"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 ақпанда № 10178 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А.Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 544 бұйрығымен бекiтiлген

"Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) конкурстың ұйымдастырушылары – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар;

      2) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;

      3) рейтингтік көрсеткіштер – мемлекеттік білім беру мекемелері сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшемдер.

      3. "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.

      4. Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.

      5. Грант Конкурстың жеңімпазы - мемлекеттік орта білім беретін үздік ұйымға беріледі.

2. "Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу тәртібі

      6. Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.

      7. Конкурс екі кезеңде өткізіледі:

      1) I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурсқа қатысушылар анықталады;

      2) II кезең – облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалары, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпазы анықталады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мақсатында білім саласындағы жергілікті атқарушы органдар әрбір деңгейде, облыс (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудан (қала) әкімінің шешімімен облыс (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудан (қала) әкімінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен конкурстық комиссия құрылады.

      9. I және II кезеңдердің конкурстық комиссияларының құрамына облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудандық (қалалық) білім саласы органдарының мамандары, тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер, психологтар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ғылым қайраткерлері, білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері кіреді.

      10. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды білім саласындағы жергілікті атқарушы органдар мерзімді баспасөз басылымдарында конкурстың басталуына кемінде 1 ай қалғанда жариялайды және:

      1) Конкурс өткізілетін күнін, уақытын, орнын және тәртібін;

      2) құжаттар қабылдау орнын және мерзімін қамтуы тиіс.

      11. Қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін конкурстық комиссия Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді төмендегідей өлшемдер бойынша жүзеге асырады:

      1) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу (қазіргі заманғы білім беру технологияларын тиімді қолдану, 1 компьютерге шаққанда келетін оқушы саны, Интернетке қосылу, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу үлесі);

      2) сапалы білім беруді қамтамасыз ету (жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алған түлектер үлесі, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алған оқушылар үлесі, қосымша білім берумен қамтылған оқушылар үлесі);

      3) білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету (5 жылда 1 рет педагогтардың біліктілік арттыру курсынан өтуі, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану және деңгейлік бағдарламалар бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтардың үлесі, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогтардың үлесі, ағымдағы жылы білім беру ұйымына жұмыс істеуге келген жас мамандар үлесінің серпіні, жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, аудандық (қалалық), облыстық, республикалық, халықаралық конференцияларға, семинарларға, форумдарға, көрмелерге, байқауларға, педагогикалық оқуларға қатысушы педагогтардың үлесі, эксперименттік, зерттеу, қолданбалы жұмыстарға, ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, оқу және әдістемелік басылымдарға сараптама жасауға қатысуы, авторлық оқу құралдарының, бағдарламаларының, ғылыми әзірлемелерінің, басылымдарының бар болуы, озық педагогикалық тәжірибе енгізу, оқушылардың кәсіби бағдарын диагностикалау қабілетін қамтамасыз ету);

      4) материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру ұйымын жарақтандыру және жабдықтау (қаржыландырудың тиімділігі және нәтижелілігі, қаражатты бөлудің ұтымдылығы және тепе-теңдігі);

      5) білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау (білім беру ұйымдарында білім алушыларды спорт секцияларының қызметімен қамту, тұрмыс жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларды ыстық дәруменді тегін тамақпен қамтамасыз ету, балалар ауруларының динамикасы, оқыту жағдайының санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкестігі, мектеп инспекторы, психологтар мен әлеуметтік педагог лауазымының штатта, турникеттер мен бейнебақылау камераларының болуы);

      6) педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау (білім беру ұйымында ақпараттық-әдістемелік кеңістіктің бар болуы, педагогтарды ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді зерттеу мониторингісінің нәтижесі);

      7) инклюзивтік білім алуға жағдай жасау (білім беру ұйымына бекітілген шағын ауданда тұратын жалпы бала санынан инклюзивтік білім берумен қамтылған, ерекше қажеттілікті талап ететін бала үлесі);

      8) соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері, орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы (жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесінің серпіні);

      9) білім беру сапасын басқару (оқушылар мен ата-аналар қажеттілігінің білім беру мониторингісінің нәтижесі негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау, білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметінің нәтижелілігі);

      10) білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері (оқу жетістіктерін сыртқы бағалау, ұлттық бірыңғай тестілеу және халықаралық зерттеулер рәсімдерінің нәтижесі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын дамыту және қалыптастыру критерийлері, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі);

      11) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру (халықаралық ұйымдармен жасалған шарттар саны, халықаралық жобаларға қатысқан оқушылар мен педагогтар үлесі).

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.07.2024 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия облыстық (Астана, Алматы және Шымкент қалаларының) деңгейдегі конкурстық комиссияның қарауына материалдарды, сондай-ақ мектеп атауларын көрсете отырып, аудандық (қалалық) конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме жолдайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.07.2023 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Грант беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың отырыстары егер оған құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.

      14. Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.

      15. Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды:

      1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;

      2) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.

      Өтінімдер нысанын жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

      16. Конкурстық комиссияның қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар "Гранттар конкурсы" деген белгі қойылған конвертте қабылданады.

