские
конкурсы научных проектов по общеобразовательным предметам

Направление

Предмет

1. Физика

Физика

2. Техника

Физика

3. Науки о Земле и космосе

Физика

4. Математика

Математика

5. Прикладная математика

Математика

6. Информатика

Математика, Информатика

7. Экономика

Математика, География

8. Биология

Биология

9. Химия

Химия

10. Охрана окружающей среды и здоровья человека

Биология

11. История

Всемирная история, История Казахстана

12. Человек и общество

Всемирная история, Человек. Общество. Право

13. Краеведение

География, История Казахстана

14. Литература

Казахская литература и русская литература

15. Этнокультуроведение

Казахская литература и русская литература, Всемирная история, История Казахстана

16. Языкознание

Казахский, русский, английский, немецкий и французский языки