      17. Құжаттарын құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      18. Тиісті деңгейдің конкурстық комиссиясы ұсынылған құжаттар негізінде конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.

      19. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарау негізінде жеңімпазды анықтайды және грант беру туралы шешім қабылдайды.

      20. Әр деңгейдегі конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, дауыс беруге қатысқан комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және мүшелері қол қояды.

      21. Конкурс жеңімпаздары "Орта білім беретін үздік ұйым" конкурсының лауреаты" атты арнайы құрмет дипломымен және грант алғаны туралы сертификатпен марапатталады.

      Диплом мен сертификаттың нысандарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

      22. Грантты төлеу конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      23. Грант мөлшері республикалық бюджет қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін құрайды.

      24. Конкурстық негізде "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері Грантты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсайды.

Об утверждении правил проведения конкурса на присуждение гранта "Лучшая организация среднего образования" с установлением размера гранта и порядка его присуждения

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 544. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 февраля 2015 года № 10178.

      Сноска. Заголовок приказа в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.01.2016 № 67 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 25) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра просвещения РК от 03.07.2023 № 194 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения конкурса на присуждение гранта "Лучшая организация среднего образования" с установлением размера гранта и порядка его присуждения.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.01.2016 № 67 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту дошкольного и среднего образования, информационных технологий (Жонтаева Ж.А.) обеспечить:

      1) в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) официальное опубликование настоящего приказа в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет" после прохождения государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Имангалиева Е.Н.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Саринжипов


  Утверждены
приказом Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 26 декабря 2014 года № 544

Правила
проведения конкурса на присуждение гранта
"Лучшая организация среднего образования" с установлением
размера гранта и порядка его присуждения

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра образования и науки РК от 22.01.2016 № 67 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения конкурса на присуждение гранта "Лучшая организация среднего образования" с установлением размера гранта и порядка его присуждения" (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 25) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" и определяют порядок проведения конкурса на присуждение гранта "Лучшая организация среднего образования" с установлением размера гранта и порядка его присуждения.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 03.07.2023 № 194 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) организаторы конкурса - местные исполнительные органы в области образования;

      2) грант "Лучшая организация среднего образования" (далее - Грант) - деньги, выделяемые ежегодно местными исполнительными органами области, города республиканского значения и столицы государственным организациям среднего образования по итогам конкурса на основе рейтинговых показателей;

      3) рейтинговые показатели - критерии, устанавливаемые настоящими Правилами, которым должны соответствовать государственные организации среднего образования.

      3. Конкурс на присуждение гранта "Лучшая организация среднего образования" с установлением размера гранта и порядка его присуждения (далее - Конкурс) проводится ежегодно местными исполнительными органами в области образования.

      4. Конкурс проводится с целью выявления, обобщения и распространения эффективного педагогического и управленческого опыта, стимулирования профессионального и личностного роста педагогов и руководителей организаций среднего образования, выявления тенденций развития системы среднего образования в Республике Казахстан.

      5. Грант присуждается победителям Конкурса - лучшим государственным организациям среднего образования.

2. Порядок проведения конкурса на присуждение гранта "Лучшая
организация среднего образования" с установлением размера
гранта и порядка его присуждения

      6. К участию в Конкурсе допускаются государственные организации среднего образования (далее - организации образования) всех видов.

      7. Конкурс проводится в два этапа:

      "I этап - районный (городской), проводится ежегодно в апреле месяце, где определяются участники Конкурса, рекомендуемые для участия во втором этапе;

      II этап - областной, городов Астаны, Алматы и Шымкент, проводится ежегодно в мае месяце, где определяются победители Конкурса.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 03.07.2023 № 194 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      8. В целях организации и проведения Конкурса на каждом уровне местными исполнительными органами в области образования решением акима области (города республиканского значения и столицы), района (города) создается конкурсная комиссия под председательством заместителя акима области (города республиканского значения и столицы), района (города), курирующего вопросы образования.

      9. В состав конкурсных комиссий I и II этапов входят специалисты областных (города республиканского значения и столицы), районных (городских) органов в области образования, опытные педагоги, методисты, психологи, представители общественных организаций, деятели науки, сотрудники департаментов по контролю в сфере образования.

      10. Объявление о проведении Конкурса публикуется местными исполнительными органами в области образования в периодических печатных изданиях не менее, чем за месяц до начала проведения Конкурса и должно содержать:

      1) дату, время, место и порядок проведения Конкурса;

      2) место и сроки приема документов.

      11. Для обеспечения конкурентоспособности казахстанского образования и достижения высоких рейтинговых показателей отбор участников Конкурса осуществляется конкурсной комиссией по следующим критериям:

      1) внедрение информационно-коммуникационных технологий обучения (эффективное использование современных образовательных технологий, количество учащихся на 1 компьютер, подключение к Интернету, доля обеспеченности предметными кабинетами новой модификации);

      2) обеспечение доступности качественного образования (доля выпускников, получивших аттестат об общем среднем образовании "Алтын белгі", доля выпускников, получивших аттестат об общем среднем образовании с отличием, доля детей, охваченных дополнительным образованием);

      3) кадровое обеспечение образовательного процесса (прохождение курсов повышения квалификации педагогов один раз в 5 лет, доля педагогов, прошедших курсы повышения квалификации по применению информационных коммуникационных технологий и по уровневым программам, доля педагогов, преподающих предметы естественно-математического цикла на английском языке, динамика доли молодых специалистов, прибывших для работы в организацию образования в текущем году, доля педагогов с высшей и первой категорией, доля педагогов-участников районных (городских), областных, республиканских и международных конференций, семинаров, форумов, выставок, смотров, педагогических чтений, участие в экспериментальных, исследовательских, прикладных работах, научных проектах (программах), экспертизе учебных и методических изданий, наличие авторских пособий, программ, научных разработок, публикаций, внедрение передового педагогического опыта, обеспечение профориентационной диагностики склонностей учащихся);

      4) материально-техническое обеспечение, оснащение и оборудование организаций образования (эффективность и результативность финансирования, рациональность и пропорциональность распределения средств);

      5) создание условий для сохранения здоровья обучающихся, обеспечение безопасности и создание условий охраны труда участников учебно-воспитательного процесса (охват обучающихся деятельностью спортивных секций в организациях образования, обеспечение бесплатным витаминизированным горячим питанием учащихся из числа малообеспеченных семей, динамика заболеваемости обучающихся, соответствие условий обучения санитарным правилам и нормам, наличие штатных должностей школьных инспекторов, психологов и социальных педагогов, турникетов и камеры видеонаблюдения);

      6) создание условий для профессиональной и личностной самореализации педагогов и руководителей (наличие информационно-методического пространства в организации образования, обеспеченность педагогов средствами информационных коммуникационных технологий, результаты мониторингового исследования качественных изменений в профессиональной деятельности учителей, прошедших повышение квалификации по уровневым программам);

      7) создание условий для получения инклюзивного образования (доля детей с особыми потребностями, охваченных инклюзивным образованием, от общего числа детей, живущих в микрорайоне, закрепленных за организацией образования);

      8) высокие рейтинговые показатели в обучении учащихся за последние три года, особенность миссии организации образования (динамика доли учащихся, успешно освоивших общеобразовательные учебные программы);

      9) управление качеством образования (принятие управленческих решений на основании результатов образовательного мониторинга потребностей учащихся и родителей, результативность деятельности попечительского совета организации образования);

      10) результаты внешней и внутренней оценки качества образования (результаты процедур внешней оценки учебных достижений, единого национального тестирования и международных исследований, критерии формирования и развития функциональной, математической, естественнонаучной и читательской грамотности учащихся, доля учащихся, призеров областных, республиканских и международных олимпиад и научных соревнований школьников);

      11) осуществление международного сотрудничества (количество договоров с международными организациями, доля учащихся и педагогов, участвующих в международных проектах).

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра просвещения РК от 31.07.2024 № 195 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. По итогам I этапа Конкурса конкурсная комиссия направляет на рассмотрение конкурсной комиссии областного (городов Астана, Алматы и Шымкент) уровня материалы, а также выписку из протокола заседания конкурсной комиссии районного (городского) уровня с указанием наименований школ.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции приказа Министра просвещения РК от 03.07.2023 № 194 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      13. Заседания конкурсных комиссий по присуждению гранта считаются правомочными, если на них присутствовали не менее двух третей их состава.

      14. Результаты голосования определяются большинством голосов членов комиссии. Голос председателя является решающим при равенстве голосов членов комиссии.

      15. Для участия в Конкурсе организации образования подают в конкурсную комиссию следующие документы:

      1) заявку на участие в конкурсе;

      2) представление соответствующих материалов согласно критериям, указанным в пункте 11 настоящих Правил.

      Форма заявок устанавливается местными исполнительными органами.

      16. К рассмотрению конкурсной комиссией принимаются документы, представленные в установленные сроки приема, в конверте с пометкой "Конкурс грантов".

      17. Организации образования, представившие документы позже установленного срока приема документов, к участию в Конкурсе не допускаются.

      18. На основании представленных документов конкурсная комиссия соответствующих уровней проводит регистрацию участников Конкурса.

      19. По результатам рассмотрения представленных материалов конкурсная комиссия определяет победителя Конкурса и принимает решение о присуждении гранта.

      20. Решение конкурсной комиссии на каждом уровне оформляется протоколом, подписывается председателем, заместителем председателя, секретарем и членами комиссии, принимавшими участие в голосовании.

      21. Победители Конкурса награждаются специальными почетными дипломами "Лауреат конкурса "Лучшая организация среднего образования" и сертификатами о получении гранта.

      Формы диплома и сертификата утверждаются местными исполнительными органами.

      22. Выплата гранта осуществляется по решению местных исполнительных органов за счет средств местных бюджетов по итогам Конкурсного отбора.

      23. Размер гранта составляет восьмисоткратный размер минимальной заработной платы за счет средств республиканского бюджета, установленного законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.

      24. Государственные учреждения среднего образования, получившие на конкурсной основе грант "Лучшая организация среднего образования", расходуют грант на улучшения материально-технического оснащения организации образования и научно-методическое обеспечение образовательного процесса.